21-?асыр к?шбасшысы сайысы 1-4 сынып


Бастауышсынып мұғалімі Тусупбекова Дана Ерболатовна
«XIX ғасыр көшбасшысы» (Интеллектуалдық ойын)
Мақсаты :
Қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтарының негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тақырыптың  көкейкестілігі:
Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі «Оқу процесінде пән сабақтарында педагогикалық және логикалық ойлай алу,шығару тәсілдерін пайдалану арқылы  оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру.Қазақстан Республикасының Президенті –Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру жүйесін жаңарту барысында маңызы зор. Біріншіден ,оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» деп бізді,мұғалімдерді,ізденімпаздыққа,шығармашылыққа жетелейді.
Ұсынылып отырған «XIX ғасыр көшбасшысы» атты сыныптан тыс іс-шара бастауыш сынып оқушыларына арналған ана тілі,математика,дүниетану ,қазақ тіліні оқыту бағдарламаларына сәйкес құрылған. Құралдағы тапсырмаларда оқулықтағы тақырыптар және оқулыққа қосымша дидактикалық материалдар қамтылған.Жаңа заман талабына сай білім беру- бүгінгі таңда өзекті мәселе,шығармашылық қабілеті мол,жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет.
Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау тиімді құралдардың бірі. «Өзіңді білу-адамгершілікке жетелейді» деген неміс психологі Н.Энкльманн осыған байланысты өз басым оқытудың инновациялық технологиялары бойынша сыныптан тыс сабақтар өткізіп жүрмін.Осы талаптарды орындауында басты мәселе келешекте шығармашыл ,сауатты ұрпақты тәрбиелеу. «Білім көзі-бастауышта» демекші,осы құрал бастауыш сыныптардан бастап,оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға бағытталған. Сонымен бірге осы бағдарлама арқылы оқушылар негізгі пәндерден алған білімдерін жетілдіре түседі. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіруге бағытталады.
Міндеттері:
1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,шығармашылық ізденісін байқау.
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
3.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, ,белсенділігін арттыру,оқушының танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;
4.Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
5.Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
Жабаның жаңашылдығы:
Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет –ақ. Заман талабына сай қазіргі таңда білім беру жүйесінде интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық, патриоттық, ұлттық рухани қабілетті жетілдіруде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Оқушыны ғылыми –зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу оларды қызықтырып, ізденушілікке баулитын танымдық –ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекет ұйымдастырудың түрлері өте көп: біріншіден, репродуктивті іс -әрекетті, білімді үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі; екіншіден, “шығармашылық” сөзінің мағынасын “шығару, ойлап табу”. Бұл –жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі неде? Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден дарындылығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді. Оқушы ізденіс арқылы жетістіктерге жетеді. Нәтижесінде білім – ғылымға өте қабілетті жеке тұлғалар қалыптасады.
Күтілетін нәтиже:
Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру барысында келесідей нәтижелерге қол жеткіздім,олар:*Оқушының ой-өрісі дамиды.*Ойлау іскерлігі қалыптасады.*Ақыл- ойы жетіледі.*Есте сақтау қабілеті артады.*Қызығушылық қабілеті оянады.*Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.*Шығармашылықпен жұмыстанады.*Даму мониторингі айқын көрінеді,оқу үрдісінің сапасы артады.
Көрнекіліктер: сыйлықтар,слайд,интербелсенді тақта.
Қорытынды
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры– ұстаздың қолында» деп ел басы Н.Ә. Назарбаев
айтқандай ,жоғарыда ұсынған сыныптан тыс шара арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,шығармашылығын,ізденімпаздығын дамыту үшін, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Тақырыбы :«XIX ғасыр көшбасшысы» (Интеллектуалдық ойын)
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Оқушылардың барлық пәндерден білімдерін қайталау. 2. Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық,әңгімелеу,ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, шет тілі,дүниетану,ана тілі.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-кестелер, сигнал беретін бұйым, сұрақтар жазылған кестелер, сигнал карталары,интер белсенді тақта.
Сабақтың барысы. Кіріспе. Ойындағы берілген сұрақтар 3-4 сыныптың оқушыларына арналған. Ойынға әр сыныптан 10 оқушы қатысады. Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Сайыс кезеңдері
1 кезең БӘЙГЕ
2 кезең ПОЛИГЛОТ
3 кезең ҒАЖАЙЫП АЛАҢ
4 кезең ҚИЯЛ ӘЛЕМІНДЕ
5 кезең ЖОРҒА
І кезең. Бәйге.
Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,Шәкірттерге әділ шешім беріңізЖүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды ата.
Азайтудың компонентін ата.
Сөйлем дегеніміз не?
Нар деген не? (жалғыз өркешті түйе)
Ата Заң қашан қабылданды?
Судың 3 күйі
Абайдың бес нәрседен қашық бол дегені не?
Қазақ билерін ата.
Бітеу буын дегеніміз не?
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстарды ата.
Бөлудің компонентін ата
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Төрт түлікті ата.
Абайдың бес нәрсеге қашық бол дегені не?
Қазақ батырларын ата.
Тұйық буын дегеніміз не?
ІІ кезең.
«Жеті тілді білсең,
бар әлемді билейсің» деп келесі кезең «Полиглот»
«Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпайдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай. Ұпайы аз төрт оқушы ойыннан шығарылады.
1.Гүл өссе – жердің көркі,
. . . өссе – елдің көркі
2. Ел іші – алтын ...
3. Білімді өлсе,
Қағазда ... қалар
4.... – отбасынан басталады
Жұмбақтар
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктеп қайта түскенде
Өңі кірер даланың. (жаңбыр – дождь)
2.Балдан тәтті. (ұйқы – сон)
3. Үй үстінде ақ аю билеп тұр. (түтін – дым)
4. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (жер – земля)
5. Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып,
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тәмәм халық. (кітап – книга)
6.Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоңы бар, шапаны жоқ. (мысық – кот)
7. Ерте тұрдым
Алып ұрдым. (есік – дверь)
8. Аяғы жоқ жүреді
Аузы жоқ сөйлейді. ( хат – письмо)
9. Аласа тауда алуан алма,
Алқызыл болмай, аузыңа салма. (қызанақ – помидор)
10.Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді,
Су ішеді. (мәшине – машина)
11. Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың (тұз-соль)
12.Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем. (Жер мен аспан земля и небо)
Осы кезеңнен кейін екі ойыншы шығады, төртеуі қалады.
ІІІ кезең. ҒАЖАЙЫП АЛА
«Ғажайып алаңда» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі. Ұпайы аз 2ойыншы ойыннан шығады.
қазақ тілі математика дүниетану спорт мәдениет музыка
10 10 10 10 10 10
20 20 20 20 20 20
30 30 30 30 30 30
40 40 40 40 40 40
50 50 50 50 50 50
Қазақ тілі 10
Зат есім сұрақтары ? ( кім?не? нелер?кімдер?)
Қазақ тілі 20
Күн жылынды. Лепті сөйлемге айналдыр. (Алақай ,күн жылынды!)
Қазақ тілі 30
Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздер айт.
Жомарт - /сараң/ Жақсылық - /жамандық/
Қазақ тілі 40
Мәтін түрлерін ата./Әңгімелеу, сипатттау, пайымдау/
Қазақ тілі 50
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді қалай атайды? /күрделі /
Дүниетану 10
Бөле деген кім?(апалы-сіңлілі қыздардан туған бала)
Дүниетану 20
Түсті металдарды ата.(мыс,қорғасын,мырыш,алюминий)
Дүниетану 30
Гүлзар деген не?(екі жағына ағаш отырғызылып жасалған жол)
Дүниетану 40
Қазақстандағы ірі өзендерді ата.(Жайық,Іле,Ертіс,Сырдария,Есіл,Нұра)
Дүниетану 50
Қ.Р.Конституциясы қашан қабылданды?(1995ж 30 тамыз)
Математика 10
4 пен 3-тің көбейтіндісі нешеге тең?/12/
а=5 болғандағы 4+4•а= өрнегінің мәні н айт/24/
Математика 30
Шаршы мен тіктөртбұрыштың ортақ қасиеттерін ата./ барлық бұрыштары тік, қарама-қарсы қабырғасы паралель, төрт бұрышы бар/
Математика 40
Қосынданы санға көбейту кезінде көбейткіш 0-ге тең болса, өрнектің мәні нешеге тең болады? /мәні 0 болады (2+2)•0=0/
Математика 50
3 тәулікте неше сағат бар?/3•24= 72 сағат бар/
Мәдениет 10
Абай атынлдағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры қашан құрылған./ 1934 жылы/
Мәдениет 20
Есік қорғанынан табылған сақтардың ең құнды ескерткішін ата. /Алтын адам/
Мәдениет 30
Көшіп-қонып жүруге лайықтап жасалған, ыңғайлы баспана. / киіз үй /
Мәдениет 40
Белгілі жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармасы бойынша түсірілген киноны ата. /Менің атым Қожа /
Мәдениет 50
Бұл адамқазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, есімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Өнер музейіне берілген. /Ә. Қастеев/
Музыка 10
Құрманғазыдан бата алған күйші?
Музыка 20
Вокалдық музыканы орындаушы әншілер тобықалай аталады? /хор/
Музыка 30
Нотаның оң жағында нүкте тұрса, сол нотаға қанша ұзақтылық қосылады? /сол нотаның тең жартысындай ұзақтылық /
Музыка 40
Негізгі дыбыстарды жарты тон жоғарлату немесе төмендету белгілерін музыкада қалай атайды? / Қозғаушы белгілер немесе альтрация /
Музыка 50
Музыкалық шығармадағы үннің күші мен қаттылығының түрлі деңгейін не дейді? /динамика /
ІҮ кезең. ҚИЯЛ ӘЛЕМІНДЕ
Білімнің ұшқырлығын танып сен,Асыл тасып, асықпа,қалыспа сен.Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,Шапшаңдық бұл сайыста керек
«Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек. «Егер мен ел басы болсам», «Егер мен сиқыршы болсам»

Ү кезең.ЖОРҒА
Ойын толық, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда, жат дауыс та.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.
Жоғары, жоғары, жорғалаШапшаңдыққа таң қал ма.Ойындегенарталас, Жеңілеміндепойлама!
«Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.Екі оқушы 1 минуттың ішінде 10 сұраққа жауап беріледі. Әр жауапқа 1ұпайдан беріледі. Жалпы ұпай 10
Астана қаласындағы өзен? (Есіл)
Барлық қабырғалары тең фигура (шаршы)
Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (шаңырақ)
Алғаш мектеп ашқан қазақ педагогі? (Ы.Алтынсарин)
Қазақстан Республикасының 1- президенті? (Нұрсұлтан Назарбаев)
Не істеді?қайтті ? қай сөз табы (етістік)
Жазуға арналған құрал ? (бор)
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3)
Бас қала (Астана)
Киіз үйдің қабырғасын не деп атайды? ( кереге)
«Адам болам десеңіз» өлеңің кім жазды? (Абай)
Қыс мезгілінің екінші айы. (қаңтар)

Қорытынды:Жеңген оқушыны анықтап ,бағалау