XXI ?асыр к?шбасшысы интеллектуалды сайысы


Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау. Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
Түрі: Сайыс сабақ, ойын сабақ, жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, ағылшын тілі, математика, информатика, тарих, биология, география, музыка, спорт, салт-дәстүр.
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «ДОДА», «ОЙЛАН ТАП»«ЖОРҒА» кезеңдері
Жүргізуші: Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады – демекші ендеше талай ғұламаларды туғызған қазақтың қасиетті жерінің бірі ретінде білім ордамызда өткелі отырған
«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. Бүгін, біздің ойынымызға
6 сынып оқушылары қатысқалы отыр. Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
529844022225006 А Әбуов Айбын
6 Ә Ғазиз Альфия
6 Б Дәлубаев Айсұлтан
6 В Насырқызы Аянат
6 Е Меңдешов Уалтихан
Сайысымызды бастамас бұрын алдымен әділ қазы алқасымен таныс болайық.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Орынбасарова Ж және
педагог-организатор Төлепова С
Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз төрт турдан тұрады:
БӘЙГЕ, ДОДА, ОЙЛАН ТАП, ЖОРҒА
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
453961515367000«БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар жауаптарымен беріледі, әр сауал 10 ұпай болып есептелінеді.
2. Жауапқа екі минут уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды
3. Сайыс қорытындысы бойынша ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
«Сақ» мағынасы парсы жазбаларында қалай деп түсіндіреді?
А. Құдіретті еркектер
Ә. Жауынгер
Б. Жүйрік атты турлар
Жер өз білігін қанша сағатта айналып өтеді?
А. 22
Ә. 23
Б. 24
Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат атты елінде бек болып, жұрт басқарған жыр кейіпкері кім?
А. Қобыланды
Ә. Алпамыс
Б. Ер төстік
WinRar, WinZip, WinArj нелер болып табылады?
А. Компьютер құралы
Ә. Бағдарлама тетігі
Б. Архиватор программалары
201993526797000Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты?
А. 1978ж
Ә. 1973ж
Б. 1971ж
Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым
А. Бейнелеу
Ә. География
Б. Биология
Натурал сандар жиыны
А. Z
Ә. M
Б. N
Қашан? Қайда? Қалай? Не себепті? Қайтіп? Қанша? қай сөз табының сұрақтары?
А. Пысықтауыш
Ә. Есімдік
Б. Үстеу
Органикалық қосылыстардың тотығуы
А. Фотосинтез
Ә. Тыныс алу
Б. Цитоплазма
Натюрморт қай елдің сөзі?
А. Франция
Ә. Шотландия
Б. Англия
Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
А. төртеу
Ә.үшеу
Б. Алтау
Өмілдірік деген не? –
А. Киіз үй құралы
Ә. Арба дөңгелегі
Б. Ер тұрман әбзелі
521208012763500337312012700000
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
«ДОДА»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын
деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
5 (бес) адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде алты сұрақ болады, әр сұраққа дұрыс жауап берген ойыншыға 10 ұпай қосылады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған төрт ойыншы үшінші турға шығады, ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Сөздердің қайталануы арқылы жасалатын сөз табы (Қос сөз)
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі (Түбір)
Халықтың наным – сеніміне байланысты атын тура айтуға тиым салынған сөздер (Табу)
Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздер (Атауыш сөздер)
Адамның әр-түрлі көңіл – күйін немесе білдіретін эан жануарларды шақыруға қолданылатын сөздер (Одағай)
Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар (Сапалық және Қатыстық)
МАТЕМАТИКА
Екі қатынастың теңдігі не деп аталады? (Пропорция)
Кез келген рационал санды қандай периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады? (Шектеусіз)
Нөл санының модулі нешеге тең? (0 – ге тең)
Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не деп атайды? (Масштаб)
1 килограммда қанша грамм бар? – 1000 грамм
Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кімнің бойы ұзын? – Жанат ұзын
БИОЛОГИЯ
Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат (Цитоплазма)
Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (Ұлпа)
Микоскоптың ең негізгі бөлігі (Көру түтігі)
Өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіруі (Минералды қоректену)
Тыңайтқыштар қандай топтарға бөлінеді? (Органикалық, Минералды)
Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым (Биология)
ИНФОРМАТИКА
Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау керектігін түсінікті және дәл көрсететін нұсқаулар реті (Алгоритм)
Детектор, доктор, фильтр, ревизор қандай программалардың түрлеріне жатады? (Вирустан қорғау - антивирусты бағдарламалар)
Файлдарды сығу үдерісі (Архивтеу)
Бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдік алгоритм)
WinRar, WinZip, WinArj нелер болып табылады? (Архиватор программалары)
Арнайы жазылған, шағын көлемді, «көбеюге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті компьютерлік программа (Компьютерлік вирус)
ӘДЕБИЕТ
Суреттелген затты шамадан тыс асырып айту арқылы тіл әсерлілігін арттыратын көркемдік тәсіл (Гипербола не әсірелеу)
Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді суырып салып та, жазып та шығаратын, Аягөз ауданында 1802 жылы дүниеге келген жырау (Дулат Бабатайұлы)
Ойды сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен өзі айқын затты әсерлі леппен, сұрау түрінде айту (Риторикалық сұрау)
Прозаик, драмматург, жазушы, қоғам қайраткері, лирик және «Далада»өлеңінің авторы (Сәкен Сейфуллин)
«Жастар», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны» атты өлеңдері бар ақын (Ілияс Жансүгіров)
Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра асқақтата түсіру (Градация)
ГЕОГРАФИЯ
Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар (Плутон)
Жер бетінің белгілі масштаб бойынша жазықтықта шартты белгілермен кескінделуі (Географиялық карта)
Жер бетінде жыл маусымдарының ауысу себебі не? (Күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсу уақытының ұзақтығы)
Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде кішірейтілгенін көрсететін шама (Масштаб)
Дүние жүзіндегі ең биік тау? – Гималай
көктемгі күннің теңелуі қашан? (21 наурыз)
ТАРИХ
Көшпелі мал шаруашылығының түрлері (Көктеу, Жайлау, Күзеу, Қыстау)
Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа (Сақ)
Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады? (Микролит)
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі (Өнімді еңбек пайда болды)
Еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастаған тас ғасыры (Энеолит дәуірі)
327152029527500496189029273500Адамдардың шығу тегін жануар, өсімдік және табиғат құбылыстарымен байланыстыратын ұғым (Тотемизм)
Үшінші кезең «Ойлан тап» Жұмбақтар жарысы

Келді кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе
Жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек.
Бірінші болып қол көтерген оқушы жауабын айтады, жауап қате болса қарсыластарына кезек беріледі.
Әр толық жауап үшін үш (3) ұпай
Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар. (КІТАП – Книга - Book)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз – Слово – Word )
Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер – Тетрадь - Copybook)
Көп болса алыстайсың мезетпен қашықтайсың Асықсаң аз болады Табасың мұны қайсысың? (Уақыт – Время - Time)
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік – Дверь – Door)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп –Школа - School)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш – Линейка – Ruler)
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар. (Сағат – Часы – Watch)
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін. (Көз – Глаза – Eyes)
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл? (Ұстаз – Учитель – Teacher)
48501304445002693670889000ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ "ЖОРҒА”
1. Турға үш адам қатысады. Бірінші, екінші, үшінші турларда жиналған ұпайлары есептелмейді.
2. Қатысушыларға мектептен тыс 3 тақырып берілген. «Салт-дәстүр», «Тұлғалар», «Еркін тақырып» Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10;20;30;40;50 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қолкөтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады.
ТҰЛҒАЛАР
10. Қазақстанның тұңғыш саяхатшысы? – (Ш. Уәлиханов)
20. «Шұғаның белгісі» поэмасының авторы (Бейімбет Майлин)
30. Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді суырып салып та, жазып та шығаратын, Аягөз ауданында 1802 жылы дүниеге келген жырау (Дулат Бабатайұлы)
40. Әмір, Ербол, Базаралы, Үмітей, Керімбала, Біржан қай романның кейіпкерлері (Абай жолы)
50. Прозаик, драмматург, жазушы, қоғам қайраткері, лирик және «Далада»өлеңінің авторы (Сәкен Сейфуллин)
САЛТ-ДӘСТҮР
10. Айтыстың ең көне түрі – Бәдік айтыс
20. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген? – Жаңа түскен келін
30. Өмілдірік деген не? – Ер тұрман әбзелі
40. Үш қуатты ата? – Ақыл, жүрек, тіл
50. Жеті атаны ата? – Әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек, туажат
ЕРКІН ТАҚЫРЫП
10. Адай күйінің авторы кім? – Құрманғазы Сағырбайұлы
20. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? – Сара Назарбаева
30. ҚР-ның Білім және Ғылым министрі кім? (Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы)
40. Үңгір қабырғалар мен тастарға салынатын суреттер қалай аталады? – Петроглифтер
50. 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы олимпиада ойынында Қазақстан Республикасының қоржынында қанша «алтын» медаль болды? (7 жеті)
Жүргізуші: Міне біздің соңғы турымызда өз мәресіне жетті. Өте жақсы енді әділ қазылар сайыскерлеріміздің ұпай сандарын қорытындылап көрермендерге сұрақтар қойып, жауаптарын білейік.
49796703302000338328033020001701165330200019053302000
СҰРАҚТАР:
1. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
2. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
3. 3 пен 9 - дың көбейтіндісі?(27)
4. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
5. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)
1. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
2. Бөлу амалының компанеттерін ата?
3. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?(21)
4. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
5. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)
Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? (Айырма)
63 : 7 = …(9)
Не ауыр бір килограмм мақта немесе бір килограмм темір? (Бірдей)
Бөлшек сызығының үстіндегі сан қалай аталады? (Алымы)
Жазғы демалыс неше күн? (92)
Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? (Дұрыс бөлшек)
Ең кіші жұп сан. (2)
Бір тәулікте неше сағат. (24)
Жүргізуші: сайыскерлеріміздің ұпай сандары дайын болса, сөз кезеңін әділ-қазы алқасына береміз.
«XXI ғасыр көшбасшысы» атанған 6 «В» сынып оқушысын Насырқызы Аянатты құттықтаймыз.
Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.