Коучинг та?ырыбы: «Тиімді о?ыту моделі бойынша м??алімдерді? ?з идеяларына зерттеу жасауы ж?не салыстыруы».
Коучинг тақырыбы: «Тиімді оқыту моделі бойынша мұғалімдердің
өз идеяларына зерттеу жасауы және салыстыруы».
Мақсаты: Мұғалімдердің сыни ойлауын қалыптастыру. Мұғалімнің мінсіз мұға лім туралы қалып тасқан ұстанымдарын зерттеу және талдау нәтижелерімен салыстыру
Күтілетін нәтиже: «Құзыретті» мұғалім моделін анықтайды. Сапалы оқыту ұғымында мектеп тәжірибесімен зерттеу нәтижелерінің шектеулі екенін ұғынады.Коучинг сабақта топқа бөлу, постер құру, диалог құрастыру, бейнефильм көру, рефлексия жазу, тренинг сияқты жұмыстар 5905590170жасалынды.
Өткізілген әрбір коучинг мен сабақтарға рефлексия жасалынып, кері байланыс алынып отырылды. Әрбір өткізілген коучинг сессиядан кейін мұғалімдердің жазған рефлексиясын жинақтап, тәлім алушыммен кәсіби сұхбат барысында талдау жасадық. Мұғалімдердің сабақ беру үдерісінде қандай қиындықтары, қажеттіліктері бар екендігі назарға алынып, зерттеу жүргізіліп, қайта жоспарланып барылды. Мұғалімдерге сабақтарға жеті модулді кіріктіру, мақсат мен табыс критерийлерін белгілеу, орта және қысқа мерзімді жоспар түзу, оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру, белсенділігін арттыру, формативті бағалау арқылы қадағалау және интерпретация дағдыларын дамытуға ұсыныстар берілді. Әр коучингтен кейін тәлім алушылардың сабақтарына еніп, мұғалімдердің коучингте үйренгендерін сабақтарда қалай қолданып отырғанын бақылап, жол берген кемшілік пен жетістіктерді талқылап бардық.
Оқушыларды оқытуда ХХІ ғасырдағы мұғалім қандай іскерлік дағдыларды алдымен өзі игеруі қажет, қалай игеру қажет, оқушыларды қалай оқу керектігіне үйретуі үшін өзі нені білуі керек? деген мектеп, мұғалім, ұжым үшін ортақ мәселелерден, маңызды ортақ бағыттан шығу қажеттігін түсіндім. Осы мақсатты жүзеге асыруда диалогті оқытудың маңыздылығын түсіндіру арқылы оқу үдерісінде оқушының ауызша сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту арқылы нәтижеге қол жеткізуге, формативті бағалауды пайдалана отырып ынталандыруға болатындығын жеткізуге тырыстым.
Кәсіби әңгіме туралы, ол не мақсатта жүргізіліу туралы тоқталдым. Әрбір сабақтан соң рефлексия жаздырып алдым. Сыныптарда оқытуды басқару, орта мерзімді жоспарлау және бағалау тақырыптары оларға таныс және олар осы тақырыптарда жұмыстар атқарылды. Олар мектепте мұғалімдерді басқару, бірлескен топтық жұмыс, коучинг және тәлімгерлік, іс – әрекеттегі жоспар, мектепте оқытуды басқару және желілік қоғамдастық , мектеп көшбасшылығы, желіні кеңейту, мектепті дамыту жоспары тақырыптарына үлкен қызығушылықпен қатысты. Әр тақырыпты өткенде менторлар өздеріне керек мағлұматтарды жазып алып отырды. Керек құжаттарды бар болса электрондық варианттарын презентацияларды алып пайдаланды. Өз пікірлерін керек жерлерінде айтып қорғады. Ең алдымен өзім шеберлік сағаттары өттім. Мұғалімдер сабақтарға қатысып өздерін қызықтырған сауалдар бойынша сұрақтар қойды, ОМЖ және Қмж түзу туралы кеңесіп алдық. Сонымен қатар тәлімгерлерден тәлім алушылар мен бірлесіп жоспарлар түзіп сабақтар өтуін сұрандым. Жоспарлау кезінде білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, жеті модуль, іс – әрекеттегі зерттеу, тақырыптарына тоқталдық. Блум таксономиясы, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар туралы тақырыптарға ерекше тоқталып және түзіп көрсеттік.
Әр коучингте коучерлер топтық жұмыстар орындады , сабақ барысында сергіту сәттерінен пайдаландық.
Олар постерлер жасап қорғады, сабақ соңында рефлексия жазды.
Орта мерзімді жоспарда сабақтың тақырыбы жазылады, онда оқып үйренудің негізгі мақсаттары , оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер, модульдердің кіріктірілуі, оқып үйренудің нәтижесі, бағалау, негізгі дереккөздер жазылады. Орта мерзімді жоспарды түзгеннен соң қысқа мерзімді сабақ жоспарын түзуді үйреттік.
Коучингтің сәтті жағы: Бұл коучингте мұғалімдердің белсене қатысып, жұмысты бірігіп орындауы, формативті бағалауы, рефлексия жасауы, талдауы өте сәтті болды
Сәтсіз тұстары: тапсырмаларды өзімнің көп алуыма байланысты уақыттың жетіспеушілігі болып табылды.