Доклад Web-дизайнны? негізгі ережелері
Кіріспе
Қазіргі кездетіркелген бұқаралық ақпарат құралдары өте көп. Олардың ұстанымдары да әрқилы өрбіп келеді. Адамды қасақана теріс жағымсыз жолға көзқарасқа ұстанымға жетелейтін ақпарат құралдары да аз емес. Курстық жұмыс осы бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде үлкен беледге ие болған интернет құралына арналған. Зерттеу жұмысының тақырыбы «Веб-дизайн» болғандықтан, бұл жұмыста веб сайттардың дизайндық құрылымдары мен технологиялары, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері қарастырылған.
Атқарылған жұмыс мақсаты Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау, Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру мұмкіндіктерін анықтау, қазіргі интернет беттеріндегі веб сайттар, порталдар және тағы басқа интернетресурстардың дизайндық ерекшеліктерін қарастыру
Web-сайт құрылымы бөлімінде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискасының My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады:
Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.
Заманауи ақпараттық инфрақұрылымды құру принциптеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылдары, халықпен және бизнеспен қарым-қатынасы Оңтүстік Қазақстан облысы ақпараттық web-сайты www.ontustik.gov.kz арқылы ұйымдастырылып, қолданыстағы қол жетімділік құқығын үлестіру және құқықтық жиегі аясында «электронды үкімет» ақпараттық қорларына «бір жерден мүмкіндігі» ұсынылған Аталмыш интернет ресурс зерттеу жұмысының обьектісі ретінде қарастырылып, курстық жұмыста мысал ретінде көрсетілген. .
Осы тақырып бойынша зерттеу жұмысында Ж.Наурызбайдың «Этнокультурное образование», Л.Cолодовиченконың «Дидактические основы композиционного компьютерно-графического моделирования в подготовке студентов», Э. Скоттың «Компьютернык технологий в журналистике» Л. Федотованың «Массовая информация стратегия производства и тактика потребления» Р.Рэддик және Э. Кингтің «Журналистика в стиле онлайн» ғылыми еңбектерін дереккөз ретінде қолданылды.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам — Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Жоғарыда аталғандар зерттеу жұмысының міндеттері болып табылады.
Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдердің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау салаларын қоса алғандағының алдын орайды.
Егер Интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. Интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде “Google” және “Yahoo” іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жарнама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, “Google” мен “Yahoo” 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен 6,5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға көп. Бүгінде ақпаратты Интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қарағанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие. Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – “Қазақтелеком”, “Nursat”, “ASTEL”, “KazTransCom”, “Транстелеком”, “Арна” (“Ducat”) және “Golden Telecom” қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде Интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және… 2005 жылы 1 миллионнан астам адам! Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды.
2 Қазіргі заманғы интернет технологиялар
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т.б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдердің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау салаларын қоса алғандағының алдын орайды.
Егер интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде «Google» және «Yahoo» іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жарнама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, «Google» мен «Yahoo» 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен 6,5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға көп. Бүгінде ақпаратты интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қарағанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие. Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – «Қазақтелеком», «Nursat», «ASTEL», «KazTransCom», «Транстелеком», «Арна» («Ducat») және «Golden Telecom» қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және 2005 жылы 1 миллионнан астам адам. Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды. Егер бұрындары мемлекеттік биліктен жауап алу үдерісіне біршама уақыт кететін болса (шенеунікпен жеке әңгімелесу, жазбаша сұрау салу, немесе БАҚ-тарда ашық хат жариялату үшін), бүгінде интернетті пайдаланудың нақты мүмкіндігі туып отыр. Оның үстіне, тіпті дәстүрлі электронды (радио, телевизия) және мерзімді БАҚ-тардың өзі кейбір керекті дүниелерін интернеттің жаһандық желісінен іздеуге мәжбүр. Осымен байланысты қазіргі қазақстандық үшін интернеттің бірте-бірте ақпарат алудың негізгі көзіне айнала бастағаны туралы айтқан орынды. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен өтетін алғашқы интернет-конференция мемлекеттің интернеттің тұтастай алғанда елімізде дамуына ерекше назарының ғана емес, сондай-ақ әр қазақстандықтың жеке сұранысын қанағаттандыруға деген ұмтылысының да нақты көрінісі болып табылады. Мемлекет басшысына өзіңді қызықтырған сұрақты тікелей қойып, оған жауап алу мүмкіндігі шындығында басқа қай кезде және қай жерде пайда болуы ықтимал?
Президенттің қатысуымен болатын интернет-конференция сұрақтарының статистикасы қазірдің өзінде қазақстандықтарды түрлі бағыттағы сауалдар қызықтыратынын көрсетіп беріп отыр. Олардың көпшілігінің нақты бір адамға ғана емес, ел тұрғындарының басым бөлігіне қатысы бар. Қойылған сұрақтар саны жағынан көшбасшы білім және ғылым саласы болып табылады. Екінші орында тұрғын үй саясаты саласы тұр. Үшінші орын бәсекеге қабілетті экономика мен өнеркәсіптің үлесінде.
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін интернет-конференцияның бір парасы интернет болып табылатын ақпараттық технологиялар жетістігіне қазақстандықтардың бұрынғыдан да көп бөлігін үндестіретіні еш күмән туғызбайды. Бұл өз кезегінде біздің қоғамымыздың қазіргі заманғы ырғақты дамып келе жатқан ақпарат әлеміне интеграциялануына қосымша серпін беретіні тағы анық. Өйткені, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан – ол жаһандағы жаңа ақпараттық мүмкіндіктерді табысты қолданатын ел. Және ол әлемдік кеңістікке өзінің ақпараттық жүгімен ену үстіндегі ел.
Қазақстан халқы әзірше соншалықты көп емес, 17 миллион шамасында ғана. Ал бұл интернетті барынша дамыған елдерде пайдаланатындай деңгейге ұмтылуға итермелейтін тағы бір ұтымды себеп болып табылмақ. Мысал үшін айтсақ, Скандинавия елдерінде тұрғындардың 90%-ға жуығы Интернетті пайдаланады. Мұндай мақсатқа жетуге алғышарттар Қазақ елінде де жоқ емес. Елбасының ақпарат алмасу үшін интернет секілді заманауи тәсілді кеңінен пайдаланатын уақыттың келгеніне өзі бас болып үлгі көрсетуі өзгелерді де осынау прогрессивті жолды таңдауға қадам бастыратыны анық.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – интернетте жариялау.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде web-сайты бір адам — web-шебер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. [1]
Бұның негізгі белгісі интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, коммерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
1) web-технологиялар;
2) cайт жасау экономикасы;
3) web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
4) адам ресурстары және т.б.
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
1) жоспарлау;
2) элементтерді жасақтау;
3) бағдарламау;
4) тестілеу;
5) жариялау;
6) жарнамалау;
7) бақылау.
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1) сайттың орны;
2)сайттың аудиториясы кімдер;
3) қандай ақпарат жарияланады;
4) қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1) навигациялық құрылымын жасау;
2) беттің дизайнын жасау;
3) бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу;
Бағдарламау. Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1) сілтеменің жұмысы;
2) мәтіндегі қателер;
3) навигацияның тиімділігі.
4) пошта және басқа формалардың дұрыстығы;
5) графикалық файлдардың ашылуы;
6) әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау. Тест аяқталғандан кейін web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау. web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1) web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2) web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3) web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4) баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң, оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
2.1 Web-дизайнға кіріспе
Күніне мыңдаған пайдаланушалары бар жаһандық ақпараттық порталдан бастап, айына бірнеше ғана тұтынушылары бар қарапайым үй беті (домашняя страница), дүниежүзілік торда жарияланған кез-келген ресурс – бұл негізінен инженерлік-дизайнерлік құрылым болып табылатын шығармашылық туынды. Осындай туындыны қалыптасыру үрдісі web-дизайн деген атқа ие. Web-дизайн — бұл асқан шеберлікпен орындалған шығарма. Web-дизайн шығармашылық туындысы арқылы әр адам өзінің барлық шығармашылық қабілеттерін баршаға көрсете алады, өйткені бұнда сіздің еңбегіңіздің нәтижесі сіз және сіздің интернет бетіңіздің күнделікті пайдаланушылары болып табылады. Интернеттегі сайттарды дайындау барысында мазмұндық, көлемдік, көркемдеу жағынан шектелмейді. Дүниежүзілік торда web-ресурсты дайындаудың және жариялаудың себептері сан алуан болуы мүмкін. Егер бұл қарапайым ақпараттық парақша болса, web-шебер үшін бұл жердегі негізгі фактор әлемдік торда басқа адамдарға қажетті ақпаратты жариялау болып табылады. Кей-кездері өрмекші тор мысалға әдеби туындыларды, суреттерді, музыка және ғылыми зерттеу жұмыстарын тарату құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Осы арқылы интернет беттегі жарияланым авторы өз туындыларының оқырмандарын, суреттерінің көрермендері мен әндерінің тыңдаушыларын тауып, өз еңбегінің арқасында қаржы таба алады. Тұтынушыларына белгілі бір тақырып туралы ақпарат беретін коммерциялық емес сайттар қандай ресурс болмасын, танымдық, көңіл-көтеру порталы, музыкалық сайт немесе жоба т.б төңірегінде жұмыстар атқара алады. Кей кездері коммерциялық емес сайттың қожайынының таза тәжірибелік қызығушылықтарымен қатар, ол желілік электронды ақпарат көзінің күнделікті мыңдаған пайдаланушыларының әртүрлі қажеттіліктерімен санасу керек. Алайда, web-дизайн интернет-технологиялардың жас әрі жаңа ғана дамып келе жатқан саласы екенін ұмытпаған жөн, және де бұл сала қызметкерлерінің жұмысы жоғары бағаланады. Кіші және орташа бизнестің бірі ретінде бүгінгі таңда интернет перспективті ақша табу көзіне айналып отыр. Әрине, нарықтық замандағы Web-дизайнерлер мен бағдарламашыларға деген үлкен сұраныс пайда болды. Коммерциялық интернет-жобалар қаржылық табысқа жету мақсатында жасалынып, қаржы жанама және тура түрде берілуі мүмкін. «Бүкіләлемдік өрмекші торындағы» ақпараттық тасқынды реттеу мүмкін емес. Қазақстандағы интернет тұтынушылардың саны көбейген сайын ақпараттық арандатуға байланысты дау-дамайлардың да шеті шыға бастады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттіктер.
2.2 Web-дизайн ұғымының анықтамасы
Интернет-жобалар өздерінің қызметтері мен қасиеттеріне байланысты сайттар, визиткалар, промакциялар, электрондық дүкендер, ақпараттық сайттар, корпоротивті өкілдер, портал, өндірісті басқару жүйесі болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Визитка – компания және оның көрсететін қызметі жайлы ақпарат беретін қысқа, тиімді, локальды сайт. Промоушн-сайт – жеке алынған тауарға жасалатын жарнамалық сайт. Электронды дүкен – интернет арқылы тауар сатуға, қызмет көрсетуге арналған сайт. Ақпараттық сайт – кейбір пәндер аумағын қамтиды. Сәйкесінше, мұнда түрлі авторлардың көптеген мақалалары бар, бұдан басқа сауалнама жүргізу, дауыс беру сияқты қызметтер көрсетіледі. Корпоротивті өкілеттік – компания қызметін автоматизациялау. Оның құрамында электронды дүкен, тапсырыс жүйесі, корпоративті сервис, құжаттар мен электронды алмасу, онлайн режимінде сөйлесі, т.б кіреді. Портал – интернет бірлестіктердің құрылуына арналған ірі веб-ресурс. Портал көптеген түрлі сервистерді біріктіруі мүмкін, клиенттерге тауар, сатып алу мүмкіндігін беретін, ал іскерлестеріне – ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды басқару жүйесі – кәсіпорынды корпоративтік ақпараттық басқару жүйе сайты. Жоғарыда көрсетілнен визиткадан басқару жүйесіне дейінгілер веб-басылымдарға барлық жағдайларға қатысты екендігі түсінікті. Ал перезнтациялық, маркетингтік, басқарушылықтан басқа веб-басылым ақпаратты – коммуникативтік функцияны орындауы тиіс. Сондықтан да басылымның түпнұсқасы визитка немесе промоушн-сайт секілді қаралуы түсінікті, бірақ БАҚ сияқты емес. Себебі тек презентация немесе басылым жарнамасы қызметін атқарады, ал өзі басылым болып саналмайды. Интернет БАҚ-тарда тек қана веб-журналистер жұмыс істемейтіні белгілі, интернет қызметкерлері ретінде веб-дизайнерлерді де алған жөн. Қандай да жарнама құралы болмасын, олардың ішіндегі көп пайдаланушылар мен тапсырыс берушілердің көп санын өзіне тартатыны w eb-сайт болып табылады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттік . Коммерциялық жобаны жасау, әрине, уақыт пен ерең еңбекті талап етеді. Web-шеберге жаңа жоба асау барысында жұмыс орыны мен жеке компьютерімен қатар оған белгілі бір бағдарламалық қамсыздандыру қажет. Интернет-жоба жасау үшін қажетті бағдарламалыр тізбегі төменде көрсетілген. Яғни толыққанда Web-дизайнер жұмысына Windows 9X басқармасымен орындалатын келесідегілер қажет:
1) құжат өңдеу құралы, HTML —WYSIWYG редактор деп аталады, 98, 2000 жылғы Microsoft FrontPage бағдарламасы, немесе FrontPage Express;
2) векторлы графика редакторы CorelDraw бағдарламасы;
3) суретті графика редакторы — Adobe Photoshop;
4) Microsoft Internet Explorer браузеры;
5) Netscape Navigator браузеры, 4.01 версиялы;
6) кириллицаны қайта кодтау бағдарламалары — ConvHTML және SNKDECode;
7) HTML оптимизаторы — 1.5 немесе одан жоғары версиялы UtilMind HTML Compressor бағдарламасы;
8) GIF суреттері — Gif-Clean 32 бағдарламасы;
9) JPEG суреттері оптимизаторы — JPEGCleaner 2.1 немесе одан жоғары версиялы бағдарламасы;
10) GIF анимациялар редакторы — Ulead GifAnimator бағдарламасы;
11) графика фрагментаторы – PictureDiser бағдарламасы;
12) FTP-клиент — CuteFTP бағдарламасы.
Осы бағдарламалардың көбін еркін түрде интернет беттерінен freeware және shareware версиыларымен тауып алуға болады.
2.3 Web-сайт құрылымы
Бұл бөлімде web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенмен де сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискісінің My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады: <IMG src=c:/my img/rose.jpg> width және heigth атрибуттармен суреттің көлемін өзгертуге болады, биіктігі және ені. alt атрибутымен суретке қосымша мәтін түрде қосымша мәлімет шығаруға болады. <IMG src=c:/my img/rose.jpg width=50% height=30% alt=менің суретім>
Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.
Сілтеме. HTML-дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтеме жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Сілтемені ұйымдастыру үшін <A href> тегі қолданылады.
Мысалы, <A href=penjim.narod.ru> Пенжим сайтына сілтеме </a>. Бұл мысалда біз www.penjim.narod.ru сайтына сілтеме жасадық. Сілтеме мәтін түрде және сурет (кнопка) түрде болуы мүмкін. Сурет түрде орнату үшін <A> </a> тегтерінің ортасына суретті <IMG> тегімен орнату керек.HTML-де кесте жасау. Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi — кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады. Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады. Кесте келесi бөлiктерден тұрады:
1) кесте тақырыбы;
2) бағаналар тақырыптары;
3) ұяшықтар.
Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi. Бұл ұяшықты жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс.
Программалық жабдықтау. HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кез-келген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.
Практикады әдетте web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.
Бірінші үлкен топтың web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа осындай программалар кіреді:HTML генератор 1.3, Magic HTML Studio 2.0, Macromedia Dreamweaver.
Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” — не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.
Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы мақсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Казірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар – олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек. Мысалға Оңтүстік Қазақстан облысы web-сайтыныңwww.ontustik.gov.kz құрылымы мен дизайндық технологиялық сипаттамасын келтірейік.
Оңтүстік Қазақстан облысы web-сайты www.ontustik.gov.kz келесі құрылымдардан және толықтырулардан тұрады.
Сайттың негізгі сегменттері:
1) бас бет;
2) жаңалықтар мұрағаты;
3) галерея;
4) мемлекеттік символдар;
5) дағдарысқа қарсы іс-шаралар.
Сайттың негізгі бөлімдері:
1) аймақ туралы ақпарат;
2) билік;
3) экономика;
4) сала;
5) бизнес.
Оңтүстік Қазақстан облысы web-сайтының www.ontustik.gov.kz дизайнына талаптар мен техникалық-сипаттамалар.
Оңтүстік Қазақстан облысының ресми web-сайтының www.ontustik.gov.kz порталды шешімдерді техникалық жүзеге асыруды таңдау кезінде, құрастырылған көзқарастарды пайдаланып, яғни дайын шешімдер және платформалар негізінде спецификалық модульдер өңделді.
Сайттың платформасын құру үшін XaEngine CMS жүйесі пайдаланылды.
XaEngine CMS жүйесі 2004 жылдан бері РНР бағдарламалық тілін пайдаланып, ООП қолданып құрылған код пайдаланылып келеді.
XaEngine көптеген жоғары жүктемелі интернет жобаларда табысты қолданылып келеді, көбінесе жобаға қарай ядроны аз ғана түзеуді талап етеді.
Кодтың икемділік ерекшелігінің қайнар көзі, тоқтаусыз жұмыс істеудің тұрақтылығы, қауіпсіздік және сервердің жүйелік ресурстарына өте төмен талаптары. Деректер қорының тоқтап қалу жағдайында, сайттың шамамен 80% жұмыс жасауын жалғастырады.
Сонымен қатар, пайдаланушылардың сайттың беттеріне көбіне өтінімі серверлік скрипттерді немесе деректер базасына емес HTML кэштеу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың ресми сайттарының дизайндары күші бар санитарлық және эргономикалық стандарттар талабына сәйкес болуы және пайдаланушылардың оң эмоциялық реакциясының тиімділігін арттыру қажет.
Оңтүстік Қазақстан облысының web-сайтының www.ontustik.gov.kz дизайны бірыңғай стильді, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының порталдары (корпоративті стиль), негізгі сайттардағы ақпаратты ұсыну шешіміне сәйкес және пайдалануға қосатын талаптары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарының элементтері;
2) мемлекеттік мекемелердің және ведомстволардың логотиптері, белгілері және рәміздері;
3) негізгі бояулар;
4) шрифтік және құрылымдық ресімдеу.
Оңтүстік Қазақстан облысының Web-сайтының www.ontustik.gov.kz дизайны Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының ақпаратын графикалық ұсыну үшін арналған.
Дизайнды әзірлеу кезінде келесі негізгі эргономикалық талаптар ескерілді. Қауіпсіз бояу палитрасы: дизайн мөлдір, жеңіл, бояу гаммасында әзірленді; басым бояулар: көк, сары түстер, негізгі фон — ақ. Мәтін — arial, tahoma, verdana – қараңғы — сұр, тақырып атауларында қараңғы – көк, сайттағы шрифттердің көлемі 9-12 пиксель. Шрифт, тақырыптың көлемі, ұялардың бояуы стильдік файлдарда дайындалды. Беттердің элементтері жоғары және белсенді графика пайдаланылды:
1) көлденең түсетін мәзір – нақты қосымшаның функционалдық талаптарына сәйкес құрылған. Барлық суреттердің форматы gif немесе jpg (jpeg);
2) сайттың беттерін көруге мониторлардың негізгі рұқсат диапазоны 600х800-ден 1024х768 пикселге дейін таңдап алынды;
3) сайттың беттерін көруге монитордың ең төменгі рұқсаты 600х800 пиксель.
Көрсетілген монитордың рұқсатымен сайттың беттерін браузерді көлденең айналдыру мүмкіндігі болмайды.
2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері
Кез-келген технология, шығармашылық үрдіс белгілі ережелер мен заңдылықтарға бағынатыны белгілі. Web-сайт та инженерлі-көркем шешімдер кешені ретінде белгілі бір заңдылықтар шеберінде дамиды. Төменде келтірілген ережелер олардың объективті приоритетіне байланысты, маңызлылығана орай келтірілген. Кез-келген Web-ресурсты қалыптастыру және жоспарлау үрдісі кезінде басты критерийді ескерген жөн. Ол веб-беттерді жасау кезінде болашақ пайдаланушыларға неғұрлым ыңғайлы жағдайлар жасау. Яғни сіздің ресурсыңыздың мазмұнымен танысу үшін пайдаланушылардың талғамы бойынша жұмыс істейсіз. Бұдан web-дизайн бойынша жағдайларды стандартизациялау алгоритмдерінің белгілі бір қажеттіліктері туындайды, демек бұл қажеттіліктер сіздің потенциалды аудиторияңызды қанағаттандыру арқылы оларға сіз қалыптастырған сайт мазмұнымен максималды ыңғайлы мүмкіндіктер тудыру. [5] Алайда, тәжірибе жүзінде осы тектес әмбебап шешімдерді жүзеге асыру ақпараттық ағынның жылдам дамуы салдарынан қиынға соғуы да мүмкін. Осы ситуациядан шығудың бір тәсілі қолданушылық жүйенің минималды параметрлеріне сай бейімдеу болып табылады. Осындай тәсіл барлық қолданушылардың көзқарасы бойынша демократиялық сипатта: әлсіздеу мониторлары мен видеокартасы бар ескірген компьютерлердің қожайындарында сіздің ресурсыңызбен танысу үрдісі барысында қиындықтар туындамайды, ал дамыған компьютерлердің қожайындары белгілі бір проблемаларға ұшырамайды. Осыдан бірінші ереже бастау алады, бұл ереже әр веб-дизайнердің көкейінде болуы қажет. Қазіргі интернетте кәсіби сайт 640×480 экран рұқсатымен 256 түстік палитрасымен сәйкес келу деген заңдылық бар. Бұдан қарапайым ереже пайда болады. Ескерту: компьютерде html-документ 800×600 нүстелі рұқсатымен 640×480 нүктеге бапталған компьютерде болса, пайдаланушы үшін браузердің төменге бөлігіндегі терезені көруге қиындықтар туындайды. 256 түстік палитраны қолдану кезінде web-бет дұрыс көрінуі үшін құжат құрамына графикалық элементтерді косу кезінде GIF форматындағы файлдарды немесе JPEG форматындағы суреттерді қолданған жөн. Әрине, болашақ web-беттің бастапқы шаблонын дайындаудан кейін жоғарыдағы талаптарға сай кейінгі жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Ол үшін браузерге бетті жүктегеннен кейін қолданыстағы түстің палитра мен экрандық кеңейтуді Windows баптауларында өзгерту керек. Содан кейін тышқанның оң пернесімен Жұмыс үстелінің аумағындағы жарлықтардан бос кез-келген жерге басу керек және Қасиеттер мәзіріндегі Диалогты терезенің Баптауларына көшу қажет. Түстік палитра мен Экран аумағы бөлімдеріндегі баптауларды таңдап, тышқанмен Қабылдау пернесіне басу керек, содан кейін экрандық параметрлермен Windows-тің қайта жүктеуінсіз келісесіз. Келесі ереже Web-беттің сіздің потенциалды пайдалаушыларыңызбен қарау барысындағы белгісіз бағдарламалық қамсыздандырылумен байланысты. Яғни, бұл браузерлерге байланысты. Статистикалық мәліметтерге байланысты Интернет қолданушылардың арасындағы кең қолданыстағы браузерлер қатарында сан алуан версиялы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator бар, ал қалғандары төменгі деңгейде таратылған. Белгілі болғандай, Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator HTML-кодтың әртүрлі алгоритмдік өңдеулерін қолданып, бір элементтің өзі екі браузерлерде әртүрлі түрде қолданылуы да мүмкін. Кейбір бастаушы Web-дизайнерлердің арасында аталған бағдарламалар негізінде беттерді бірдей көріністе көрсету мүмкін емес деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем олай емес: Netscape және Explorer арасындағы айырмашылықтар сандық бағалай мен сараптамаға байланысты, сонымен қатар көптеген алгоритмдер түрлері бар болғандықтан бұны жүзеге асыру мүмкін. Web-бет Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator-да біркелкі көрінуі керек. Әрине, болашақ web-беттің шаблоны жасалынғаннан кейін бұл html-құжаттың көрініс табуын екі браузерде де тексеру қажет. Пайдаланушылардың көпшілігі Интернетке шығу үшін dial-up ақырын жылдамдықты байланыс линияларына модемнің көмегімен қолданатыны жасырын емес. Осы жағдайда , әрине, мәліметтерді беру және алу жылдамдығы төмендеп, интернет пайдаланушыларға ыңғайсыздықтарды туындатады. Осы арқылы web-дизайнгің келесі ережесі қалыптасады. Web-сайттың барлық беттері мен ондағы графиккалық және интерактивті элементтер көлем бойынша минималды болуы керек. Бұған сайтты жасау барысында арнайы графикалық компрессорларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Келесі заңдылық – сайт бойынша навигацияның болуы. Қолданушыда сіздің ресурсыңыздың бір бөлімінен екінші бөліміне көшу кезінде ешқандай қиындықтар пайда болмауы қажет. Ол сіздің жобаңыздың логикалық құрылымын анық көрсетуі керек, және мүмкіндігінше кез-келген уақытта оның барлық компоненттеріне қол жеткізу мүкіндігі болуы керек. Web-бет сіздің сайтыңыздың барлық бөлімдерін қамтитын навигациялық элементтерді еш қиындықтарсыз көрсетуі керек. Олардың орналасуын пайдаланушы қажеттіліктеріне орай ескерген жөн. Егер олар беттің жоғарғы бөлігінде орналасса және көзге скроллингтен (бетті төмен қарай айналдырып түсіру) кейін түссе ол туралы беттің төменгі бөлігінде көрсетуді ұмытпау керек. Графикалық сілтемелер және белсенді элементтерін пайдаланушылар есебімен мәтіндік формада қайталаған жөн болады. Web-бетті жасау барысында назар аударарлық фактор пайдаланушы тарапынан сіздің ресурсыңыздың психологиялық жағынан қабылдануы. Сайт инженерлі-көркемді жұмыстардың кешені болғандықтан, интернет пайдаланушылар оны солай қабылдау керек. Бұл үшін жобаны бір дизайнерлік стильде сақтап қалу керек, беттің барлық бөлімдері барлық сайт үшін сәйкесінше көркемделуі қажет. Соңғы екі ережелерді жалпы көркемдік қағидалардың эстетикалық мәнін ескеріп отыру керек. Ресурсты жасаған адам үшін web-беттің жоғарғы жағында пайдаланушылар санын көрсететін есептегін көрсеткіші мен пайдаланушының қанша уақыт және қаражат жұмсағаны бәрінен бұрын маңызды болып табылатыынмен келіспеске болмас. Сіздің еңбектеріңіздің нәтижелері пайдаланушылар тарапынан кері көзқарас тудырмауы үшін бір web-сайтта үш шрифт түрін қолданған маңызды болып саналады. Түснікті, әрі көзге жағымды көрінетін түстік жүйелерді қолданып, құжаттарды көркемдеуге үш түстен артық түстерді қолданған жөн. Үштен көп түстер ақпараттық кестелердегі жолдарды бөліп көрсету үшін қолданылуы мүмкін, бірақ бұл да дұрыс емес. Web-сайт дайындау кезінде қандай түстер үйлесімін қолданған жөн? Адам психологиясы тұрғысынан түстер үйлесімі белгілі бір деңгейде суретте көрсетілген ақпарат көрермен қабылдануына әсер етеді. Осы үшін түстер үйлесімін таңдау барысында, мысалы мәтін мен фон түстерінің үйлесімі, көзге жақсы, жағымды көрінетін түстерді қолданған жөн:
1) ақ пен қара;
2) сары мен қара;
3) жасыл мен ақ;
4) қызыл мен жасыл;
5) сары мен қара;
6) қызыл мен ақ;
7) тоқ сары мен ақ;
қошқыл қара мен қара;
9) тоқ сары мен ақ;
10) қызыл мен жасыл.
Қалған түстермен реңктердің өзара сәйкестігі қарапайым ереже арқылы тексеріледі: суреттерді grayscale форматына ауыстырып (сұр түстің 256 реңкі), салынған суреттер контрастты оқылатынын қарау қажет. Егер оқылмаса – басқа түстер үйлесімін таңдаңыз. Қандай жағдай болмасын, көзге үйреншікті дәстүрлі қара түсті мәтінде қолданып, фон ретінде көмескі татқан түстер реңктерін қолдануға кеңес беріледі.
2.5 Web-бет элементтері
Кез-келген web-бет құрамында интернеттің әр ресурсының міндетті компоненттері болып табылатын стандартты элементтердің жиынтығы болады. Әрине, осындай обьектілердің саны мен көптүрлілігі сайттың тақырыптық бағытына, онда жарияланған материалдардың көлеміне, сонымен қатар осы ресурс қалыптастырушысының алға қойған мақсат-міндеттеріне байланысты. Web-бетте жобаланған осындай элементтердің өзара үйлесімі web-шебердің басты мінтеттерінің бірі болып саналады. Web-беттің қарастырылатын бірінші элементі – тақырып (заголовок). Ол графикалық нұсқамен де, мәтіндік нұсқада да орындала алады, бірақ бұл екі жағдайда да оның құжаттың басында орналасуы шарт. Егер web-ресурс екі тілде ұсынылған болса, кей кездері тақырыппен қоса сайт бетінде кириллицаны таңдау мәзірі мен сайттың ағылшын, орыстілді нұсқасына көшу пернесі орналастырылады. Ережеге сай, құжат тақырыбынан кейін жарнамалық баннерге арналған орын болады. Құжат тақырыбы астында жарияланатын баннерлердің стандартты өлшемі әдетте 468×60 нүктеден тұрады. Егер бет компоновкасының статистикалық принципі қолданылса, бұл құжат тақырыбының көлемі шамамен 640 пиксель. Осы жағдайда баннердің көлемі тақырып көлеміне қарағанда кішірек болады, сол арқылы жарнамалық мәтін орналастырылатын бет бөлігінде бос кеңістік болуы мүмкін. Қалыптасқан бос орынға web-хостинг жүзеге асыратын қожайын-компанияның логотипі немесе серверлі сілтемесі орналасуы мүмкін. Егер Web-бет коммерциялық бағытта болса, компания логотипінің орналасуы заңдылық болып табылады. Құжаттың негізгі бөлігін мәтіндік участок деп аталатын орын алады, оның құрамында беттің мазмұндық мәні орналасады: ақпараттық мәтін және иллюстрациялар. Аталған элементтерді контент деп те атайды (ағылшын тілінен аударғанда, content — мазмұн). Мәтіндің орынның сайтта орналасуы Web-дизайнердің қалған құжат элементтерін қалай орналастыруына байланысты. web-беттің келесі міндетті құрама бөлшегі навигация элементтері болып табылады – берілген құжатты сайттың басқа бөлімдерімен байланыстыратын гиперсілтемелер. Навигации элементтері мәтіндік жолдар, графикалық объектілер түрінде орындалуы мүмкін, яғни пернелер немесе белсенді компоненттер түрінде. Мысал ретінде Java-апплеттерді келтіруге болады. Құжаттың төменгі бөлігінде сайтты құрастырған адамдар туралы және пайдаланушы өзінің ұсыныстары мен шағымдарын білдіре алатын электрондық пошта мекен жайы туралы ақпаратарының көрсетілуі заңдылық болып есептеледі. Егер Web-бет бастапқы құжат болса, оның төменгі бөлігінде пайдаланушылар қатысуын есептейтін есептегіш орнатылады, Осыған орай web-шебер кез-келген уақытта еш қиындықсыз қолданушылардың қатысуы туралы ақпаратты анықтай алады. Қатысу есептегіші сайттың бірінші бетінде ғана орын алады, ресурстың қалған құжаттарында ол болмайды. Бір бетте әртүрлі есептегіштерді орнатуға болмайды. Тәжірибе жүзінде навигация элементтері экранның оң жақ шекарасында орналасуы бар Web-беттер кездеседі. Навигация элементтерін сол және оң жақ шекараның жанында ғана емес, құжаттың жоғарғы бөлігіне де орналастыруға да болады. Осындай компоновка нұсқасын үй беттерінде қолдануға болады. Қорытындылай келе, болашақ веб-жобаның қандай да дизайны болмасын сіздің еңбегіңіздің нәтижесі дұрыс болады: интернетте цензура бар ма, белгілі бір регламент бар ма т.б. Мысалы басқаруша элементтердің бір бөлігіне бет тақырыбы қойылған, бұл сайттың ағылшын және орыс тілдеріне ауысу пернелері, және де навигация пернелері болуы мүмкін. Мәтіндік алаң екі симмерриялы емес бағаналарға бөлінген, және де тақырыптық ресурс айдарларында қысқа аңдатпалар мен осы бөлімдерге сілтемелер орналастырылған. Web-беттердің аралас компоновкасы нұсқаларының саны көп болуы мүмкін, оның бәрі дизайнер шеберлігі мен фантазиясына байланысты.
2.6 Web-дизайн технологиясы
Сайттың логикалық және физикалық құрылымы. Интернеттің әр ресурсы әуесқой үй бетінен үлкен ақпараттық порталға дейін өзара гипербайланыстармен байланысқан бірнеше тақырыптық айдарларды қамтиды. Заңдылыққа сәйкес сайттың барлық бөлімдеріндегі сілтемелер қысқа андатпаларымен бастапқы бетте орналастырылады, ол бет index.htm (.html) деп аталады. Егер тақырыптық айдарлардың өздерінің ішкі бөлімшелері болса, олардың әрқайсысысында index.html деген атқа ие стартты беті болады. Осындай аттарды сайттың бастапқы құжаттарына қойған дұрыс, себебі қысқа URL құралы (мысалы, http://www.mysite.ru/photos/ орнына http://www.mysite.ru/photos/startpage.html) арқылы белгілі бір бөлімге барған кезде браузер сол web-бетті емес, ондағы құжаттар тізбегін ғана көрсетуі мүмкін. Осындай тақырыптық айдарлардың құжат бөлімдерімен және барлық беттердің алдын-ала гипербайланыстармен байланыстырылған бөлімдерінің жобалануы сайттың логикалық құрылымы деп аталады. Физикалық құрылым керісінше сіздің сайтыңыз жарияланған бума директориялары бойынша физикалық файлдардың орналасу алгоритмін сипаттайды. Логикалық және физикалық құрылымдар сәйкес болмауы да мүмкін, өйткені ресурстың физикалық құрылымы файлдардың орналасу жағдайларына байланысты болады. Логикалық бөлімдердің сайттың физикалық құрылымында дұрыс сақталуы материалдарды жаңарту және толықтыру кезінде қателесулер мен қарама-қайшылықтарды туындатпайды. Жоба элементтері болып саналатын графикалық суреттерді сайттың түпкі директориясында Images деп аталатын бумада сақтаған жөн. Осындай тәсіл арқылы HTML құжаттың басқа тақырыптық бөлімдерінде сақталғандарды графиктердің орын ауыстыруынсыз жаңартып, қажет болғанда керексіз файлдарды жоюға мүмкіндік береді. Үй беті мен Web-сайтта барлық гиперсілтемелер дұрыс жұмыс жасауы, барлық құжаттар дұрыс ашылуы және броузер ресурстың бөлімдерін қарағанда қателерде шығармау үшін оның физикалық құрылымын жасау барысында бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек. Директориялардың аттарын, HTML құжаттар мен кеңейтілуін және графикалық файлдардың аттарын тек латын әліпбиі бойынша тек қана жолдық регистрмен сақтау қажет. Сізбен құралған директориялар мен файлдардың аттары сегіз символдан аспауы керек. Web-бетердің жаңару үрдісін жеңілдету, беттер бөлімдерін толықтыру үшін жобаны құжаттау құралының, Microsoft Excel-де құралған кез-келген электронды кестенің болғаны дұрыс. Осыдан қорытынды шығады: сайттың физикалық құрылымы сіздің ресурсыңыздың пайдаланушыларынан жасырынып тұрады, олар навигация арқылы тек логикалық құрылымын бақылай алады. Навигация жүйесінің құрылымы сайттың логикалық құрылымына сәйкес болуы шарт.
Басқы бет. Әр алуан web-сайттарды екі негізгі категорияларға бөлуге болады: бұл басқы беттің (splash) болуы немесе оның болмауы. Басқы бет html-құжат түрінде болады және оның құрамында белгілі бір мазмұндық ақпараттық мәтіндер мен навигация элементтері болады. Басқы беттің файлы index.html деп аталады. Онда берілген ресурс компаниясының логотипі, сайтқа кіру есептегіші мен кириллица кодировкасын таңдау ұсынысы немесе сайттың ағылшын, орыс тілдеріндегі версиясын таңдауы болады. Мысалы:
Сайттың динамикалық және статистикалық құрамы. Уақытқа сай дамыған видеокарталардың бірнеше видеорежимдері болады, олар компьютер экранында ақпараттың көрінуі кезінде экранды кеңейтілуі мен түстердің көптігімен сипатталады. Операциялық жүйенің құрылымды функциялары көмегімен пайдаланушы экранды кеңейтілудің бірнеше мағыналарын қоя алады, мысалы 640×480, 800×600, 1024×768, 1152×864, 1280×1024 немесе 1600×1200 нүктелер. Әрине, бір браузерде белгілі бір Web-бетті ашар кезде ол бірнеше түрде ашылуы мүмкін. Html-құжаттың элементтерінің бір біріне қатысты өзгерулерін болдырмау үшін қарапайым тәсіл қолданылады: Web-беттің барлық компоненттері көрінбейтін кестенің сәйкес ұяшықтарына орнатылады және әр объектінің белгілі бір орны қарастырылған. Осы арқылы web-сайттарды бөлудің екінші критерийі пайда болады, бұл критерий көмегімен оларды екі категорияға бөлуге болады. Бұл кестеде пиксельмен өлшенетін анықталған ұзындықпен белгілеуге болады, мысалы 640 нүкте. Сайттың компоновкасының осындай нұсқасын статистикалық деп атауға болады, өйткені кесте ұзындығы экрандық кеңейтілуге байланысты өзгермейді. Экран параметрлерінің өзгеруі салдарынан, әрине, сайт дизайны элементтерінің өзгеріске ұшырауы болады. Екінші жағдай, web-бет фрагменттерінен құралған көрінбейтін кестенің жуындығын ағымдық экран кеңейтілуінен пайыздық мөлшерлемемен береді. Экранның кеңейтілуінің өзгеруінен кейін кесте көлденеңнен созылады, және оның ұяшықтарындағы барлық элементтер анықталған алгоритм бойынша орын ауыстырады. Кейде кесте параметрлері экран баптауларына байланысты өзгереді, html-құжаттың компоновкасының осындай принципін динамикалық деп атауға болады. Аталған екі жағдайлардың өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері де бар.
Беттің статистикалық компоновкасы. Алгоритм мен құжат қалыптауының қарапайымдылығы – оның жақсы тұстары. Экрандық кеңейтілуі 640×480 пикселімен беттің көрінуін оптимизациялауынан кейін қолданушылық экрандық баптауларынан кейін дизайн элементтері өзгеріп кетпейтініне сенімді болуға болады. Сонымен қатар, сайт компоновкасының осы нұсқасы көп жағдайда html-құжаттың Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator браузерлерінде біркелкі көрінуі болады. Жоғарғы экранды кеңейтілуі бар компьютер экранында құжаттың көрсетуі кезінде экранның екң жағында немесе оң жағында бос орынның қалуы – кемшілігі болып саналады.
Беттің динамикалық компоновкасы. Жетістігі – құжат экранның бүкіл ұзындығы бойынша кеңейтіледі және бос орындар болмайды. Кемшіліктері – қалыптау күрделілігі. Бұндай жағдай Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator броузерлерінде жиі кездеседі.
Қорытынды
Қазақстанда барлық интернет-ресурс баспасөз құралдарына теңестірілді. Қазақ қоғамы мен халықаралық қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың жаппай қарсылығына қарамастан, президент Назарбаев Интернетке мемлекеттік бақылау орнату туралы заңға қол қойды. Енді Қазақстанда барлық интернет ресурс, оның ішінде форумдар, блогтар, чаттар мен электрондық кітапханалар баспасөз құралдарына теңелді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні қол қойып бекіткен жаңа заңға сәйкес, бұдан былай дәстүрлі қағаз басылымдармен және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар Интернет-ресурстардың иелері де қылмыстық және азаматтық жауапқа тартылады.
Аталған заңға қол қойғанын хабарлаған президенттің баспасөз-қызметінің сипаттауынша, «Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық желілері туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң» — республика аумағында ақпараттық-коммуникациялық желілері арқылы таратылатын хабарға байланысты қарым-қатынасты мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған».
Алайда Қазақстандағы бірқатар журналистік ұйым, үкіметтік емес ұйымдар мен адамның құқын қорғайтын қазақстандық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сынды беделді халықаралық құрылымдар бірнеше рет Қазақстан президентін заңға қол қоймай вето қоюға шақырды.
Атап айтқанда, Азаттық радиосы осыған дейін хабарлағандай, ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы бойынша өкілі Миклош Харастидің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 25 маусымда жолдаған хатында Интернетке мемлекеттік бақылау орнату туралы заң Қазақстанның осы ұйым алдындағы міндеттемелеріне және халықаралық стандарттарға қарама-қайшы келетінін ескертілді.
Оның ішінде Миклош Харасти президент Нұрсұлтан Назарбаевтың назарын мынадай маңызды сәттерге аударды:
— Интернет форумдарды, блогтар мен чаттарды және тағы басқа интернет-ресурстарды дәстүрлі ақпарат құралдарына теңеу Интернетке деген құқықты негізсіз шектейді;
— Кез-келген бұқаралық ақпарат құралының өндірісін немесе таралуын тоқтатуға деген негіздердің тізімін кеңейтеді;
— Қазақстан азаматтарының шетелдік ақпарат құралдарына немесе кез-келген шетелдік Интернет-ресурсқа шығу құқын күрт шектейді.
Оған қоса жаңа заңда Қазақстан аумағына арналған шетелдік баспасөз құралының өкімдеріне сот арқылы тыйым салу мүмкіндігі де қарастырылған. Егер шетелдік БАҚ-тың ақпараты немесе өнімі Қазақстан заңдарына қайшы келеді деп табылса, ол БАҚ-ты тоқтату мәселесі арызданушының жерінде және жауап берушінің қатысуынсыз сотта қарала береді.
Жаңа заңның бұл нормасы, ЕҚЫҰ сарапшыларының пікірінше, Қазақстан аумағында шетелдердің Интернет-ресурстарына кіруге бөгет қоюды көздейді.
Зерттеу жұмысының Web-дизайнға кіріспе, Web-дизайн деген ұғым анықтамасы, Web-сайт құрылымы, Web-дизайнның негізгі ережелері, Web-бет элементтері және Web-дизайн технологиялары деген бөлімдерінде аталмыш тақырып ашылды. Web-дизайн деген ұғым анықтамасы бөлімінде жалпы ақпарат беріліп, қалған бөлімдерде кез-келген web-бет құрамында интернеттің әр ресурсының міндетті компоненттері болып табылатын стандартты элементтердің жиынтығы туралы мағлұматтар келтірілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Алексеева М.И Взгляд в будущее. — М., 2002.
2. Засурский Я.Н Система средств массовой информаций Россий, 2001.
3. Калмыков А.А, Коханова Л.А. Интернет – журналистика. — М., 2005.
www.ontustik.gov.kz
Краткий курс историй Интернета / Мир интернет, 1997. — № 11-12.
Наурызбай Ж. Ж. Этнокультурное образование. Алматы: Ғылым 1997.
7.Cолодовиченко Л.Н. Дидактические основы композиционного компьютерно-графического моделирования в подготовке студентов. — Караганда, 2001.
Скотт Э. Компьютернык технологий в журналистике. — М., 1999.
Федотова Л. Н. Массовая информация стратегия производства и тактика потребления.М, МГУ, 1996.
Рэддик Р., Кинг Э. Журналистика в стиле онлайн. — М., 1990.