XXI ?асыр к?шбасшысы сайыс


Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға діни экстремизмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімін тереңдету; тәрбиелік - ағымның теріс мәнін ашу, кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын ұғындыру арқылы тәрбиеге тікелей қатысты екенін анықтау, оқушыларды одан жирендіру; дамытушылық - жалпы сабақ барысындағы тыңдалған ойларын, білімдерін тиянақтап, жинақтау арқылы дамыта тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: баяндамаСабақтың барысыДіни ахуал, діни экстремизмге тосқауыл қою, алдын алу мақсатында бүгінгі сабақта жастар арасында, теріс діни ағымдардан сақтандыру жайлы әңгіме етпекпін. Бірінші мәселе бойынша Діни ахуал, діни экстремизмнің алу мақсатында, Отанды, туған жерді сүюге үндеп, әр жүректе патриоттық сезімді ояту керек. Яғни ол үшін: 1) қоғамдық ұйымдармен, ардагерлер мен ауыл ақсақалдары кеңесі бірлесіп, бүгінгі қоғам өміріндегі діни - саяси мәселелер жайлы библиографиялық шолулар өткізіліп тұрса игі; 2) ауыл жастары, оның ішінде жасы кәмелетке толмағандардың құқығы жайлы ережелерге толығымен тоқталып жатталуы тиіс; 3)«Теріс діннің керітартпа кеселдері» жайлы да біліп жүруіміз біз үшін де, жастар қауымы үшін де шарт. Яғни әр біріміз осы бағыттағы діни ахуалды бақылау, теріс ағымдағы діндерге және діни экстремизмге тосқауыл қою, олардың алдын алу бағытындағы пікірлерді және түрлі тәрбиелік - танымдық, түсіндіру жұмыстары жайлы біліп жүру әрбір жастардың алдына қойған мақсаты - міндеті екенін ұмытпаған жөн.
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестер және жасы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының бірлескен мәжілісі әр жылда өтіліп, жалпы жыл сайынғы пайыздың да нұсқалап отырылғаны мәлім. Ауыл бойынша мекемелерден адамдар шығарылып және учаскелік инспектордың қатысымен бір айда бір рет рейдтер ұйымдастырылуы керек. Ауылда немесе мектепте түрлі жат ағымда жүрген адамдар, оқушылар бар болса олармен діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің және жасы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының бекітілген ережесін толыққанды ұғындыру. Ауыл жанынан құрылған әдейі комиссияның ережелер жиынтығы өз міндеті категориясы болуы керек. Оның құрамында ауыл әкімі, мамандар, барлық мекеме басшылары, мектеп директоры бірлесіп жұмыс атқаруы арқылы жасы кәмелетке толмағандардың тәрбиесін қолға ала отырып, жалпы ағымның діни экстремизмінің мән - мағынасын жан - жақты ашу басты міндет болып табылады.
Діни ахуал, діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде құқық жөніндегі директордың есептері де көптеп кездеседі. Ақпарат орталығында «Діни экстремизм – қауіпті бағыт» тақырыбында жастарымен дөңгелек үстел басында әңгіме - сұхбат өткізілді. Жастар арасында зерделеу шараларын үнемі жүргізіп отырылуы керектігі нұсқалады. Әлемдегі лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизмнің бой көтеруі қауіпті жағдай екендігін тұрғындар арасында жан - жақты түсіндіріп, әсіресе, жастар арасында тәртіп бұзуға, өзінің қатарына өзгелерді тартуға ықпалы барларды алдын - ала ескертіп, бақылауды осалсытпау керектігі қаперге берілуде. Қорытынды Қорыта келгенде, жастары және жергілікті мектеп оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу бағытында жұмыстар жасақталған жоспарға сай атқарылып отырғаны біз үшін өте кемелді жұмыс болып есептелінеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сынып жетекшілері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар бірлесіп, жастарымыздың жағдайымен танысу, жас ұрпаққа теріс ағымдардан, дәстүрлі емес діннен аулақ жүруді ұғындыру, олардың сауалдарына жауап беру мақсатында алдағы күндері бірнеше кездесулер ұйымдастырылса біздер жұмыла қолдайтынымыз рас. «Отбасы тәрбиесінің потенциалын көтеруде ата - аналардың психологиялық, педагогикалық және құқықтық сауаттылығын жетілдіру жұмыстарының рөлі» атты бірнеше шаралар өткізіледі деп күтеміз. Мектепте діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнама толықтай сақталуы керек.. Біз қаншалықты жұмыс жасағанымызбен теріс діни ағымдарға бой алдырушы жасөспірімдер, маскүнемдік, шылым шегушілік, ұрлық, т. б. келеңсіздікке барушы мектеп жасындағылар қатары сиремей отырғанын жасыруға болмайды. Сондықтан, бірлесіп атқарып келген алдын алу шараларын, әсіресе, діни экстремизмге қарсы бітіспес күресті одан әрі пәрменді жалғастыруымыз керек.
Үйге тапсырма:«Діни экстремизмге бой алдырмау» тақырыбында шағын мәтін құрастырып келу.