Баяндама: «Білім беру барысында а?паратты? –коммуникациялы? технологияларды пайдалану»


Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа
білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
«Білім берудегі АКТ» ұғымы  «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Білім беру барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану.  Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлкеттік бағдарламасында «... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек .  Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Менің проблемалық тақырыбым- оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және білім сапасын көтеру.
Негізгі көздейтін мақсатым:
Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру
Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету
Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту
Міндеттері:
Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу
Ағылшын тілін таңдаған мектеп түлектеріне ҰБТ-дан жоғары балл жинауға көмек беру.
Күтілетін нәтиже:
Қызығушылықты оятады
Сабақ беру әдісі өзгереді
Оқушылар ізденуге үйренеді
Уақыт тиімді пайдаланылады
Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз
Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.
Алғашқы жұмыс жылдары жаңа технологиялардың ішінде СТО технологиясы элементтерін сабақтарда тиімді пайдаланып, Орал қаласындағы №10 мектепте өткен облыстық конференцияда ашық сабақ көрсетіп, көптеген тәжірибелі ұстаздармен тәжірибе алмасып қайттым. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Мысалы, 8 сыныпта «Travelling» тақырыбында өткізген ашық сабағымдағы электронды оқулықты пайдалану жолдарын көрсетіп кеткенді жөн көріп отырмын. Алғашқы кезеңде аталған тақырып бойынша таныстырылған сөздер еске түсірілді. Артикльдердің түрлері мен қолданылуы қайталанылды. Жаттықтыру мақсатында бірнеше сөйлемдер талданды. Бөлім бойынша мәтін тыңдалып, мәтінге берілген жаттығулар орындалды. Сабақ соңы тест орындаумен аяқталды. Әр этап бағалау парағымен бағаланды. Нәтижесінде барлық оқушылар сабаққа қатысу белсенділігі мен орындаған тапсырмалар көлеміне қарай бағаланды.   
Осы жаңа технология стратегияларын интерактивті тақтаға енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан көрсетіп, оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.  
      Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Әсіресе, ағылшын тілі, орыс тілі мұғалімдері мультимедиа кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санайды. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды.
Алдын-ала слайд түрінде жасалған сабақтың мүмкіндіктері де молшылық. Мұның барлығы да мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты деп есептеймін. Мысалы, деңгейлік үлестірмелі тапсырмаларды оқушыларға ұсынатын болсақ, бірінен екіншісіне ауысқанша біраз уақытты қажет етеді. Ал оларды интерактивті тақтаға алдын ала енгізген жағдайда оқушылардың көз алдында үлкен көлемде көрсетіліп тұрады.
          Осы тақырыпты қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім:
қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек әлі де көбірек көрсетіліп, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстары да нақтылы әрі жан-жақты қолға алынса деймін.
     Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.