Тарих п?нінен сыныптан тыс шара ХХІ ?асыр к?шбасшысы (10 класс)


Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
(10-сынып)
Өткізген: тарих пәні мұғалімі Наурызгалиева К.А.
2015-2016 оқу жыл
10 сыныпСайыс мақсаты: Білімділік: Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар алдында тіл мәртебесін көтеру. Ана тілдеріне деген мақтанышын ояту. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде  пайдалануға үйрету.Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту.Дамытушылық: Эмоционалды – танымдық ортасын кеңейту. Көңіл қоя білу, ойда сақтау, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, тиянақты сөйлеу әдеттерін жетілдіру.Тәрбиелік: Мақал — мәтелдер арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сигналдық дөңгелекшелер, қоңырау, сыйлықтар, мадақтама қағазы, алғыс хаттар, тест тапсырмалары.Сайыстың барысы:1. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру2. Жүргізушінің кіріспе сөзі, мақсатын түсіндіру, әділ — қазылар алқасын сайлау3. Сайыскерлердің өзін — өзі таныстыруы.4. Ойын ережелерімен таныстыру5. 4 турдан тұратын зияткерлік – танымдық ойын.І. Жалпы сұрақтарІІ. КөкпарІІІ. БәйгеІV. Жорға— Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар ұжымы. — Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Ең алдымен әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ-қазылар алқасын таныстыру.
Ағылшын пәні мұғалімі— Құрмаш Ж.Қ.
Психолог-тәлімгер – Жубатова Д.
Тарих мұғалімі- Наурызғалиева К.А.
Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,Келіп түр егемендік замандарың.Қазақ болып туғанмын жер үстінде,Және де сол тіл үшін жаралғанмын — деп бүгінгі сайысты бастайық.Қатысушыларды таныстыру.
1-ші қатысушы —Демеуова Аяжан
2-ші қатысушы —Меңдіхан Шерхан
3-ші қатысушы —Рауова Нәзерке
4-ші қатысушы —Сағынова Гүлім
5-ші қатысушы —Августина
6-шы қатысушы —Ерсайынов Фархад
Ал, сайыскерлер, дайын болсақ бастайық. Баршаңызға сәттілік тілеймін.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
«Жалпы сұрақтар»
Алты адам қатысады.1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
1-сұрақ. Елбасының анасының есімін атаңыздар
2-сұрақ. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?
3-сұрақ. Грек тілінен аударғанда “халық билігі” деген мағына беретін сөз
4-сұрақ. Елбасының шыққан руы қандай?
5-сұрақ. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды?
6-сұрақ. “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?
7-сұрақ. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
8-сұрақ. Тұңғыш қазақ демограф ғалымы кім?
9-сұрақ. Елбасының толықтыруымен өңделген Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әні қай жылы Әнұран ретінде қабылданды?
10-сұрақ. Қай жылы Алматыда Дүние жүзі қазақтарының І құрылтайы өтті?
Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ «Көкпар»
Тәуелсіз Қазақстан, Тұңғыш елбасы, Тарихи тұлғалар, Ата Заң, Еуразия жүрегі – Астана,
Әлемдік қауымдастық .
Әр ұяшықта 5 сұрақ-тапсырмадан, әрқайсысына 10 балдан беріледі.
*Еліміз өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жариялады?
Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні мейрамы қашан тойланады?
Тәуелсіздіктің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш
Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет
1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады?
* Қазақ КСР-гі тұңғыш президент сайлауы қашан өтті?
Елбасымыз Украина жеріндегі қай қалада техникалық училищені аяқтады?
Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады?
Елбасының ақындық шабытынан туып, әнге айналған, МузАРТ тобының орындауындағы сазгер А. Қоразбаевтың әніне жазылған өлеңін атаңыз
 1997 жылы баспасөзде жарияланған елбасының Қазақстанның алдағы уақыттағы дамуына арналған стратегиялық жоспары
*
— Қорытынды жасаймыз.
     Ең коп ұпай жинаған 3 катысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз
Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз
Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз -дей келе  біз  «БӘЙГЕ»  кезеңін бастайық.
«Бәйге»
Үш адам қатысады. 1-2 турда жиналған ұпай үшінші турда сақталады.  Үшінші турда «1-желтоқсан Президент күніне» орай елбасыға қатысты тың сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 3 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.2. Әр тақырыптың ішінде төрт сұрақ болады.3. Жауап ауызша беріледі.4. 3 тур барысында барынша көп ұпай жинаған екі ойыншы соңғы турға шығады.
Балалық шағымның аспаны - Тұлға - Зиялы елбасы
Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ
Мәңгі  бақи  есте  қалар
Ғажайып  бір  сайыс  болсын
Білімдірек  шәкірт  озар
Қиынырақ  сұрақ  болсын — деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік.
”ЖОРҒА”
Әр сайыскер бір минут арасында берілген сұрақтарға жауап берсе, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.
1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
 1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
3.Халқаралық тіл (ағылшын)
4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)
5. Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
6. Ұшақтың терезесі (иллюминатор)
7.Италияда Буратинаны қалай атайды? (Пиноккио)
8.Бала дәрігері (педиатор)
9.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
10.Мұсылмандар діні (Ислам)
11.Жаздан кейін не келеді? (күз)
12. Күрестің бір түрі. «Өзін-өзі қарусыз қорғау» дегенді білдіреді. Ол күрестің қай түрі? (самбо)
13.Бір жылда 12 не бар? (ай)
14.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)
15. 61 жас неше мүшел (5)
 2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1.4-ші мүшел неше жас? (49)
2. Бетінде оюлары бар киізден жасалған үй жабдығы (сырмақ)
3. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)
4.Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)
5.Жер серігі (Ай)
6.Иттер туралы ғылым (кинология)
7.Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан? (Кажымұқан Мұнайтпасов)
8.Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)
9.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
10.Қыран құсты баулып, аңға салатын адам? (құсбегі)
11. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
12.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)
13.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек)
14.Құстарды зерттейтін ғылымды қалай атайды? (орнитология)
15.Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс)
Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі.