Оралхан Б?кейді? сырлы ?лемі
Оралхан Бөкейдің сырлы әлеміКөрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың –қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің,атақты едің, Нар едің-
Туған өлкең-өр Алтайдың өзіндей!
Сәуір айында «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетіне ерекше өз өрнегімен келген жазушы О.Бөкей шығармаларын оқудан байқау болып өтті. Байқауға 16-20 жас аралығындағы барлық талантты жастар қатысты. Байқау облысымызда он алтыншы рет өткізілгелі тұр. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды іздеп табу мақсатында ұйымдастырылған байқауға жастар өте көп қатысты. О.Бөкейдің «Өз отыңды өшірме», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Мұзтау»,«Жылымық», «Зағип қыздың» монологы сияқты т.б шығармаларын нақышына келтіре оқыған, көпшілік көңілінен шығып, әдебиет сүйер қауымды ерекше таланттарымен тәнті еткен жастарды көріп, әсіресе, ер балалардың көркем әдебиетке деген құштарлықтарын байқап, марқайып қалдық. Жазушының шығармаларын тыңдай отырып, өз заманын, сол кезде өмір сүрген қарапайым еңбек адамдарының өмірін, туған жерінің сұлу табиғатын арқау еткен, сонымен қатар, жазушының азаматтық тұлғасы, жазушының жолы-қиын да, қилы тағдыры туралы сыр шерткен шығармаларынан сусындап, рухани азық алып, өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығымыз арта түсті. Небір, талантты жастардың өнеріне қайран қалып, көркем әдебиетті сүйіп оқитын жастарды көріп, риза болып, көңілімізге көп нәрсе түйіп қайттық. Оралхан Бөкейдің сырлы әлеміне саяхат жасағандай әсер алдық, алдағы уақытта осындай жастарға ой салатын, жазушыларымыз бен ақындармыздың шығармашылық кештері көбірек өткізілсе, оқушыларымыздың көркем әдебиетке қызығушылықтары арта түспек. Адамның сезім тұңғиығына терең үңілген О.Бөкейдің шығармаларынан көпшілік қауым жақсы әсер алды деген ойдамын. Жазушы шығармаларын сүйіп оқитын жастар барда, қазағына арнаған, келер ұрпаққа аманат етіп қалдырған жазушы шығармалары, жазушының рухани өмірі мәңгі жасайды.
Онды орта мектебінің мұғалімі: К.Саржанова