Рабочие программы по самопазнание на тему Табигатпен біргеміз
«Табиғатпен біргеміз».
Мақсаты: балалардың «табиғат» «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- табиғатпен адам үйлесімділігі: оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру:
- табиғатқа қамқор бола білуге іскерліктерін дамыту;
- табиғатқа, өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі; Табиғаттың әдемілігі адам жанының тазалығы В.А.Сухомлинский.
Барысы:
- Балалар, табиғатты аң, құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамдарға үйретері мен оғындырары мол. Сондықтан табиғаттың сәні болған, тіршілікті жандандырған аң, құстардың табиғатқа бізге берген сыйы деп түсініп, оларға қамқор болумыз керек.Балалар, енді «жер», «су», «ауа», атты топтарға бөлініп, олардың адамға пайдасы және адамның оларға тигізер пайдасын әңгімелейміз.
Амандасу
Армысын аспан әлемі!
Армысын мейірімді жер ана !
Армысын менің достарым!
Сыйқырлы қобдиша «табиғатқа теңеп айту»
1-тапсырма: табиғаттың адамға пайдасы:
2-тапсырма: адамның табиғатқа пайдасы.
«Жер» тобы:
1-оқушы:Біз адамға нан, жеміс-жидектер береміз. Адам біздің қойнауымызға түрлі дақылдар егеді.Біз ол дақылдарды жомарт қолымызбен молынан қайырамыз. Біздің қойнауымызда әртүрлі жеміс,ағаш, шөп өсіп жетіледі. Қаншама аң-жануарлар, адамдар тіршілік етеді. Осылайша адамдар бізбен жомарттықты, дарқандықты үйренеді.
2-оқушы:Адамдар жер-анамызды қашаннан бері аялап келеді. Қойнауынан шығып жатқан байлығын пайдаланып қана қоймай оның тазалығына көп мән берген. Жерді анамыз деп қадірлеп отыруды өздеріне міндет санайды.
3-оқушы:
Байлығы мол жерміз
Қойнауы толы кеңбіз,
Топырағы құнарлы.
Азыққа мол жерміз
4-оқушы:
Мен жерімді сүйемін,Жеріме дән себемін.Ауа таза болсын деп,Жылда ағаш егемін.
Мұғалім:Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы.
Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жерқазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.»
Жер туралы видео
«Су» тобы:
1-оқушы: Біз барлық адамдарға, тірі жанға тіпті табиғатқа тазалыық сыйлаймыз. Гүлдер мен ағаштары жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береміз. Шөлдегенге сусын боламыз. Шаршағанның денесін сергітерміз. Біздің арқамызда жайқала өскен гүлдер мен өсімдіктер адамға сұлулық сыйлайды.
2- оқушы: Адамдар судың қадірін дақсы біледі.Су көздерінің таза болуына, бұлақ, бастауларының маңы бітеліп тынысы тарылмауына өз үлестерін қосады. Су көздерін ашып қана қоймай ол жерлерге ағаш егіп, гүл егіп көркейтеді.Адамдар суды үнемдеп пайдалануы да ұмытқан емес.
3 –оқушы:
Жаңбыр жауды ,
Қуанды ел
Құлпыра түсті туған жер
Егін шықты қалын боп,
Биыл қарбыз,қауын көп!
4-оқушы:
Су жүргізер тіршіліктің тамырын
Су жоқ болса, тірлік тамам,бауырым.
Судың мәнің,түсіндік түп маңызын,
Суды сақтап ұмытпайық қадірін.
5-оқушы:
Сусында әрі дем,
Біз емші бәріне
Жуынсаң сергітер,
Су-өмір жүрегі,
Деңсаулық тірегі.
Жаңбыр туралы видео
«Ауа» тобы:
1-оқушы:Адамның жақсы демалып, дұрыс тынығуына ауаның пайдасы мол. Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды.
2-оқушы: Адам баласы ауаның өз денсаулығы үшін керек екенін біледі. Сол үшін де ауаның таза болуына, улы заттармен бұзылмауына көп мән береді. Ауаны таза сақтайын өсімдіктерді де көп егіп күтімге алады.
3-оқушы:
Жер шар-ұлы әлем,
Қоршаған біздерді.
Ауадан тыныс ап
Өседі ырыс-бақ.
Денсаулық дауа да
Демге күш ауада
4-оқушы:
Ауа өсімдіке де,жануарларға да ,бүкіл тіршілік иелерінің бәріне керек.Түрлі тағамдардың бұзылмай сақталуына,үйдің ауасын тазартуға да ауа керек.Ауа -бар тіршіліктің көзі.
Ауа туралы видео
Сергіту сәті
Табғат тылсымдары видео
Сөзжұмбақ 3 топқа
1.Көзге ілінбейді,Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
2.Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
3.Шым - шытыр, Шидай қотыр. (Жұлдыздар)
4.Ат шаптырым аумағы,Байқалмайды салмағы.Мың кессең де ол мейлі,Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
5.Қараңғыда жымыңдайды,жанады,Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
6.Аяқсыз жетіп барады,Қолсыз есік қағады. (Жел)
7.Қанаты жоқ – ұшады,Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
8.Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Суретті бейнелеу «берілген суреттерден жыл мезгілін құрастыру»
Қорытынды: Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге.Өйткені оның жерінде дүниеге келіп,суын ішіп,ашық аспанда күн нұрына малынып,өсімдіктерімен тынығып,жаңбыр-қарының қызығын көріп,жан-жануарларынан тіршілікті үйреніп,өсіп жетіледі.Табиғат та адамның оны сақтауымен,қорғауымен,күтімімен дамып келеді.Демек олардың бір-бірінсіз өмір сүруі қиын. Сондықтанда табиғатымызды сақтайық,қорғайық,қамқор болайық.
Құмжарған орта мектебі
Тақырыбы: «Табиғатпен біргеміз»
(сыныптан тыс жұмыс)
Пәні : Өзін-өзі тану
Өткізген: Есбосинова А.К.
2016-2017 оқу жылы