Сыныпта?ы диалогты? т?сіл мен а?ымда?ы т?жірибеге к?з?арас.
.Сыныптағы диалогтық тәсіл мен ағымдағы тәжірибеге көзқарас.
Бұл тапсырмада өз сабақтарыңызда сыныппен жұмыс істеу кезінде диалогтық тәсілді қаншалықты жиі және қалай қолданатыныңыз туралы ойлануды өтінемін. Шын жауап беруіңізді өтінемін-бұл сіздің өзіндік даму үдерісіңіз үшін маңызды.Сіздің өз сыныбыңыздағы тәжірибеңізді қай салаларда дамыту қажеттігін өзіңіздің шешкеніңіз маңызды болып табылады.
Тәлім алушының аты жөні:----------------------------------------------------------------------------
«Тіл – оқыту мен оқуда негізгі рол атқарады»
Жоғарыдағы пайымдаумен сіз қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды жазыңыз.
Ағымдағы тәжірибені бағалау: сіз әдетте сыныппен қалай әңгімелесіз?
Барлық сынып үшін интерактивті оқытуды қолданатыныңызға мысал келтіре аласыз ба?
«Интерактивті ойлау» деген сөзді қалай түсінесіз? Интерактивті ойлау сіздің ағымдағы тәжірибеңіздің бөлігі болып табыла ма? Мысал келтіріңіз. Ағымдағы тәжірибеңізде көбінесе жеңіл немесе жеңіл және қиын дәрежедегі сұрақтар жиынтығын қолданатыныңызды айта аласыз ба? Мысалдар келтіріңіз. Өз жағдайыңызда , қабілеттері деңгейлері әртүрлі оқушылар үшін сұрақтарды саралағаныңызға мысал келтіре аласыз ба? Оқушының «дұрыс емес» жауабына Сіз қандай әрекеттер жасайсыз. Өзіңіздің ағымдағы тәжірибеңізде түсіндірме әңгіме жүргізесіз ба? Мысал келтіре аласыз ба? Сіз тәжірибеңіздің бір бөлігі ретінде топтық жұмысты қолданасыз ба? Соңғы кездегі бірнеше мысал келтіре аласыз ба? Өз жағдайыңызда оқыту мен оқуда диалогтік тәсілдерді қолдануда қандай қиындықтар туындауда?
Сауалнамаға қатысқаныңызға рахмет, сізге табыс тілеймін.