Т?н?ыш Президент мерекесіне арнал?ан XXI ?асыр к?шбасшысы зияткерлік ойыны
«XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты :
1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды басқа пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.
2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3. Білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.
Іс-шараның барысы.
Ойынға қатысушылармен танысу.
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Тұңғыш Президент күніне арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасының ойынына қош келдіңіздер!
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1-ші қатысушы –9 сынып оқушысы- Хамзина Зарина
2-ші қатысушы – 9 сынып- Акласова Менсулу
3-ші қатысушы - 8 сынып- Жұмағұл Данагүл
4-ші қатысушы – 8 сынып - Серкеш Райымбек
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
- Әділқазылар алқасымен таныстыру:
1) Мектеп директоры: Тоқпанов Мейрам Саттарұлы
2) Қазақ тілі мұғалімі: Өміржанова Жансұлу Сапарқызы
3) Бастауыш сыныбының мұғалімі: Негмеджанова Кулән Сабырқызы
Ойыншыларға сұрақтар:
Болашақтағы арманың қандай, Зарина?
Қандай пәнді сүйіп оқисың, Менсұлу?
Өмірлік ұстанымың қандай, Данагүл?
Қандай мамандық иесі болғың келеді, Райымбек?
- Бүгінгі интеллектуалды ойын төрт асудан тұрады:
I асу – «Бәйге»
II асу – «Көкпар»
III асу – «Президентпен тілдесу»
IV асу – «Жорға»
ІІ асудан кейін ұпайы аз 1оқушы, ІІІ асудан соң 1 оқушы ойыннан шығады.
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын.
Басталады бәйге атты жарысың,
Шықсың шәкірт шыңдарға қол созатын.
Деп Бәйге жарысын бастаймыз.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!!!
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Бәйге
Шарты:
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне байланысты 10 сұрақ беріледі.
2. Әрсұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың дұрыс жауабын сайыскерлер алдарындағы парақшаға белгілейді.
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің жауап парағы сарапшыға беріледі.
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жері
А) Қарағанды облысы
В) Қаскелең ауданы, ОҚО
С) Алматы облысы, Қарасай ауданы *
2. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы, Шамалған ауданында қай жылы туды?
А) 6 шілде 1941 жыл
В) 6 шілде 1940 жыл*
С) 5 шілде 1940 жыл
3. 1960 жылы қандай оқу орнын бітірді?
А) Днепродзержинск техникалық училищесін *
В) Қарағанды металлургия комбинатын
С) Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін
4. Қарағанды металлургия зауытында қай жылдары жұмыс істеді?
А) 1960-1969 жыл *
В) 1973-1977 жыл
С) 1989-1991 жыл
5. Елбасымыздың бастамасымен ашылған оқу орны
А) Семей медициналық академиясы
В) Экономика және болжау университеті *
С) Семей мемлекеттік университеті
6. Елбасының неше баласы бар?
А) Дария, Динара, Әлия
В) Динара, Дариға, Дария
С) Дариға, Динара, Әлия *
7. Нұрсұлтан Назарбаев неше жасында Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды?
А) 51 *
В) 52
С) 41
8. Еңбек жолы неден басталды?
А) қара жұмысшы *
В) Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы
С) комсомол жұмыстарында жаууапты қызметкер
9. Елбасының ата-анасы.
А) Әбіш пен Нұргүл
В) Әбіш пен Әлжан *
10. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның жоғары үлгідегі қандай ерекшелік белгісімен марапатталған?
А) "Алтын қыран" ордені *
В) "Алтын мирас" орден"
С) "Алтын жұлдыз" ордені
Әділқазылар Бәйге жарысы бойынша қорытындысын шығарғанша сайыстың дұрыс жауаптарымен танысайық.
Әділқазылар Бәйге жарысы бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.
Өнерліміз өрге жүзер өнерде,
Білімдіміз, ойда – оқу біздерде.
Мақсатымыз – өнерлі болып жақсы оқу,
Өнер – білім тең тарады біздерге – дей келе енді келесі асу – Көкпар сайысымызды бастаймыз
Көкпар
Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынады. 12 ұяшықта «жанды сұрақтар» , «бейнелі сұрақтар» , «музыкалық сұрақтар» болады.Ескерту: ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады«Астана - арман қала» 10 20 30 40«Тәуелсіз Қазақстан» 10 20 30 40«Тұлға» 10 20 30 40«Астана- арман қала»10 Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? (Бейбітшілік пен келісім сарайы) 20 Жанды сұрақ(сұрақты дене шынықтыру мұғалімі Омаров абай Саркенұлы қояды): Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)30 Жанды сұрақ(сұрақты қазақ тілі мұғалімі Өміржанова Жансұлу Сапарқызы қояды): Ол Астананың символы.Биіктігі 97 метр. (Бәйтерек)40 Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? («Еуразия жүрегінде»)«Тәуелсіз Қазақстан»10 Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш қалай аталады? (Тәуелсіздік монументі)20 Жанды сұрақ(сұрақты бастауыш сынып мұғалімі Тюлебаева Бағдат Ер,алиқызы қояды): Еліміздің тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991жылы 16желтоқсан)30 Жанды сұрақ(сұрақты мектеп директоры Тоқпанов мейрам Саттарұлы қояды): Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)40 Музыкалық сұрақ: «Елім менің» музыкасы ойналады.Бұл қай ән? Сөзі мен әнін жазған кім? (Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев, әнін жазған Б.Тілеуханов)«Тұлға»10 Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады? (Теміртау )20 Бейнелі сұрақ: Бұл кім? (Дариға Назарбаева - елбасының үлкен қызы)30 Бейнелі сұрақ: «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? (Нұрлан Әлімжанов)40 Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі (гольф)
Әділқазылар алқасы Көкпар сайысы бойынша қойған бағаларынызды берсеніздер Ойынымыздың шарты бойынша ең аз ұпай алған 1 сайыскер ойынымыздан шығуы керек. Ол қай оқушы екен?
Саған рахмет! Болашақта үлкен жетістікке жетеді – деген оймен өзіңмен қоштасамыз.
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі – деп келесі «Президентпен тілдесу» сайысын бастаймыз.
Құрметті қатысушылар, бүгін біздің мектебімізге Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы келді деп елестетіңіздер. Біздің қатысушыларымыздың Президентпен тілдесуге мүмкіндік туды.
Тапсырма: Сендер Елбасымыздың туған күніне тілек айтуларың керек. Осы сайыста шешендік өнерлерің 20 ұпаймен бағаланады.
Әділқазылар алқасы осы сайысқа қойған бағаларынызды беріп, ойыннан шығатын 1 оқушының кім екенің хабарласаныздар.
Сайыскерлер алды-артын ондасын,
Шешілмеген сұрақтары қалмасын.
Бүгінгі ойын жеңімпазын
Мына отырған қазылар алқасы тандасын
Осымен сайысымыздың соңғы туры Жорғаға көшейік.
ЖОРҒА
1. Әртақырып 10 сұрақтан тұрады.
2. Сұрақтарға тез жауап қайтару керек
1 – ойыншыға сұрақтар
1.Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қашан жарияланды? (16.12.1991)
2. Мемлекетіміздің ресми аталуы (Қазақстан Республикасы)
3. Қазақстанның Тұңғыш Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
4.Қазақстанда жаңа жылды неше рет қарсалуға болады? (2 рет: 31 желтоқсан, 22 наурыз)
5. Қазақ хандығын құрған хандарды ата (Керей, Жәнібек)
6.Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия)
7. «Біздің Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» сөйлемін орысшаға аудар. (Наш Казахстан – независимое государство)
8.Қазақстанда 1-мамыр күні қандай мереке тойланады?
9. Қазақстан мемлекеттік жалауында не бейнеленген? (күн, қыран құс, ұлттық ою)
10. Шахтерлардың астанасы қай қала? (Қарағанды)
2 – ойыншыға сұрақтар
1. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата (Ту, Елтаңба,Гимн)
2. Қазақ хандығы қашан пайда болған? (1465ж.)
3. 1-желтоқсан күні Қазақстанда қандай мерекені тойлайды?
4. Қыс мезгілінің екінші айы (қаңтар)
5.18-ғасырда өмір сүрген 3 атақты билерді ата (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би)
6.Қазақстанның ұлттық валютасы (Теңге)
7. «Казахстан – многонациональное государство» сөйлемін қазақ тіліне аудар. (Қазақстан – көп ұлттық мемлекет)
8. Қазақстанда 7-мамыр күні қандай мереке тойланады?
9.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана қаласы)
10.Қазақстанда неше облыс бар? (14)
Тағы келеді сыналар щақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып.
Бүгінгі кештің жеңмпазы атанып
ХХІ ғасыр көшбасшысы болып тұр – деп, Сөз әділ қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті тындайық және бүгінгі ойын туралы, қатысушылар туралы бірнеше ауыз сөз айта кетсеңіздер.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» жеңімпазы _____ сынып оқушысы ___________________________________________________
Осымен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» шоу бағдарламасы аяқталды.
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың оты арындап,
Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!