Жер сілкіну кезіндегі са?ты? шаралары
Жер сілкіну кезіндегі сақтық шаралары
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға табиғаттың апатты құбылыстарының бірі-жер сілкінісі туралы мағлұматтар беру.Жер сілкінісі кезіндегі сақтық шараларымен таныстыру
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды екі топқа бөлдім .әр топқа жер сілкінісі жайында тапсырмалар бердім.2.Мұғалім жер сілкінуі жайлы қысқаша тоқталып өтті(Тақтадан тақырыпқа байланысты слайдтар мен видео ролик көрсетілді)3. 1-топ.Сейсмикалық аймақтар туралы баяндама4. 2-топ. Сейсмикалық қауіпті аймаққа жатпайтын аймақтар туралы баяндама5.Жер сілкінісі жайында жадынама6.Пікірталас . Жер сілкінуінің алдын алу сақтық шараларын көру арқылы апаттың алдын алу мүмкін бе? 1-топ «ия» 2-топ «жоқ»
7.Ұсыныс-пікірлер8.Қорытынды
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс.Олар кез-келген жерде пайда болуы мүмкін.Жер сікінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер үсті дүмпуін байқайды.
Жер сілкінісі жер қыртысында аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады.
Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басауы болған ошақтың негізгі нүктесі.
Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.
Жер сілкінісі - дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады.
Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф қүралы арқылы ғана байқауға болады.
Алматы қаласы мен Алматы облысындажыл сайын сейсмографтар 400 жер
немесе жер мантиясында болады.
Жер сілкінісінің төрт түрі бар.
Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.
Жанартаулық жер сілкінісі - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.
Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады.
Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.
Жер сілкінісіне жалпы мінездеме.
Орталық нүкте - жердің астында жер сілкінісі басталған (болған) орын.
Кіндік орталық - бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.
Ошақтың тереңдігі - орталық нүкте мен кіндік орталығының аралығы. Терең емес жер сілкінісі болған жағдайда ошақтың тереңдігі 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 километрге дейін болады.Жарықтың айырылған бөлігінің көлемі (ұзындығы) – сезілмейтін жер сілкіністерінде бірнеше метр және ірі жер сілкіністерінде бірнеше км-ге дейін жетеді. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөліктерінде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетіне де жетуі мүмкін.
Қатты дүмпудің ұзақтығы - орташа жер сілкіністерінде 2 секундтан 5 секундтқа дейін, ал күшті жер сілкіністерінде 20-дан 90 секундтқа дейін болуы мүмкін.
1-топ:
Мамырдың бірінші және екінші жұлдызында болған жер сілкіністері Алматы тұрғындарын әбігерге салды. Осының өзі-ақ қала тұрғындары мен төтеншеліктердің төтенше жағдайға дайын емес екенін анық көрсетті. Жапониядағы жағдайды еске алмай-ақ қояйық. Алда-жалда олай бола қалса зардабын болжау мүлде сүмкін емес. Ендеше жайшылықта дайындығымызды үнемі тексеріп, оқу-жаттығу жиындарына қатысып тұру (әрине төтеншеліктер тұрғындар арасында өткізсе) керек.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалады. . Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, адамдар , көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да инжинерлік ғимараттар, су құбырлары,канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезіндегі теңіз түбінен қозғалыс нәтижесіндегі теңіздің гравитациялық толқындары цунами пайда болып, құрылысқа үлкен бүлінушілік жасайдыЖер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы киломертр аумағында жер сілкіну қаупі бар.Бұл аумақта алты млн. халық тұрады.27 қала,400 ден астам елді мекендер бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.
2топ .2008 жылы 26 сәуірде Батыс Қазақстан облысында ірі жер сілкініісі болды.Оның эпицентрі Орал қаласынан 80 км оңтүстік шығыста, Шалқар көлінің шығыс жағында орналасқан.Шалқар көлі маңында 6 балдық жер сілкінісі кездейсоқ құбылыс емес.Кейбір ақпараттық құралдар жер сілкінісін Каспий маңы ойпатындағы қарқынды игеріліп жатқан мұнай-газ кен орындары әсерінен болған техногендік жағдай деп жазды.Шалқар көлі маңында болған жер сілкінісі осы ауданда жүріп жатқан табиғи карстық процеспен байланысты 3-4 км тереңдікте, кішігірім тектоникалық жарылымдар қиылысында орналасқан.Тез еритін тау жыныстар арқылы таралатын жер асты суы карстық қуыс туындатады.Оның төбесіндегі тау жыныстары қат-қабаттары құлап, жер бетінде сілкініс тудырады.Міне жер сілкінісінің басты себебі де осы болуы ықтимал.
Жер сілкінісі кезіндегі жадынама
Жер сілкінісі болған кезде қауіпті және қауіпсіз жерлерді білген жөн
-556260341630
Қауіпсіз жерлер 1.Терезе жақтағы бұрыш 2.Биік ғимараттар3.Биік ағаштар 4.Баспалдақ5.Лифт 6.Шам жағу қауіпті7.Электр желісі 8.Жер асты өткеліҚауіпті жерлер1.Босаға есік жақтауы 2.Ішкі бұрыш3.Мықты қабырға 4.Белағаш5.Ванна, тоңазытқыш 6.Парта, үстел, кереуетДалада:1.Ашық алаң2.Биік ғимараттардан аулақ болу3.Биік ағаштардан аулақ болу
Жер сілкінісі көрінісі
Пікірталас . Жер сілкінуінің алдын алу сақтық шараларын көру арқылы апаттың алдын алу мүмкін бе? 1-топ «ия» 2-топ «жоқ»
Екі топ өз пікірлерін білдірді.Жер сілкінісін кезіндегі сақтық шараларын,арнайы оқу жаттығуларды тек қана сейсмикалық аймақтарда яғни таулы аудандарда ғана емес жалпы республикамыздың барлық аймақтарында жүргізу.Кез келген табиғаттың тосын жағдайлары болғанда өзіне қорған болатын жолдарды табуға дайын болу.Қауіпсіздік шараларын үнемі есте сақтау және өзін,айналасындағыларды сабырға шақыруға дайын болу.
Сейсмикалық аудандарда ғимараттардың іргетасын жер сілкінісіне төзімді етіп талаппен салу және мүмкіндігінше шетелдік жеңіл ,мықты материалдарды пайдалану сияқты ұсыныс пікірлер айтылды.
Қорыта келе бүгінгі конференция сабақтың аясында оқушылар көптеген маңызды мәліметтер алғандығын айта отырып,алдағы уақытта жер сілкінісі кезіндегі сақтық шараларымен қауіпсіздік шараларын есте ұстайтындарын айтты.Болашақта өз пікірлері мен ұсыныстарының ескерілетіндігіне сенім білдірді.