«?ЗІН-?ЗІ ТАНУ» П?НІН О?ЫТУДА?Ы ИНТЕРАКТИВТІ ?ДІС-Т?СІЛДЕР
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Архыматаева Нурила Жаксылыккызы
Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
1. Интерактивті оқытудың мәні
“Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек”
Ж.Аймауытов
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интер - активтi деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет, яғни "өзара әрекет” дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, "интерактивтi” деп атаймыз.
Интерактивті оқыту ең бірінші диалогтық оқыту, оқыту барысында оқушы мен оқытушы арасындағы өзара байланысуы.
Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.
Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
2.Интерактивті оқытудың мақсат, міндеттері
Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету,оқып үйрену жауап іздеуге бейімдеу.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
Интерактивті оқыту әдістерінің міндеттері:
оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауын жетілдіру
мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алу
теориялық алған білімін іс тәжірибеде қолдана алуды жетілдіру
өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру
топтық рефлексияны дамыту
ұжымдық ынтымақтастықты қалыптастыру уын,
өзара әрекет дағдыларын меңгерту
топтық жұмысқа дайындау
өзіндік рефлексияны дамыту
оқытудың икем-дағдыларды дамытуға бағытталу, ол деген Зерттеулер бойынша оқушылар "қолымен iстегеннiң 80 %, оқығанының 20%, естiгенiнің 10%, ғана есте сақтайды" екен. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені белгілі:
балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,
балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау,
оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату
іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде:
оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін,
оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын,
ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады.
интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:
дайын білімді қабылдап алу,
зерттеу барысында жаңалық ашу,
әр түрлі жағдайда әсерді сезіну
синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.
Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:
- Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);
- Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;
- Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;
- Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);
- Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);
- Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).
Қоғамның дамуы осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.
Интерактивті әдістің тиімділігі:
Өзіңе деген сенімділікке тәрбиелейді;
Шешендік өнері дағдылары қалыптасады;
Тыңдай білуге үйретеді;
Танымдылықтың маңызын түсінуге көмектеседі (үнемі абсолюттік шындық бола бермейді);
Сыни ойлауға дағдыланады;
Өз пікірінің айту құқығының бар екенін сезінеді;
Пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді;
Осының бәрі “Оқу шеберлігі” идеясына саяды.
Оқу шеберлігі – бұл барлық даму үстіндегі және озық елдердің азаматтарына қажетті ой еркіндігі болып табылатын дағды.
3. Өзін-өзі тануды оқытуда алатын орны
«Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесін қалыптастыру мақсатында білім беретін оқу пәні екені мәлім. Ендеше оқушыны жан-жақты саналы, өмірлік іскерліктерін қалыптасыру үшін интерактивті оқыту әдістерін пән сабақтарында қолданудың орны ерекше.
ИОӘ:
Оқу процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі
Мұғаліммен (оқушы мұғалімнің сұрағына жауап бергенде);
Жұппен жұмыс істеу;
Шағын топпен;
Үлкен топпен (рөлдік ойындар,пікірсайыстар, сыныптағы пікірталас);
Техника түрлерімен (компьютермен);
ИОӘ жүргізуде оқушы білуі тиіс Алтын ережелер
Басқалар сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеңіз.Өзіңіздің кезегіңізді күтіңіз.
Егер бірдеңе айтқыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз.Кімнің және қашан сөйлейтінін оқытушы таңдайды.
Идеяларды айтқан адамдарды емес, идеялардың өзін сынаңыз. (Жеке басқа тіл тигізбеңіз.)
Әркімнің де пікір білдіруге құқығы бар, сондықтан өте ұзақ сөйлемеңіз.
Кез келген пікірді қарсы алыңыз.
Кей жағдайда ең жақсы идеялар талқылау барысында туындайды.
Оқытушы біздің құқығымызды қорғайды және біздің жұмысымызға бағыт береді.
* Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет:
* Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
* Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.
* Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы қажет .
* Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
* Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
* Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
Интерактивтік әдісті жүргізу кезеңдері:
* Диагностика кезеңі- Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, қатысушы өзінің бұрыннан таныс білімдерін, тақырып туралы не білетіндерін, өзіне таныс мәліметтерді “миға шабуыл” әдісі арқылы ортаға салады, сонда қатысушының не білетіні, не білмейтіні анықталады.
Ізденіс тенденция кезеңі:
* Тыңдаушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып,”миға шабуыл” әдісі арқылы берілген тапсырмаларды кеңейтіп түсіндіру үшін, өз беттерінше оқулықпен немесе қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді.
Презентация (тұсау кесер кезеңі):
* 10-15 минуттан кейін әр топ өз мәліметтерін қорғайды,осыдан кейін, оқытушы әлі де жеткіліксіз жатқан жағдайлардан қосымша ақпарат береді;
* Жаңа тақырып толық түсіндірілгеннен кейін пікір сайыс, рөлдік ойын, т.б. интерактивті әдістер арқылы жаңа тақырыпты бекітіп, пысықталады;
Интерактивті оқыту әдістерін қолданудың техникасы:
1.Ұқсастық немесе айырмашылық
Бұл тапсырмада оқушыларға екі оқиғаны қарастыру ұсынылады және олардың қай белгілері ұқсас, қай белгілері өзгеше екендіктерін жазулары керек.
Мысалы: Абай мен Шәкәрім көзқарастарының ұқсастығы мен айырмашылығын жазу немесе айту.
(Жұппен жұмыс)
2.Салалау (ранжирование)
Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылардан бірқатар пайымдауларды қарастыруларын, олардың әрқайсысының басқалармен салыстырғандағы маңыздылығына немесе құндылықтарына қатыстығын анықтау талап етіледі.Оқушылардың әр түрлі дайындық деңгейлеріне байланысты олардың пікірлерінде де айырмашылықтар болады, өздерінің көзқарастарын түсіндіру барысында және басқалардың көзқарасымен танысу арқылы олар мәселені тереңірек әрі жүйелі түрде түсінеді.
Тапсырма: “Мен үшін не маңызды?”
Тіл / ана / білім / кітап / халық
Осы тізімнен 3 сөзді таңдап алып, оларды сіз үшін маңыздылығы жағынан орналастырыңыз.
3.Сәйкестікті іздеу.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардан сөздерге немесе түсініктерге сәйкес сипаттамаларын анықтау талап етіледі.Бұл тапсырманы оқушылар қиын мәтінмен таныспас бұрын берген дұрыс.Бұл ұғымдардың мағынасын бекіту үшін берілетін жақсы тапсырма.
Тапсырма “Сәйкестікті іздеу”
4.Беделбелгі (рейтинг)
Оқушылардан баға түрінде берілген бірқатар пайымдаулар мен критерийлердің деңгейлерін қарастыру талап етіледі.Олар әр түрлі пайымдауларды қандай деңгейге жатқызу керектігін шешу керек.(Әбден келісемін, келісемін, білмеймін, келіспеймін, мүлдем келіспеймін)
Тапсырма “Бірігіп жұмыс істеу”
№ пікірлер менің пікірім
1 Оқушылардың топтарда бірігіп жұмыс істеуі мұғалім үшін қиынға соғуы мүмкін, бірақ қызығы да мол.
2 Бірге жұмыс істеу арқалы біз басқа оқушылардың да ойын біле аламыз.
3 Бірігіп жұмыс істеудің ең басты шарты – тыңдай білу.
5.Жіктеу
Бұл тапсырмада оқушыларға бірқатар пікірлерді жіктеу ұсынылады.Нәтижесінде олар ұсынылған критерийлердің мағынасы туралы көбірек білетін болады.Мұндай жаттығулар жиі пікірталастар туындатады және оқушыларға ұқсас, бірақ қарама - қайшы ұғымдарды түсіну үшін пайдалы.
Тапсырма “ Жіктеу”
Санаттар: қайырымдылық / бауырмалдық / әдептілік / ізет/
кешіріңіз /барлығы жақсы болады/сен мен үшін аса қымбатсың /өтіп кетіңіз /
6.Қорытындылау
Бұл тапсырмада оқушылар шешуші сәттерді анықтап, әртүрлі тәсілдермен оларды орындап жазулары қажет.Қорытылған ақпараттар тізім, шығарма, кесте, график, сызба т.б. түрінде болуы мүмкін.
Тапсырма: “Сүйікті ертегілер”
Қызыл телпек туралы ертегіні оқып шығып, мазмұны бойынша үш сурет салыңыз да, қорытынды ретінде бірнеше сөйлем жазыңыз.Бірінші суретте және сөйлемде ертегінің басы, екіншісінде – оқиғаның дамуы, үшіншісінде – ертегінің аяқталуы көрсетілуі тиіс.
7.Дұрыс/бұрыс
Бұл тапсырманы орындауда оқушылар тұжырымдарға зер салып, олардың дұрыс немесе бұрыстығын шешеді.Бұл ескі ұғымдарды бекітіп, оқушыларды негізгі құжаттардағы қажетті жауаптарды іздеуге жұмылдырудың және олардың түсініктерін тексерудің жақсы тәсілі болуы мүмкін.Әдетте осының нәтижесінде көптеген пікірталастар туындайды.
Тапсырма “Дұрыс па?”
№ Пікірлер дұрыс/бұрыс
1 Бала экономикалық қанаушылықтан қорғану құқығын иеленеді.
2 Біздің ауылдың/қаланың барлық адамдары еңбексүйгіш.
3 Заң алдында барлығы тең.
4 О.Сүлейменов Қазақстанда тұрады
8.Дұрыс немесе өзгертуді талап етеді.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар пайымдауларды қарастыра отырып, олардың дұрыстығын шешеді.Дұрыс емес болған жағдайда оларды дұрыс болатындай етіп көшіріп жазулары керек.Бұл тапсырма оқушылардың ұсынылған пайымдаулардың мағынасын анықтауға бағытталған.Өз кезегінде ол өмір мен теорияны жақындатуға жақсы көмектеседі.Ол дұрыс/бұрыс түріндегі қарапайым тапсырмалдарға қарағанда, ақыл – ой жұмысын талап етеді.
Тапсырма: “Қателерді түзеу”
Төменде берілген сөйлемдер дұрыс па? Егер дұрыс болмаса, дұрыс болатындай етіп қайтадан жазыңыздар.
1.Велосипедтің екі аяғы бар.
2. Бауырмал жан адамдарды аялайды, итті бауырына басады
Сиыр шөп береді және сүт жейді.
3. Қайырымдылық жасау –міндет, заңды сақтау-қайырлы іс
9.Зерттеу және есеп беру.
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар олардан не талап етіліп отырғанын жақсы түсініп, кейіннен өздерінің ортасында зерттеу жүргізулері қажет.Егер барлық қажетті ақпаратты өз қоғамдастығыңыздағы адамдармен әңгімелесу арқылы ала алатын болсаңыз тіпті жөн болады.Жасалған жұмыс туралы есепті шығарма, кесте немесе баяндама түрінде беруге болады.
Тапсырма: “Өмір сүру салты”
Өзіңіздің ата - әжеңізден олардың жастық шақтағы өмір сүру салтымен сіздің өмір сүру салтыңыздың айырмашылығын сұраңыз.Сұрай нәтижесі бойынша есептеме жазыңыз.
10.Рөлдік ойын
Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін оқушылар белгілі бір рөлді орындауы керек.Мысалы, олар өздерін әкімдік қызметкер ретінде елестетіп көрсін.Бұл тапсырманы орындау қиынға соғуы мүмкін, сондықтан оны бермес бұрын оқушыларды тақырыппен, рөлмен және қарым – қатынас әдісімен тиянақты түрде таныстыру қажет.Бірақ, егер бұл тапсырма ойдағыдай орындалатын болса, әсіресе оқушылар соңында не болғанын, не үшін болғанын талқыға салып, тыңдайтын болса, оның тиімділігі артады.
Тапсырма: “Жеке адамдар арасындағы дау- дамай”
Айжан мен Әсел сыныптас.Екеуінде «Өзін-өзі тану» пәнінен бір – ақ оқулық бар.Олардың арасында сол оқулықпен сабаққа бірінші болып кім дайындалу керектігі жайында дау туды.Ол аз болғандай, мұғалім де тапсырманы ертеңге берді.
Қорытындылай келе интерактивті оқыту бір мезетте бірнеше сұрақтарды шешуге жол береді. Ең бастысы ол іскерлік қатынастарды және дағдыларды дамытады. Балалар арасында қызық та қызу контактілер құру, тәрбиелік маңызы зор. Өйткені командада (топта) жұмыс атқаруды үйретеді. Басқа біреудің ойын, пікірін сыйлауға жетелейді.Біз өмір сүріп отырған әлем үнемі жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік орта, онда қарым – қатынастық және ақпараттық технологиялардың кірісуі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгеруді, қазіргі маман ақпараттық және қарым-қатынастық технологияны пайдалануға дағдылануға, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылық пен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.
Әдебиеттер:
ҚР «Білім туралы заңы».
Подласый И. Педагогика/новый курс. М., 2008