CЫныптан тыс саба?Ж?лдызды бестік(2сынып)


Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі
Жұлдызды бестік (интеллектуалдық жарыс сабақ)

Сулейманкулова А.С
Сабақтың тақырыбы:Жұлдызды бестік
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін терендету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой-өрісінің жетілуін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау. Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету.Ой өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқу-білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, еңбек ете білуге, жылдамдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд,суреттер,тапсырмалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз: Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар «Ақыл озбайды, білім тозбайды» демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін XXI ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарыспақшымыз.Бүгінгі ««Жұлдызды бестік»» интеллектуалдық жарыс сабаққа қош келідіңіздер!. Бұл жарысқа 2-сыныптың «Балапан», «Қошақан», «Қуырмаш», «Ботақан» атты топтары қатысады.(оқушыларды шақыру)
I.«Сәлем-сөздің анасы» демекші әр топ өздерін таныстыру.
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында .
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр бойында.
1-топ:«Балапан»  Ұраны:Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар.
2-топ:«Қошақан» Ұраны:Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ.
3-топ:«Ботақан» Ұраны:Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні кәріп.
4-топ: «Қуырмаш » Ұраны:Оқу -білім бұлағы,білім-өмір шырағы»
I-жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба ,орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазыларды сайлап алайық.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
І-кезең:«Зымыран сұрақтар»
ІІ-кезең:: «Тапқыр болсаң,тауып көр»
ІІІ-кезең:«Ойлы болсаң,озып көр»
ІV-кезең: «Қызықты төрттік»
V-кезең: «Жұлдызды бестік»
І-кезең.«Зымыран сұрақтар » бұл бөлімде оқушыларға әр түрлі тақырыптағы он сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. 
1-топ: 1.Балық қайда болады?
2. Түнде не көресің ?
3.Аквариумда нені өсіре аламыз?
4.Сумкаңда не бар?
5.Қандай аяқ киімді майлауға болады?
6. Жапырақ қай кезде сарғаяды?
7. Құстың негізгі тұратын мекені?
8.Қай дауыссыз дыбыстан сөз басталмайды?
9.Сенің атаң әкеңе кім?
10.Асханада не істейсің?
2-топ:1. Алтын күнастында не бар?
2. Алма берсем жейсің бе?
3. Жылдың неше мезгілі бар?
4. Түйе сүті?
5.Тауық жеті қазынаға жата ма?
6. Кімге сәлем жолдайсың?
7. Бір жылда неше ай бар?
8. 7 онд. 8 бірл. Қандай сан?
9. Ит жеті қазынаға кіре ме?
10. Ән салатын қандай құс?
3-топ: 1.Бағдаршамның  көздері
2. Аптадағы күн саны
3.Алма ағашының жемісі
4.шашыңның түсі қандай?
5. Оң қолдағы саусақ саны
6.Тақтаға немен жазады?
7.Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
8.Қыстыңкөркі не ?
9. Екі сабақтың ортасында не бар?
10.Түнде аспанда не көрінеді?
4-топ:
Атаң мен әжеңе сен кімсің?
Қымыз қай малдың сүтінен жасалады?
Көру мүшесі.
Мемлекеттік тіл.
Қышқыл жеміс.
Қасиетті тағам.
Құстың үйі.
Кесе, қасық- бұл не?
Әр адамның шағын отаны.
Суды немен ішесің?
 
ІІ-кезең: « Тапқыр болсаң,тауып көр»
1-жүргізуші:Өз тілін жетік біліп үйренсе кім, Ең жақын құрбысы Жиреншенің. Оқушылар сергітіп бірін-бірін Шешендігін көрсетсін бүгінгі күн. Бұл бөлімінде жұмбақ жасырылады. Жұмбақтарға жауап беріп, орыс және ағылшын тілдеріне аудару1. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады (қар- снег) 2. Өзі жерде бұғып тұрады, Сақалы сыртқа шығып тұрады. (сәбіз-морковь) 3. Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай (әтеш- петух) 4. Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр. Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр. (жаңбыр-дождь) 5. Қорықпайды күшті аңнан ,Қорқады тек тышқаннан (піл-слон) 
6. «Қабат-қабат қаттама,Ақылын болса аттама.»
7. «Мүйізі айдай иілген,Мұрның көкке шүйірген»
8.«Өзі ширақ, өзі қу,Жүрген жері айқай-шу.»
9.Жазу жазып жалықпаған,Жаза- жаза арықтаған(бор-мел)10.Алты қырлы,алтын сырлы (қалам-ручка
11.«Тонын кие туған, Жалап бетін жуған»
12.Асты тас,үсті тас, Ортасында піскен ас(нан-хлеб)
2-тапсырма «Шабытты шәкірт» - ана тілі пәні.Жалғасын тап:
1) Маң-маң басқан,маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
( Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан)
2) Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
( Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!)
3) Саған білім жемісін
Оқулығын береді.
( Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді)
4)Жағы қалақтай,
Мойны садақтай ...................
5) Қай ертегі кейіпкерлері.Ертегіні аяқта
6)Сәбилік көңілден
Арналды бұл әнім,
( Баулитын өмірге
Ақылшым –мұғалім)
7)Дүниеде болады екен қоян мықты,
Жабылып он бес жігіт зорға жықты.
8. ) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
( Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.)
ІІI кезең: «Ойлы болсаң,озып көр»1-жүргізуші:Қатыссаңдар көтерілер көңіл-күйің  Ойынның ойнайсыздар неше түрін  Логикалық есепті шеше білсең,  Мақсатқа жетеміз-ау бізде бүгін. 
Бұл бөлімде 8 логикалық есеп беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.  1.Табақта 7 алмаҚолымда 5 алмаБарлығын қосқандаБолады неше алма? (12алма)
2. Дуалдың астынан мысықтың 4 аяғы, тауықтың 2 аяғы көрінді.Дуалдың сыртында неше мысық,неше тауық бар? (1 мысық, 1 тауық) 
3.Балалар еңбек сабағында орындыққа 12 аяқ дайындады.Бұл неше орындыққа жетеді? (3 орындық) 4. Тал басында тізіліп,Он жапырақ тұр еді,Жел соқты да үзілді ,Ұшып кетті біреуі.Ізінше оның үзіліп  ,Түсті тағы бесеуіТұр әлі де ілініп,жапырақтың нешеуі? (4 жапырақ)5.Бірінші қатарда 7бала отыр,екінші қатарда одан 4 бала артық отыр.
    Екінші қатарда қанша бала отыр?(11)
6. 5+5+5 неше болады(15)
7. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (Құрамында әрпі бар өрнекті)
8.Бір – бірімен жарысқа,Бес аю, бір арыстанЕкі қой мен үш түлкіБәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)
2.«Ойлан,тап»
-20574067310 Төртінші артығын тап
31089601270-10096549530
3-топ:Себетегі есептерді шығар 4-топ:Аңдарға көмектес

315658525717500
ІV-кезең:"Қызықты төрттік"
Бұл бөлімде оқушылар нөмірлері жазылған ұяшықты таңдайды. Өздерінің таңдауы бойынша әр пәндерден сұрақтарға жауап береді.Пәнді таңдай отырып, сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсек, 5 ұпай аламыз.
Жауап бере алмаса қарсыластары сол сұраққа жауап бере алады.
1 2 3 4- 1 - математика
1 2 3 4 2-ана тілі
1 2 3 4 3-қазақ тілі
1 2 3 4 4-дүниетану
Математика 
1.9 бен 4-тің қосындысы  нешеге тең? (13-ке)
2.1 ғасырда  нешежыл  бар?  (100жыл)
3.Қызықты математика
3. Бейне сұрақ
Қазақ тілі
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке)
2. Сөз неден құралады? (дыбыстан)
3. л, м, н, ң, р, й, (у)  қандайдыбыстар?
4. Мәтін түрлерін атаңдар (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
Ана тілі 
1. Бейне сұрақ .Бұл кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
2.Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
3. Мына тұлға кім? (Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев)
4. Мына тұлға кім?   ( Ұлы отан соғысының қос жұлдызы.Батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова  мен Мәншүк Мәметова).
Дүниетану
1. Адам немен тыныс алады? (ауамен)
2. бейне сұрақ . Бұл кім?
3. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)
4.Бейне сұрақ:Қай қала?
V-кезең: «Жұлдызды бестік»топ ішінен жұлдызды бестікті анықтау
Жұлдызшалар берілген,әр жұлдызшадағы сөздерден сөз табу
Құлыншақтар Балапандар Қуырмаштар Қошақандар
2. «Топ басшылар сайысы»
1-топ: а) Біздің Республикамыз қалай аталады?
Ә)Кім барлық тілде сөйлейді?(Адам,Жәндік,Жанғырық)
2-топ: а) ҚР-ның Президентін Білесің бе?
ә) Бір торда үш қоян отыр еді.Үш оқушы бір –бірден таратып алды.
Сонда торда әлі де бір қоян қалып қояды. Ол қалай?
3-топ: а)ҚР-ның рәміздерін ата?
ә) Теңізде қандай тастар табылмайды?
4-топ :а) 3 түйеқұс ұшып келеді. 1-і аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?
ә) Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (Елес,Көлеңке,Сурет)
VI.«Мен болашақты суреттеймін»оқушылардың тілегі
VII.Әділқазыларға сөз беру. Сайыскерлерді марапаттау.
.Білімнің мініп алып тұлпарына Қиналмай шықтық, міне, шыңдарына Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер Бар ізгілік тек білімнен алынар Білімменен аспанға жол салынар,- дей отырып, бүгінгі «Жұлдызды бестік » атты интелектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.
)

-91440499110

-16764070485
381032385
1752602603500

173736019748500
-272415575310
05104765
Құлыншақтар
Балапандар

Қуырмаштар
Қошақандар