ХХІ ?асыр к?шбасшысы зияткерлік сайысы



Мақсаты: Оқушылардың дарынын ұштауда алдымен пәнге деген қызығушылығын оята отырып, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру бүгінгі күннің өзекті талабы. Оқушылардың ойлау қабілетін, жауапкершілік, табандылық, тәртіптілік және тағы басқа тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу
1 - жүргізуші: Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
1 - жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамыздаСіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдіктіКімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
1 - жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
2 - жүргізуші:
1 – ойыншы 11 cынып оқушысы Еслямоа Аян келешекте экономист болуды армандайды.Өмірлік ұстанымы: “Тек қана алға, ешқашан қажыма.”
2 – ойыншы 11 cынып оқушысы Амантаева Гульназ келешекте Бортсерік болуды армандайды. Өмірлік ұстанымы: “Әрдайым ақылды,сұлу және батыл болу”
3 – ойыншы 11 cынып оқушысы Кабилова Азиза Келешекте аудармашы болуды армандайды.Өмірлік ұстанымы: “Ерінбей еңбек етсең ғана, мақсатыңа қол жеткізесің.”
4 – ойыншы _10 cынып оқушысы Серәлі Саян Келешекте саясаткер болуды армандайды. Өмірлік ұстанымы: “Көргеннен,білгеннен аспау – ой мешеулігі.” Ғ.Мустафин
5 – ойыншы 10 cынып оқушысы Махамбетов Жарас Келешекте әскери қызметші болуды армандайды. Өмірлік ұстанымы: “Отан үшін отқа түс күймейсің.”
6 – ойыншы 10 cынып оқушысы Токтасын Бахтияр Келешекте экономист болуды армандайды. Өмірлік ұстанымы: “Талап еңбек терең ой, қанағат рақым ойлап қой.”

7 – ойыншы 9 cынып оқушысы Амантай Дастан Келешекте инженер болуды армандайды. Өмірлік ұстанымы: “Әрқашан алға бағыт ұстау, қиындыққа қарамай, шыдамдылықпен болашаққа жол ашу.”
8 – ойыншы10 cынып оқушысы Назымбек Мұхаммед Келешекте экономист болуды армандайды. Өмірлік ұстанымы: “Тек қана алға, ешқашан қажыма!”
1 - жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз турдан тұрады:
Таныстыру
БәйгеКөкпар
Полиглот
Жанды дауыс
«Сөз ойла, тез ойла»
«Жас қалам»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
2 - жүргізуші: I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
1 - жүргізуші: Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Дұрыс бөлшекті көрсет: 55 ; 38; 127а) 55 б) 38 в) 1272. Ондық бөлшектерді азайтындар: 22,5 – 9,234
a) 13,334 б) 13,256 в) 13,266
3. Ең кіші үш таңбалы санды ата?
а) 999 б) 111 в ) 100
4. Дәлелденбейтін үйғарым:
А) теорема
б) аксиома
5. Тәуелсіз айнымалы:
б) функция
в) аргумент
6. Ондық бөлшек түрінде жаз: 6110а) 6,4 б) 6,1 в) 6,25
7. «Р» математикалық мағынасы қандай:
а) периметр б) пирамида
8. Квадраттың қабырғасы 9см, периметрі нешеге тең?
а) 81cм
б) 36 см
в) 18 см
9. Үшбұрыштың ауданының формуласы
a) S=12 ahб) S=a+bh2
10) Трапецияның қабырғалары 10 см және 9 см. Орта сызығы қанша
А) 9,5
б) 10
в) 9
2- жүргізуші: Келесі айналым - «Көкпар» Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Логикалық сұрақтар
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды.
Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады.
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді?
Графика
у=ах+вx²+y²=R²
у=kx функциясының графигі?Формула
V=abc қандай геометриялық фигураның көлемі?
S=a+bh2 қандай фигураның ауданы?
ах2+вх+с=0 қандай теңдеу?
2 - жүргізуші: Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Жұт ...... ағайынды (жеті– семь - seven )
2. Геометриялық негізгі ұғым ( нүкте – точка - point )
3. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір- острый –sharp (keep))
4. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. ( түзу- прямая - straignt )
5. Екі қолға ...... күрек «бір-один- one»
6. Жігітке жеті өнер де аз , неше өнер көп емес? (жетпіс – семьдесят- seventy)
7. Бір нүктеден шығып екі сәүледен құралатын геометриялық фигура (бұрыш - угол- angle)
8. Отыз тістен шыққан сөз неше рулы елге жайылады?
(отыз - тридцать - soty)

2 - жүргізуші:
Келесі кезекте: «Жанды дауыс» бұл сайыста негізгі пән бойынша сұрақтар беріледі.
Қандай сан 5-ке бөлінеді?
Пропорцияның негізгі қасиеттері тұжырымда.
Параллель түзулердің үшінші түзумен қиғанда ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы неге тең?
196 нешеге тең?Ең кіші жай сан
1 - жүргізуші: «Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
Сенің атың кім?
Сен нені армандайсың?
Қайда барасың?
Сен не ұнатасың?
Досыңа туған күнге не әпересің?
Қыста не болады?
Мектепке немен келесің?
Демалыста қайда боласың?
Алманың түсі қадай?
10. Достарыңа тілек2 - жүргізуші: ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
2 - жүргізуші: Келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
1 - жүргізуші: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз2 - жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскеншеКөк байрақ, желбірей түс көгімізде!