Ба?дарлама та?ырыбы: Машина ж?мыстары бойынша жатты?улар орындау Саба?ты? та?ырыбы: Шеттік тігістерді орындау?а жатты?улары.
Бекітемін:
дир. ӨОЖ орынбасары
___________________
№ 7 сабақ жоспары
Бағдарлама тақырыбы: Машина жұмыстары бойынша жаттығулар орындау
Сабақтың тақырыбы: Шеттік тігістерді орындауға жаттығулары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға біріктіруші (қосатын) тігістерді практикада үйрету
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, мамандығына деген
қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары,
оқушылардың жеке құралдары.
МТҚ: АТҚ
Пәнаралық байланыс: Технология, жабдық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау (30 – 35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: «Сәтті санды тауып көр»
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 -6985508000 ш 2 б с 3 ы 4 а і 5 т 6 у 7 8 -457209779000 қ ү 9 г 22+14+52+45+83+37+14
45+64+29+76
14+71+83+58
45+88+37+64
Бастыра тігу ашық түрі
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау: «Шеттік тігістерді практикада тігіп үйрену»
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау:
Шеткі тігістер
Бүгіп тігу ашық түрі
Бүгіп тігу жабық түрі
Жөрмеп тігу
Жиектеудің ашық түрі
Жиектеудің жабық түрі
Жаңа тақырып бойынша еңбек дағдыларын көрсету
Бүгу тігісінің ашық қиығы - бұйым етегі, жең аузында кездеседі. Тігіс ені 0,5 - 2,0 см
Бүгу тігісінің жабық қиығы - бұйым етегі, жең аузы, сетінейтін маталарда. Тігіс ені 0,5 - 2,0 см
Жөрмеп тігу шеттік шығаратын тігіс - жаға, қалта қақпақшасын тіккенде қолданады. Сырып тіккен бұйымды оң қаратын қол тігісімен қиғаш шеттік шығару. Тігіс ені 0,5 см. Шеттік ені - 0,1- 0,2 см
Жөрмеп тігілген, рамка шығаратын тігіс- рамкалы қалталарда қолданылады. Тігіс ені 0,5 - 0,7 см. Рамка ені 0,5 - 3,0 см
Жиектеу ашық түрі - матаны қиғаш бағытта 2-2,5 см қиып аламыз. Қиылған мата мен бұйымның оң беттерін беттестіріп, қосып тігеміз. Тігіс ені 0,4-0,5 см. Шеттік матаны айналдырып, көктейді, оң жағынан жиек шетінен 0,1 см безендіргіш тігіс жүргізіледі.
Жиектеу жабық түрі- матаны қиғаш бағытта 3-3,5 см қиып аламыз. Қиылған мата мен бұйымның оң беттерін беттестіріп, қосып тігеміз. Тігіс ені 0,4-0,5 см. Шеттік матаны айналдырып, көктейді, оң жағынан жиек шетінен 0,1 см безендіргіш тігіс жүргізіледі.
Кездесетін ақауларға көңіл аудару
Тігістің технология бойынша орындалуы
Тігіс сапасы
Қауіпсіздік ережелерінің сақталуы
Тақырып бойынша білімдерін бекіту:
Шеттік тігістердің түрлерін ата
Неге шеттік тігіс дейді?
Бүгіп тігудің неше түрі бар
Неге ашық және жабық қиықтар деп бөлінеді?
Ағымды нұсқау. Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:
Өндірістік сабағы барысында:
Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау
Технологиялық процесінің орындалуын бақылау
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау
Жеке нұсқау
Ү. Соңғы нұсқау (25 мин):
1.Өндірістік сабағын қорытындылау
«Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе,шеттік тігістерді практикада тігуді үйрендік»
2. Оқушылардың жақсы орындалған жұмыстарын атап өту
3. Жұмыс барысында кездескен ақауларды, олардың себебін және жою жолдарын талдау
4. Жабдықты, құрал – саймандарды, жұмыс уақытын, еңбек дағдыларын ұтымды қолдану жолдарын талдау
5.Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау
6. Үй жұмысын тапсыру
7.Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 ш 2 б с 3 ы 4 а і 5 т 6 у 7 8 қ ү 9 г 22+14+52+45+83+37+14
45+64+29+76
14+71+83+58
45+88+37+64