?ызы?ты география ?лемінде та?ырыбында
Тақырыбы: «Қызықты география әлемінде»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету.
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылықпен, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жолдастарына көмек беру, табиғатты суюге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Барысы: География пәні-өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық-жер бетін, планетамызды, табиғатты, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. География пәнінің және бір ерекшелігі-оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олай болса, осы мектептің 6 А,Б,В сынып оқушылары арасында «Қызықты география әлемінде» айдарымен ұйымдастырылған географиялық интеллектуальды сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз мынадай турлардан тұрады:І. тур «Не? Қайда? Қашан?»ІІ. тур “Ең... Ең... Ең...”ІІІ. тур “Тапқыр болсаң, тауып көр”. Капитандар сайысы.ІV. тур“Кім білгіш”
5 баллдық шкаламен есептелінеді
Ал ендеше оқушыларымызға адал баға беретін әділ қазы алқаларымен таныстырып өтсек:Биология пәнінің мұғалімі: География, биология пәндерінің мұғалімі: Оқу ісінің меңгерушісі:
І турНе? Қайда? Қашан?Тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз дайын болса, алдарыңыздағы жалаушаны көтересіздер.Егер жауап қате болса, келесі дайын топ жалаушасын көтеріп жауап берулеріне болады. Ал ұпай дұрыс жауап берген топтың еншісінде болады1-топ 1. География ғылымы нені зерттейді?(Грек тілінен гео –жер , графо –жазу) жер шарының табиғат құбылыстарын, ерекшеліктерін , экономикасын зерттейді.)2. География неше салаға бөлінеді?(2 физикалық экономикалық)3. География ғылым ретінде қай жерде қалыптасты? (Ежелгі Грекияда)4. Глобусты кім ойлап тапты , қай ғасырда?(Мартин Бехайм 15 ғасырда)5. Ұлы географиялық ашулар заманы қай ғасырлар?(15 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың ортасы)6. Жер шарын алғаш айналып шыққан саяхатшы?(Фернан Магеллан)7. Күнге ең жақын нүкте мен ең алыс нүкте ?(Афелий , Перегелий)8. Жер Күнді орбитамен қанша уақытта айналып шығады?(365 күн , 6 сағат)9. Азимут дегеніміз не?(Белгілі бір зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш)10. Масштабтың неше түрі бар?(3 түрі, атаулы , сандық, сызықтық)2-топ1. Жер шарының жалпы ауданы?(510.2 млн км 2)2. Материктерді аудандарымен атап беріңіз?(Еуразия 54 млн км2, Африка 30,3 млн км2 , Солтүстік Америка 24 млн км 2, Оңтүстік Америка 18 млн км 2, Антарктида 14 млн км 2, Аустралия 9 млн км23. 1820ж Антарктида материгін ашқан кімдер?(Лазеров пен Беленсгаузен)4. Дүние жүзіндегі ең жылы ағыс?(Гольфстрим)5. Географиялық бойлық дегеніміз не? (жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы)6. Меридиандар мен параллельдердің қиылысуынан не пайда болады?(Градустық тор)7. Жердің сыртқы құрылысын ата?(Атмосфера, гидросфера, биосфера)8. Жер шарында неше литосфералық плита бар?(7)
9. Дүниежүзілік мұхиттарды ата (Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды)
10. Атмосфера қабаттары (трапосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера)
3-топ1. Каспий маңы ойпаты қай жерлерді алып жатыр?(Қазақстанның батыс аймақтарын алып жатыр)2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні?(16 желтоқсан)3. Қазақстан Республикасында неше облыс бар ?(14 облыс бар)4. Қазақстан Республикасы аумағы бойынша нешінші орында, қай мемлекеттерден кейін?(9-шы,Ресей, Қанада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина)5. Жер қыртысын түзетін тау жыныстары (магмалық, шөгінді, метаморфтық)6. Жер қыртысын ата (литосфера)7. Жердің ішкі құрылысы (ядро, ішкі ядро, мантия)8. Карталар қаншаға бөлінеді? (мазмұнына ,масштабына қарай)9. Географиялық карта дегеніміз не ?(жер бетінің шартты түрде жазыққа түсірілген бейнесі)10. Жердің нақты үлгісі (глобус )ІІ турЕң, Ең, Ең, ...Бұл турда сұрақтар ауызша оқылады.1 Минутта көп сұраққа жауап беру тексеріледі1-топ.1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)2. Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)7. Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000 км)8. Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)9. Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)10. Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
2-топ1. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)2. Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі (7,5 тонна)3. Әлемдегі ең ауыр жылан-Анаконда (200 кг)
4. Африкадағы ең терең көл-Танганьика (1470 м)5. Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)6. Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)7. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)8. Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)9. Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)10. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)
3-топ1. Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м)
2. Солт. Америкадағы ең үлкен ел-Канада (9млн 970 мың км²)3. Солт. Америкадағы ең үлкен көл-Жоғарғы көл (82103 км²)4. Солт. жарты шардағы ең суық жер-Оймякон (-71°С)5. Әлемдегі ең жылы қуатты ағыс-Гольфстрим6. Әлемдегі жерінің аумағы жағынан ең үлкен ел-Ресей7. Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка8. Әлемдегі ең тез өсетін шөп-Бамбук (күніне 1м өседі)9. Әлемдегі ең кіші мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит10. Әлемдегі ең ір құс-Африка түйеқұсы
ІІІ Тур Тапқыр болсаң, тауып көр! Берілген қималарды құрастыру арқылы белгілі бір материкті құрастырып,қандай материк екенін анықтап, соның ішінен бір мемлекетке сипаттама беруГеографиялық орнына, астанасы,мемлекеттік тілі,халқы жалпы ерекшеліктері жайлы айту. IV тур“Білгенге маржан” Әр топқа белгілі бір мемлекеттердің туларын суреттерін көрсету арқылы сол мемлекеттін атын , астанасын айтуларыныз керек!Сайыс міндеті – жеңу,Оқу міндеті –білу.Кім жеткенін мәреге,Қалды бізге білу. – олай болса турнир қортындысын төрешілерден білейік.Турнир қортындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталып, географиялық кеш қортындыланады.