Саба?ты? та?ырыбы: «денсаулык елине саяхат» Ма?саты: 1. О?ушыларды салауатты ?мір салтына беімдеу ж?не дене шыны?тыру саба?ына ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Сабақтың тақырыбы: «денсаулык елине саяхат»Мақсаты:
1. Оқушыларды салауатты өмір салтына беімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру.
2. Эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету.
3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: таяқша, баскетбол добы, секіртпе
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
-Сәлемдесу
-Оқушыларды түгендеу
-Оқушыларды сабаққа дайындау
-Бой жазу жаттығулары:
1) 5 минут жүру және жүгіру
2) Басты оңға, солға қозғалту
3) Қол жаттығулары
4) Бел жаттығулары
5) Аяқ жаттығулары т.б.
2. 2 топқа бөлу.
v Қызықты эстафета
Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сығар аяқтап секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.
v Доппен жарыс
Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.
v Сыңар аяқ ойыны
Екі команда ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.
v Таяқща және секіртпемен секіру ойыны
Бірінші ойыншы қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойп, серітпемен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай жалғаса береді.
v Бір-бірінің үстінен секіру ойыны
Сапта тұрған балалардың барлығы еңкеійп отырады да, соңғы бала олардың үстінен аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.
v Негізгі эстафеталық ойын
Бұл ойынға әр коандададн үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында тұрып, бір-бірден залды айналып жүгіріп, келесі ойыншыға таяқшаны береді. Қай команда этафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңске жетеді.
2. Қорытынды
Жеңіске жеткен топты марапаттау.
«Қ.Қайдосов атындағы орта мектебі» КММ
Өткізген: Сейтказиев А.Н
2016-2017 оқу жылы