Саба?ты? та?ырыбы: Векторлы? нысандармен ?арапайым амалдар ??ру
Пән аты: Информатика Бекітемін: ................................
Сабақ _23__ Сынып: _7___Мерзімі ___________Пән мұғалімі ...........................
Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру қызметімен танысу.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымадстыру кезеңі.
1) Сәлемдесу.
2) Оқушыларды түгелдеу.
3) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
4) Компьютерлерді қосу.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Inkscape графикалық редакторында фигура салуға арналған қандай құралдар бар?
Тік төртбұрыштың биіктігі мен көлденеңінің нақты мәнін см – мен қалай анықтауға болады?
5 тармақты жұлдыз жасау алгоритмін сипаттаңдар?
52 –суреттегідей доға жасау үшін бұрышқа қандай мәндер беру қажет?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бұл амалдар ерекшелеу құралын қолдану арқылы орындалады. Нысан айнымалсында қара нұсқалар пайда болады. (54- сурет)
Тінтуірмен қайта шертіп, нұсқаулардың түрін өзгертуге болады.(55- сурет) Енді фигураны айналдыруға және түрлендіруге болады.
«+» таңбасы нысанның айналдыру орталығын анықтайды, оны тінтуірмен апаруға болады.
Бұл адамдардан басқа арнайы Нысан мәзірінің бұйрықтаын орында , нысандарды бейнелеуге және аударуға болады.
Нысандарды топтау.
Көптегкн амалдарды бір уақытта бірнеше нысандармен орындауға болады. Түсті, өлшемді өзгертуді, көшірме жасауды және т.б.
Барлық нысандарды Ctrl+G пернелер үйлесімін басу арқылы немесе ерекшелеу құралы арқылы, Shift пернесін басып тұрып, нысанды тінтуірмен шерте отыры, ерекшелеуге болады.
228219068580Нысандарды топтастыру Нысан Топтастыру бұйрығы арқылы орындалады.
Inkscape графикалық редакторында фигура салу үшін арнайы құралдарды таңдау керек, пәнель параметірлерінде қажетті параметірлерді орнатып, контур және құйып бояу түстерін таңдап, кенепте созу қажет.
Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады:
Тікбұрыш тікбұрыштармен шаршыларды салуға арналған.
Көлемді тікбұрыш параллепипедтерді салуға мүмкіндік береді.
Эллипс элепистердің, доғалардың және дөңгелектердің кескінін салуға пайдаланлады.
Көпбұрыш тұйық көпбұрштармен жұлдыздарды салады.
Спираль спиральдарды салады.
Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растрлық графикалық редакторлар қолайлы, себебі растрлық кескіндер түстер градиациясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.
Қарапайым растрлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растрлық редакторлардың қатарына PaintBrush, Paint, Painter жатады.
IV. Сабақты бекіту.
Нысан көлемін өзгертетін алгоритмнің сипаттамасын жазыңдар?
Нысандарды топтау не үшін қажет және ол қалай орындалады?
Нысандарды бейнелеу қандай бұйрық арқылы орындалады?
Клон дегеніміз не?
Клондау амалының қосарлаудан айырмашылығы неде?
V. Үйге тапсырма беру. §23 қайталау
VI. Оқушыларды бағалау.