Саба? жоспары: З?р т?зілу механизмі
№2
Сабақтың тақырыбы: Зәр түзілу механизмі. (Механизм образования мочи)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар зат алмасудың соңғы өнімінің организмнен шығу жолдары мен бөлінуінің маңызын түсініп алуы, бірінші және екінші реттік зәрдің түзілу механизмін талдау, организмнің біртұтастығы, ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығы туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытты жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Жалпы оқытудың білік, дағдысын дамыту:
ақпараттық оқыту: мазмұнды оқу, ақпаратты жинау және ашу дағдысын, тақырыпты және графикалық информацияны талдай білу, ой-тұжұрымын айта білу;
интеллектуальды-оқыту: негізгісін анықтай білу, жалпылай білу, салыстыру, ұқсастықтарды анықтау;
коммуникативті-оқыту: белсенді тыңдау дағдысын; топта ой бөлісу дағдысын полилогта жұмысын істеу дағдысын;
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,оқулық, бүйректің микроскопиялық құрылысы.
Тақырыпты оқығаннан кейін оқушылар білу керек:
бүйректің басқа мүшелермен салыстырғандағы ерекшелігін;
бірінші реттік және екінші реттік зәрдің түзілу орнын, көлемін, құрамының айырмашылығын білу;
өз бетінше биологиялық ақпаратты таба білу, ИКТ-ны қолдана білу;
алған білімдерін практикада және күнделікті өмірде қолдана білу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі 1мин
2.Үй тапсырмасын сұрау, актуализациялау. 2мин
3.Жаңа сабақты оқу, тақырыппен жұмыс кезеңі.
-Балжан-тәуелсіз эксперт, жеке жұмыс; /сабақ бойы тақырыпты өз бетінше оқып, тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар құрастырады, басқа оқушылардың қиналған сұрақтарына эксперт болып түсіндірме жұмысын жүргізеді, егер ешкім жауап бере алмаса, жауапты толықтырады/
-Назира /оқушылардың жұмыс нәтижесін интерактивті тақтадан көрсетіп отырады, баллдарды қосу арқылы критерий бойынша бағаны шығару/
-Жигсо стратегиясы бойынша жұмыс істеу:
Эксперт тобы 10мин
Жұмысшы тобы 15 мин
Презентация 8мин
4.Тақырыптық тест тапсырмасын орындау; 3мин / тест тапсырмасы интерактивті тақтада флипчарт күйінде терілген/
5.Қатемен жұмыс 3мин
6.Бағалау 2мин
7.Үй тапсырмасын беру 1мин
Сабақтың графикалық схемасы:
Э
№1 №2 №3 №4
Ж
№1 №2 №3 №4
Эксперт топтары берілген тақырыпты 10мин оқып, өзара талдап, түсіндіріп, тақырып бойынша мағынасын ашатын сұрақтар құрастырады./оқулықпен жұмыс/
№1 эксперт тобы:
Ербол-көшбасшы
Жадыра- статист
Мадина –ой генераторы
Лаура –қорғаушы
№2 эксперт тобы:
Қуаныш-көшбасшы
Айым-статист
Серік –ой генераторы
Нұрбек –қорғаушы
№3 эксперт тобы:
Гүлдана-көшбасшы
Сабина- статист
Нұрзия –ой генераторы
Алмас –қорғаушы
№4 эксперт тобы:
Айдана-көшбасшы
Мерей- статист
Бекжан –ой генераторы
Айзада –қорғаушы
Жұмысшы топ мүшелері әр қайсысы өз тақырыбы бойынша эксперт болады, басқа топ мүшелеріне өз тақырыбын түсіндіріп, дайындаған сұрақтары бойынша пысықтайды, уақыт мөлшері 15мин./оқулықты пайдаланбайды, тек тақырыпты талдау кезіндегі жазып алған тірек-схемасын немесе суретін, кластерді ғана қолдануға болады/
Оқушылар өзара тақырыпты түсіндіріп біткеннен кейін алғашқы топқа қайтадан бірігеді, яғни эксперт тобына. Графикалық схемасы:
Эксперт Жұмысшы Эксперт
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
1мин Оқушыларды түгендеу, сабаққа мотивациялау Құрал-саймандарын дайындау,сабаққа зейін қою
Үй тапсырмасын сұрау
2мин Өткен материалдарды актуализациялау, сұрақ-жауап әдісі бойынша Сұрақтарға жауап береді, жауаптарын толықтырады, түзетеді./топ статисттері әр оқушының белсенділігін балл жүйесімен бағалап отырады/
Жаңа тақырыпты оқу кезеңі
10мин Оқушыларды үй тобымен отырғызу.16 оқушы, 4 топқа бірігеді.Әр топта 4эксперт оқушыдан, әр оқушының өз міндеті бар.Егер топта қиындықтар туындаса, Балжан және мұғалім көмектеседі.Уақыттың шектеулі екендігін айтады. Тақырыппен жұмыс: бастапқы кезде әр қайсысы жеке оқиды, екінші кезеңде өзара пікір алмасу жүргізіледі, талдау, сұрақтар құру.
Тақырыпты түсіндіру кезеңі
15мин Бірінші кезең бойынша уақыттың біткендігі туралы айтады, екінші кезең басталды. Жұмысшы топ құрылады, өзара түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Бекіту кезеңі
8мин Бастапқы эксперт тобына жинайды, әр топқа басқа топтың тақырыпшасы бойынша тапсырмалар береді. Берілген тапсырма бойынша презентация дайындайды, қорғайды.
Тақырыптың түсіну деңгейін анықтау кезеңі
3мин Тақырыпқа құрылған тест тапсырмаларын береді. Тест тапсырмасын орындайды
Қатемен жұмыс орындау
3мин Тест кілтін береді Өзара тексеру жұмысын орындайды, қатені талдайды.
Бағалау
1мин Қорытынды балл мен бағамен таныстыру Күнделіктеріне бағаларын қою
Үйге тапсырма §51 қайталау, §52оқу Күнделіктеріне жазу
Рефлексия
Бүгінгі сабақтың өтілуі және түсіну деңгейі туралы ой-пікірлерін сұрау Көңіл күйлерімен бөлісу.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. 8 сынып Биология «Мектеп» баспасы,2008жыл
2.8 сынып Биология «Атамұра» баспасы,2013жыл
3.9 класс Человек «Просвещение» 1996 жыл