HTML-программалау, интернет ?шін а?паратты? объектілерді ??ру ??ралдары. Web-беттер ж?не сайттар
Мектеп атауы: Қарауылкелді орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Тәжімағанбет Жеміс
Сыныбы:11- сынып
Пәні: информатика
Күні: 9. 02. 2015ж.
Сабақтың тақырыбы:. html-программалау, интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары. Web-беттер және сайттар
Сабақтың мақсаты: HTML тілінің негізгі командаларын үйрену; Қарапайым HTML файлын жасау; Экранға мәтін орналастыруды үйрену; Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту
Қысқа мерзімдік сабақ жоспары
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
2 мин
Кіріспе.
Оқушылармен сәлемдесемін, сабаққа дайындықтарын тексеремін.
Психологиялық дайындық.
Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрың жүргізуші ережесін түсіндіреді:Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтыңыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.«Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.«И»- миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.«О»- жүрегіңіз бен өкпеңізге«У»- асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге«Х»- денеңіздің, ағзаның тазаруына«ХА»- көңіл - күйіңіздің көтерілуіне.Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.
Интерактивті тақтадан ,,Дыбыстық жаттығуды,, жасайды.
1 мин Топтық жұмыс
Оқушыларды пазл арқылы екі топқа бөлемін Оқушылар екі топқа бөлініп,
топ аты жазылған орындарға барып отырады. Суреті бар кеспе қағаздар
10 мин
Үй тапсырмасын пысықтау
Интернет тарауы бойынша SIN KAZ –электр оқулықтан тест жұмысын беремін.
15754349588400 Тест жұмысын орындайды..
Электронды оқулық
20мин Ой қозғау
Сұрақ қоя отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашу
1.HTML деген не?
2.Гипермәтін дегеніміз не?
3.Броузер деген не?
Web тораптардағы құжаттардың негізгі форматы HTMLтілі болып табылады. HTML (Hyper Text Maker Language)ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі.
Гипермәтін – бұл қысқаша элементтерді басқару мақсатында ішіне екпінді элемент орналасқан мәтін түрі.
Браузер – бұл Web беттерін (гипермәтіндік беттерді) қарауға негізделген программа.(Internet Explorer, Netscape Navigator).
HTML файлдарды *htm немесе *html деген кеңейтілулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Стандарные» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тәг «кіші» (<) символынан басталады да, үлкен (>) символымен аяқталады.Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп аталады.
Топ болып ойларын ортаға салады.Оқушылар өз түсініктері бойынша сұраққа жауап береді.
Әр топ оздерінің тақырыптары бойынша жобаларын қорғайды.
112299727146400
Тэгтердің екі түрі бар.
Бір элементті мыс: <BR>келесі орынға көшу
Қосарланған тэг:Ол ашылу және жабылу тэгтері ортасындағы мәтінге әсер етеді.Жабылу тэгі алдында «/»символы болуы тиіс.
Электорндық
Оқулық,
11 кл оқулық,
Тасмамбетов
,,Информатика пәнінен дәрістер
2 мин Сергіту сәті
«Бой сергіту» Оқушылар іс қимыл арқылы жасайды. 7 мин Қорытынды
Практикалық жұмыс. Оқушыларға тапсырма беріледі. Алдынғы №1 зертханалық жұмыста жасап, сақтаған HTML файлынды Блокнот редакторында аш.
<HTML>
<HEAD> Мектеп
<TITLE> 11 класс </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
информатика
</BODY>
</HTML>
<HEAD> Мектеп жазуын Н1 тэгасымен жаз.
<HEAD><H1><B> Мектеп тобы </B></H1>
ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ мәтінің келесі мәтінге ауыстыр:
<H2 ALIGN=CENTER><U> ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ </U></H2> <BR>
Келесі қатарға мына мәтінді теріп жаз:
<H4 ALIGN=RIGHT> <I> он жакка ыгыстырып кисайтылган жазу </I> </H4> <BR>
Одан кейін мына мәтінді жаз:
<H4 ALIGN=LEFT> <B> cол жакка ыгыстырып карайтылган жазу жазу </B> </H4> <BR>
Ескерту: Блокнот редакторына өзгеріс енгізген сайын, оны сақтауды ұмытпа.
Бағалау.
Оқушылар жеке отырып компьютерге тапсырма орындайды.
394652105505400 Қоржындағы сұрақтар жазылған асықтар
2мин
1мин Рефлексия
Не білдім? Не үйрендім? Не қиын болды?
Үйге тапсырма. Қайталау.
Оқушылар өз әсерлерін стикерлерге жазады.
Күнделіктерін алып келеді
Күнделіктеріне жазады
стикерлер