Тіл дамыту Та?ырыбы Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі


«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
№2 Аманқарағай орта мектебі «ММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Үй жануарларының қысқы тіршілігіТәрбиеші:Куанышова А.Б.
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлардың қысқы тіршілігі. Сабақтың мақсаты: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.Жануарлардың аттарын көп және бір мағынада айтуға жаттықтыру.Балаларды жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап. Көрнекілігі: тақырып мазмұнына байланысты суреттер. 
Қызмет кезеңдеріТәрбиеші қызметіБалалар қызметіМотивациялық – қозғаушы 
Ұйымдастыру-ізденушілік-Амандасу Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
•    Балалар далада ауа-райы қандай?•    Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді:•    Қыстың ерекшелігі қандай?
•    Қардың түсі қандай?
-Жарайсыңдар, балалар.Ал енді орындарыңа отырыңдар. - Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты?
Сюрприздік сәт:( Бақташы ата)
Бақташы ата қонаққа келеді.Сәлеметсіңдер ме балалар?Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын, менің қолымда мынандай қоржыным бар, ал қоржында әртүрлі тапсырмаларым бар.
Сендердін білімдерінді тексеруге келдім.
Суретпен жұмыс•    Үйлеріңде қандай жануарлар бар?
- Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
Ал, балалар, үй жануарларының бізге көп пайдасы бар. Сондықтан бізде оларға қысқы аязда қамқорлық жасауымыз керек. Суретке назар аударайықшы. Үй жануарларына қысқы азық, жем, шөп дайындап, қорасын жылытып қоямыз Үй жануарларына қыста ересек адамдар қамқорлық көрсетеді. Қолдан шөп, жем, су беріп асырайды. 
. - Суық.
-Күз мезгілі. 
-Қыс мезгілі
-Қар жауады, аяз болып, боран соғады, т.б. -ақ
- Сиыр,қой,ешкі,жылқы,
түйелер жатады екен.
Дұрыс айтасыңдар. Малды адамдар тұрмыс жағдайына пайдалану үшін асырайды. Олардың пайдасы өте көп. Малдың сүті, еті, жүні, терісі бізге көп пайда әкеледі. 
Тыйым сөздер:
Малды теппе.Ақты төкпе.Малды ұрма.
Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?
•    Сиырдың баласын-•    Түйенің баласын-•    Жылқының баласын -
•    Қойдың баласын-•    Ешкінің баласын-- Балалар, Бақташы ата сендердің білімдеріңді байқау үшін көптеген тапсырмалар ала келіпті. Сыйлығы да бар екен.
1 тапсырма
Ойын: «Ненің дауысы»
Жануарлардың дауысы қосылады қай жануардың дауысы екенін тауып алу керек.
2 тапсырма
Ойын:(Оқушыларға жануарлардың суреттері таратылып беріледі. ) Суреттердің жартысын тап.
Балалар, мен сендердің алдарына жануарлардың суретін таратып бердім.Суреттін жартысын табу керексіндер.
Сергіту сәті. «Қошақаным» әні.
3 тапсырма.
Балалар жануарлар туралы тақпақ кім біледі?Кім айтады?
- бұзау дейміз.
- бота дейміз.
- құлын дейміз.
- қозы дейміз. 
- лақ дейміз.
1 бала
Құлын, құлын, құлыншақЖелкілдейді тұлымшақҚұйрығында құндызыМаңдайында жұлдызы.2-бала:
Мінезім жайлы сиырмын,Байлығымын бір үйдің.Етім - дәмді, сүтім - бал,Сырымды менің ұғып ал.
3-бала
АппақменіңлағымҚосқұлағы - шұнағым.Қарныңашыпқалдыма?Неге сонша жыладың?
4-бала
Айналайын, қозым,
Малдан жуас бозым.
Ұзап шық та үйден,
Оттығуды үйрен.
5-бала
Әукім, әукім, сиырым!
Мүйізіңнің сүйірі!
Шүйгін, шүйгін жерге келгелі
Шығып қапты бүйірің...
Жетекші-жөндеушіСұрақ –жауап әдісі арқылы балалардың білімін қорыту. 
Карточка
Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының төлдерін ата» Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар. Осы жануарлар төлдерінен адасып қалыпты, әр жануардың төлдерін атап қосып берейік.
Бақташы ата: Менің қайтатын уақытым болды. Сендер тапсырмаларды,өлеңді тақпақтарды жақсы айтады екенсіңдер.Менің сендерге ауылдан әжелерің беріп жіберген кәмпиттері бар,соны таратып берейін.
Мен енді қайтайын, басқа балаларға барайын, Сау болыңдар, балалар!
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Төрт түлікті және төлдерін ажырата білу.
Меңгеруі: Төрт түлік жайлы тақпақ айта алады.
Түсінігі:Төрт түлікті қалай шақыратынын меңгереді