26-саба?. М?тінді пішімдеу. Тізімдер


26-сабақ. Мәтінді пішімдеу. Тізімдер
Сабақтың мақсаты:
Пішімдеуге арналған HTML тегтерін оқуды жалғастыру, оларды web –парақтарды құру үшін пайдалануды үйрену.
Оқушылар білуі тиіс: пішімдеудің негізгі тегтері мен олардың атрибуттарын , физикалық және логикалық пішімдеудің айырмашылығын , тегтер артықшылықтары қағидасын.
Оқушылар үйренуі тиіс: <FONT> тегі көмегімен мәтін параметірлерін басқаруды, <Р> тегі үшін түзеу параметірін басқаруды,тізімдер құру,
•тізбектерін қолдануды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
ІІІ Білімді өзектендіру
Оқушылардан алдыңғы параграфтың бақылау сұрақтарына жауап беруді өтініңіз.
IV Жаңа тақырыпты түсіндіру
Параграф мәтінінде келтірілген мысалдар кодының р фрагменті талқыланып , оқушылар оны компьютерде тереді және нәтижесін қарап шығады .
Қаріпті пішімдеу тегтері функцияларының таралуын апйқындау үшін оқушыларға кестені толтыруды ұсыну .
Атрибут Мәні Қызметі Тег Мәтіннің қай блогына әсер етуі мүмкін
V Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар деңгейлерінің біреуін таңдап , оның тапсырмаларын орындайды.
В деңгейі, 1-тапсырма, escape –тізбектерін қолдану (оқулықтың қосымшасын қарау). Сдеңгейінің 1-тапсырмаларында<hr> тегінің тізімінің ішінде орналасуына көңіл бөлу:Место для формулы.<DL><DT><hr size=1 color=red>A<DD> Алфавиттің бірінші әрпі Б
<DD> Алфавиттің екінші әрпі
<DT><Hr size =3 color =green>B
<DD> Алфавиттің үшінші әрпі
</DL>
VI Қортындылау
§26 соңында берілетін «Өзіңді тексер » бөлімінің тест кілттері:
1 2 3 4 5 6 7
В В А А С Е В
Баға тест нәтижелері мен тәжірибелік жұмыстың таңдалған деңгейіне байланысты қойылады.
VII Үй тапсырмасы
§26-ны оқу , бақылау сұрақтарына жауап беру.
Өз жобасымен жұмыс жасауды жалғастыру .
27-сабақ. Графикалық нысандардың web-парақта орналасуы
Сабақтың мақсаты:
Web-парақта бейнелерді реттеу,орналастыру мен баптауды үйрену.
Оқушылар білуі тиіс: бейнелерді кірістіретін IMG тегін, атрибуттарды;желіде таралған графикалық файлдардың пішімдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: кірістірілген бейнелердің еркін мөлшерін белгілеуді,web –парақта суретті түзеуді,ортасына түзеуді, баламалы мәтін анықтауды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсат –міндеттерін қою
ІІІ Білімді өзектендіру
Кестені толтырып , графикалық пішімдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз.
Пішім Артықшылықтары Кемшіліктері Қолданылуы .gif .jpg .pngАртықшылықтары мен кемшіліктеріне қарай әр пішімдегі файлдардың қолданылуын талқылау.
IV Жаңа тақырыпты түсіндіру
Барлық суреттерді , соның ішінде фондық суреттерді , алдын ала таңдап алған жөн
Бұл өз сайттарыңмен жұмыс істеуге артық уақыт жұмсауға мүмкіндік береді. Суреттердің көрінбеу себептеріне назар аудару :
Web –парақта бейнелерді орналастыру кезінде дискіде файлдар дұрыс орналастырылмаған немесе оларға дұрыс ұйымдастырылмаған ;
Көбіне skr атрибутының атауында қате жіберіледі (skr).
Мұғалімнің міндеті – бұл талаптардың орындалуын қадағалау . Бейнелердің сапалы өңделуінің маңыздылығын (графикалық редактор файлдың мөлшерінің өзгеруі), мөлшерді(width және height атрибуттарының қолданылуы), мәтіннің суретті айналып жазылуын тағайындауды , текстуралардың фоны ретінде қолданылатын мәтінінің болуын талқылау.
V Тәжірибелік жұмыс
Жұмыс барлық үш деңгейдің тапсырмалары біртіндеп орындалатындай етіп құрылған . барлық бейнелер үшін алмастыру мәтіндердің болуы міндетті . Жұмыс аяқталғанда оқушылар өздерінің жұмыстарын көрсетеді және алынған бетті өз сайтына қосады.
VI Қортындылау
Тапсырманы игеруді ағымдағы тексеру –параграфтың соңындағы «Өзіңді тексер » тест сұрақтарына жауап беру .
§27 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері :
1 2 3 4 5 6 7
В D E A A C E
VII Үй тапсырмасы
§27- ні оқу , бақылау сұрақтарына жауап беру.
Өз жобасымен жұмыс жасауды жалғастыру.