Поурочный план по технологи БиС (Жер ?ыртысын т?зетін тау жыныстар)


Күні: 18.11.2016 Сыныбы: 6 Б Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Жер қыртысын түзетін тау жыныстары.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жер қыртысын түзетін тау жыныстары бойынша білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, танымдық белсенділігін арттыру,Тәрбиелік: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже, қойылған мақсатқа жету.
Әдісі: БжС технологиясы
Түрі: Ауызша-1
Көрнекілігі: Матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар, ДЖ физикалық картасы, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі мотивация. (2 минут)
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі біздің сабағымыз БжС технологиясының «Ауызша сабақ-1″ картасы негізінде өтеді. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік.
Көшбасшының айтқан тілегіне рахмет,қанеки,қол шапалақтайық.ООМ бойынша жұмыс.
ІІ.Сіздерге үйге “Литосфералық тақталар туралы ұғымдар” берілген болатын. Олай болса сұрақтарға жауап бере қойыңыздар.
ІІ. Қарама-қарсы сұрақтар. (6 мин)
Жер шарында неше литосфералық тақта бар? 7
Жеке дара жатқан тақталар? Наска,Тынық мұхит
Еуразия тақтасы қай алқаптарды алып жатыр? Атлант,солт Мұзды мұхит
Африка тақтасы қай аймақты қамтиды? Атлант,Үнді мұхиттары
Жеке дара жатқан тақталар? Наска,Тынық мұхит
Наска мен Тынық мұхит тақталарының ені қанша км-ге созылып жатыр? Мыңдаған км
Литосфералық тақталар қай қабаттың бетімен жылжып отырады? Мантия
Литосфералық тақталар жылына қанша см-ге ығысады? 2-5 см
Литосфералық тақталар бір-бірінен алшақтағанда жер бетінде не пайда болады? Жер қыртысы қақ жарылады
Литосфералық тақталар бір-бірінен алшақтағандықтан қандай жоталар пайда болды? Атлант,Үнді мұхит орталық жотасы
Су асты жоталары неше метір биіктікке көтеріледі? Екі - үш мың
Мұхит ортасы жоталарының тап ортасында не орналасады? Шатқалдар бұлақтар
Жарықтан шыққан қоймалжың зат тақталарға не өзгеріс береді? Шеткі бөліктерін өсіріп отырады
Тақталар қақтығысқан жерде магмалық ауыр жыныстардан тұратын мұхиттық қабық қайда енеді? Материктік қабықтың астына
Тақтаның төмен кеткен жерінде не пайда болады? Мұхит науасы
Мұхит науасын бойлай не созылып кетеді? Аралдар тізбегі
Наска тақтасы мен Оңтүстік Америка тақтасы аралығында не орналасқан? Анд тауы
Пайда болған науалардане не жинақталады? Шөгінді тау жыныстары
Тақталар ығысуын тоқтатпаса науадағы шөгінді жыныстардан не түзіледі? Таулар
Таулар қай жерде түзіледі? Тақталардың бір-бірімен соқтығысқан жерінде
Гималай тауы қай тақталардың соқтығысунан пайда болды? Еуразия мен Үнді аустралия
Еуразияның орта тұысындағы тау? Орал
Орал тауы қалай пайда болды? Дербес тақталардың соқтығысунан
Тақталар қай бағытта қозғалыста болады? Көлденең, жоғары төмен
Осыған байланысты таулада не өзгеріс болады? Таулар көтеріледі
3 оқушыға 1 сұрақты қоюға болады.Сұрақ 1-ақ рет оқылады,қайталанбайды. 3-еуі де білмесе (- ) қойылады. Төртінші оқушыдан сұрап, ол айтса + қойылады.
Бірінші белгі. Барлық оқушыларға қойылады.Және тақтаға Рим санымен < және > таңбалары жазылады.
Нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
ІІІ. Жаңа тақырып. (7 минут).
Жер қыртысының қозғалысы .Жер сілкіну. Мақсаты айтылады.Интерактивті тақтадан 14 тірек сөз шығып тұрады.Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады . Оқушылар сөздерді есте сақтап жатқа жазу керек.Оқушылар дәптер алмасып,бірін-бірі тексереді. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.
Тірек сөздер:
Тау жыныстары
Минералдар
Магма
Шөгінді
Су
Жел
Тұз
Органикалық
Өсімдіктер
Жануарлар
Химиялық
Кесек
Метаморфтық
Әктас
Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 14 сөз – 1 мин-15 сек.
ІV. Ұғынуды ұйымдастыру. ( 6 минут)
Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып шығады. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертеді.
V. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Қарама-қарсы сұрақ қою. (7 мин)
Мұғалім оқушыларды рет -ретімен емес ,ООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты тірек сөздерді қоса сұрайды. Оқушы түсінбеген жерлерін мұғалім түсіндіреді.
Қарама-қарсы сұрақтар.
1. Жер қыртысын толтырып жатқан табиғи денелерді не дейміз? Тау жынысы
2. Тау жыныстары қандай күйде кездеседі? Қатты,сұйық,газ
3. Тау жыныстарын құрайтын заттарды не дейміз? Минирал
4. Бір миниралдан тұратын тау жынысы? Тас тұзы
5. Тау жынысының қанша түрі бар? 1000 тарта
6. Жер қабатын құрайтын тау жыныстары тегіне қарай неше топқа бөлінеді?3
7. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары не деп аталады? Магмалық тау жыныстары
8. Грек тілінен аударғанда магма қандай мағана береді? Былғама,Қойыртпақ
9. Магма қайда орналасады? Жер қыртысының астында немесе мантияның жоғарғы қабатында
10. Магмалық жыныстардың қандай түрі көп таралған? Базальт,гранит
11. Жер қыртысының бетінде су,жел,мқздық т.б сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар? Шөгінді тау жыныстары
12. Шөгінді тау жыныстары қандай түрге бөлінеді? Кесек,химиялық,органикалық
13. Үгітілген кесектер сумен ағып не желмен ұшыпкөл теңіз түбіне жиналған тұнба жыныстарды не дейміз? Кесек шөгінділер
14. Теңіз бен көл тартылғанда көл тұнып суға түрлі заттар араласып жер қабатына қосылуынан пайда болған шөгінділерді не дейміз? Химиялық шөгінділер
16. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары қандай шөгінділерді құрайды? Органикалық
17. Өсімдіктердің шірімей жіне көміліп қалған қалдықтарынан не пайда болады? Шымтезек пен таскөмір
18. Теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдықтарынан не пайда болады? Бор
19. Шөгінді жыныстар жер қыртысының қандай қабатында таралған? Беткі
20. Шөгінді жыныстар барлық тау жыныстарының неше пайызын құрайды? 75%
21. Қалған 25% нелер құрайды? Магмалық және метаморфтық
22. Бордан не пайда болады? Әктас
23. Метамарфоза сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағана береді? Өзгеру
24. Метомарфозаның әсерінен әктас неге айналады? Мәрмәрға
25. Метамарфозаның әсерінен құмтас неге айналады? Каварцитке
Үшінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.VI. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сын тұрғысынан сұрау. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.Сын тұрғысынан сұрақтар. (7 мин)1. Тау жыныстарының 3 түрі бар. +
2. Кварц бір миниралдан тұратын тау жынысы. – Тас тұзы
3. Тау жынысының 1000 тарта түрі бар. +
4. Жер қабатын құрайтын тау жыныстары тегіне қарай 2топқа бөлінеді.3
5. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары шөгіндітау жыныстары деп аталады? - Магмалық тау жыныстары
6. Грек тілінен аударғанда магма Былғама,Қойыртпақ мағана береді?
7. Магма Жер қыртысының астында немесе мантияның жоғарғы қабатында орналасқан. +
8. Магмалық жыныстардың Базальт,гранит түрі көп таралған? +
9. Жер қыртысының бетінде су,жел,мұздық т.б сыртқы күштер әсерінен пайда болған тау жыныстар Метамортық деп аталады. Шөгінді тау жыныстары
10. Шөгінді тау жыныстары 2түрге бөлінеді?- 3 Кесек, химиялық, органикалық
11. Үгітілген кесектер сумен ағып не желмен ұшып көл теңіз түбіне жиналған тұнба жыныстарды Кесек шөгінділер дейміз. +
12. Теңіз бен көл тартылғанда көл тұнып суға түрлі заттар араласып жер қабатына қосылуынан пайда болған органикалық шөгі. –Химиялық шөгінділер
13. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары органикалық шөгінділерді құрайды. +
14. Өсімдіктердің шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан алтын пайда болады. - Шымтезек пен таскөмір
15. Теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдықтарынан көмір пайда болады. - Бор
16. Шөгінді жыныстар жер қыртысының беткі қабатында таралған?. +
17. Шөгінді жыныстар барлық тау жыныстарының 75% пайызын құрайды. +
18. Қалған 25% магмалық және метаморфтық тау жыныстары құрайды. +
19. Бордан тұз пайда болады. - Әктас
20. Метамарфоза сөзі грек тілінен аударғанда өзгеру деген мағана береді? +
21.Метомарфозаның әсерінен әктас құмға айналады. - Мәрмәрға
22. Метамарфозаның әсерінен құмтас каварцитке айналады. +
23. Тау жыныстарын құрайтын заттарды Минирал дейміз. +
24. Миниралдардың 3000 шамасында түрі бар. +
25. Суға тұздардың еріуінен органикалық шөгінділер пайда болады. – химиялық
Төртінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
Қол шапалақтау
VII. Талдау . Жер қыртысын түзетін тау жыныстар бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру үшін эссе жазасыздар. (5 минут)
Оқушылар дәптерлерін алмасып,бір-бірінің жазған эссесін тексереді.
(1 минут)
Бесінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ қойылады.
VIII.Рефлексия (2 минут )
IX. Бағалау . (2 минут)
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады.
4-5 белгі – 5 ұпай,
3-белгі – 4 ұпай
2 – белгі – 3 ұпай.
Сапа нормативі: оқушылардың 63/ -ы 5 ұпайдан алуы тиіс.
9. Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушыларға үйге тапсырма алады.