География п?нінен сыныптан тыс ж?мыс ЭСПО (5-класс)


ЭКСПО туралы мәлімет2015/2016 оқу жылы
style.rotation
style.rotation Дүниежүзілік көрме (ағылш. World's fair) немесе Экспо (Expo)-  индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. ЭКСПО өткен қалалар 1851 — Лондон, Англия 1855 — Париж, Франция 1862 — Лондон, Англия1867 — Париж, Франция1873 — Вена, Австрия1876 — Филадельфия, Пенсильвания 1878 — Париж, Франция 1886 — Мельбурн, Австралия1888 — Барселона, Испания1889 — Париж, Франция1893 — Чикаго, Иллинойс, АҚШ  1894 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ1895 — Атланта, Джорджия, АҚШ1897 — Брюссел, Бельгия1900 — Париж, Франция1901 — Буффало, Нью-Йорк (штат), АҚШ1904 — Сент-Луис, Миссури, АҚШ1905 — Льеж, Бельгия1906 — Милан, Италия1907 — Дублин, Ирландия1907 — Хэмптон-Роудс, Виргиния, АҚШ1908 — Париж, Франция1909 — Сиэтл, Вашингтон, АҚШ1910 — Брюссел, Бельгия1911 — Турин, Италия1913 — Гент, Бельгия1915 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ1915 — Сан-Диего, Калифорния, АҚШ1922 — Рио-де-Жанейро, Бразилия1924 — Уэмбли, Англия1925 — Париж, Франция1926 — Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ1929 — Барселона Испания және Севилья, Испания 1930 — Антверпен, Бельгия1930 — Льеж, Бельгия1931 — Париж, Франция1933 — Чикаго, Иллинойс, АҚШ1935 — Брюссель, Бельгия1937 — Париж, Франция 1939 — Нью-Йорк, АҚШ1939 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ1958 — Брюссел, Бельгия1962 — Сиэтл, Вашингтон, АҚШ1964 — Нью-Йорк, АҚШ1967 — Монреаль, Канада 1968 — Сан-Антонио, Техас, АҚШ1970 — Осака, Жапония1974 — Спокан, Вашингтон, АҚШ1975 — Окинава, Жапония1982 — Ноксвиль, Теннесси, АҚШ1984 — Новый Орлеан, Луизиана, АҚШ1985 — Цукуба, Жапония1986 — Ванкувер, Канада1988 — Брисбен, Австралия1992 — Севилья, Испания 1992 — Генуя, Италия1993 — Тэджон, Оңтүстік Корея1998 — Лиссабон, Португалия2000 — Ганновер, Германия2004 — Сена-Сен-Дени, Франция2005 — Нагоя, Жапония2008 — Сарагоса, Испания2010 — Шанхай, ҚХР2012 — Йосу, Оңтүстік Корея2015 — Милан, Италия2017 — Астана, Қазақстан2020 — Көрмені өткізу үшін Аюттхая (Таиланд), Дубай (БАӘ), Измир (Түркия), Сан-Паулу (Бразилия), және Екатеринбург (Ресей) қалалары бақ сынасады. ЭКСПО өткен мемлекеттер Бүкіләлемдік көрмелер тарихыБүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол өте ежелгі және өкілетті халықаралық құрылымдардың бірі (оған 166 ел мүше). Халықаралық көрме бюросы халықаралық көрмелер принциптері мен мақсаттарының сақталуын, халықаралық қызметтесу шеңберінде білім беру, инновациялар саласында, жалпыадамзат мәселелері бойынша пікір алмасу жөніндегі ғаламдық сұқбат-кездесулер ұйымдастыруды қадағалайды. Кейде Бүкіләлемдік көрмелермен қатар салтанатты даталар мерекеленді. 1889 жылы Парижде Француз Революциясының жүз жылдығы атап өтілді, 1876 жылы Филадельфияда  АҚШ тәуелсіздігінің жүз жылдық мерейтойы атап тойланды; 1893 жылы Чикагода және 1992 жылы  Севильяде Американың ашылуының бес жүз жылдығы атап өтілді, 1915 жылы Сан-Францискода Панама каналының ашылуы мерекеленді. Бiрiншi дүниежүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонмен таза шыны мен болаттан тұрғызылған Хрусталь сарайы болды. Әлемдегі ең үлкен күмбезі бар Ротонда, 1873 жылғы Венадағы Бүкіләлемдік көрме1873 жыл ХКБ Уоллес фонтаны, Париж көрмесі, 1878 жыл ХКБ Бүкіләлемдік көрмелер – колониалдық алыптардың қаруы Дүниежүзілік көрме-1889, Парижде Мануфактуралар павильонының террассасынан көрініс, Чикаго, 1893 жыл ХКБ Болашақтың Бүкіләлемдік көрмелері. Париж, 1900 Германия павильоны, Барселона -1929 Токио сарайыАрхитектор Дондель мен Обер. Париж 1937жыл ХКБ. 1958 жылғы Брюссельдегі Бүкіләлемдік көрмедегі  “Такси-трициклдар” Бүкіләлемдік көрмелер көңіл көтеру мен демалыстың мекеніне айналды: Монреальдағы “Ла Ронд” паркі, Осакадағы “EXPOland”.  1967 жылы Монреальде Роман Кройтердің “Лабиринт”фильмі көрсетілді, оны түсіруге және экранға шығаруға 4,5 миллион доллар жұмсалды. 1992 жылғы Севильядағы Экспо Өзен және теңіз навигациясының павильоны, А.О. Агеса. Джама Дж.Вил павильоны конустық нысанның белгілері. Айчи 2005 жыл. Көрме алаңы, Айчи, 2005 жыл. 2008 жылғы 14-маусынан 14-қыркүйекке дейін Испанияның маңызды қалаларының бірі Сарагоса "Су және тұрақты даму" тақырыбындағы Бүкіләлемдік көрмені қабылдады. Мұнда түрлі сиқырлықтар мен тосынсыйлар болды; мұнда цунамиді шақыратын имитаторлар және Европадағы ең үлкен аквариум орнатылды. Қазақстан  2008 жылғы EXPO-да Осы Бүкіләлемдік көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай көрмені Астанада өткізудің мүмкіндігі туралы айтты. ШАНХАЙДАҒЫ БҮКІЛӘЛЕМДІК КӨРМЕ 2010Көрме тақырыбы - “Жақсы қала – жақсы өмір”. «EXPO парк» - көрме қалашығаның аумағында орналасқан келушілерге әр уақытта ашық жасыл алқап. Қазақстан EXPO-2010-да Шанхай EXPO-2010-дағы Қазақстан павильонының басты мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық экспозициясының  тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі". ЁСУДЕГІ БҮКІЛӘЛЕМДІК КӨРМЕ 2012 2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады. EXPO-2017 нобайлық жобалардың көрмесі 14 тамызда Астанада «Астана ЭКСПО-2017» сәулет өнері байқауының нобай-идеялық көрмесі ашылды. Байқау қатысушылары қаланың нышанына айналатын ЭКСПО көрме кешенінің құрылысы бойынша өз идеяларын ұсынды. 1. Әлемнің 20 елінен 50 шақты сәулетшілер көрме кешеніне қатысты өз елестерін ұсынды. Байқау қатысушылары болып Австрия, Аустралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, АҚШ, Голландия, Корея, Ресей, Португалия, Норвегия, Түркия, Тунис, Жапония, Франция, Украина елдерінен келген мамандар қатысты. Қазақстан атынан 12 сәулет жұмыстары ұсынылып отыр. 2. Астананың тұрғындары мен қонақтары авторлық жұмыстарды өз көзімен 14 мен 16 тамыз аралығында Көрме көрмелік кешенінде тамашалай алады. Біздің топқа нобайларды бірінші болып көргендердің бірі болуға, сонымен қатар техникалық кеңестің жұмысын көруге мүмкіндік берілді. Жұмыстарды бағалау екі аптаның көлемінде жүргізілді. 3. Айдар Марат, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ сәулет және әрлендіру департаментінің ВА, МАrch, Жобалардың Бас Сәулетшісі 4. Сәулет жұмыстарын бағалау жұмыстары үшін Үшінші Индустрияландырылған Төңкеріс туралы концепцияның авторы, Джереми Рифкин басқарған техникалық кеңес құрылды. Техникалық кеңестің құрамына қазақстандық және шетел кәсіпқорлары кірді. 5. Авторлардың алдына қойылған міндет – новаторлық технологияларға жауап беретін нобай (эскиз) ойлап шығару болды. Бұған қоса негізгі шарттардың бірі Болашақ қуаты – Астанада ЭКСПО 2017 бас идеясын суреттеу болды. Көрме кешенін іске асыруға «жасыл» технологиялар қолданылады. Көрме территориясының нысандары энергия мен энергиямен қамсыздандырудың альтернативтік көзін енгізу үлгілеріне айналмақ. Құру кезіндегі негізгі аспектілердің бірі Астанада ЭКСПО-ны өткізген соң құрылыстарды пайдалану болып табылады. Өйткені кешен қала тұрғындарына ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, мәдени нысанына айналмақ. Томас Кервин Марио Агиум 9. Сәкен Нарынов, қазақстандық қатысушы: Көрме кешенінің аты «Күн мен Жел ғибадатханасы», «Күн» көрмелік павильондарынан және «Жел» мұнарасынан құрылған. Тұжырымдамалық жоба өзімен мұнараның жетінші орталық сәулесімен алты сәулелік көрме павильондарын және ай орағы түріндегі су айдыны бар ЭКСПО-калашығын ұсынады. Күн- көптеген табиғи процесстердің маңызды құрамы, оған Жер планетасындағы барлық тіршілік тәуелді екені белгілі. Және болашақтың альтернативтік энергетика түрінің бірі күн радиациясын пайдалану болып табылады. 12. Суретте Saraiva-Assosiados жобасы. Орталықта радиалдық жүйесі бар көрме кешені орналасқан. Жасыл осі және Назарбаев Университетінен ось сақталған. Сәулет-көркем бейнесі- заманауи, ықшамдалған, ұстамды. Көрмеден кейінгі пайдалану: Ғылым және технологиялар паркі. Көп функционалды пайдалану ғимараты. 13. Суретте Adrian Smith + Gordon Gill Architecture жобасы.Бас жоспар қала торын сақтайды, күн сәулесін барынша өнімді қолдануға бағытталған. Назарбаев Университеті мен жасыл осьтері арасындағы байланыс сақталған. Қазақстанның орталық павильоны ғимарат жабынында орналасқан күн батарейлерінен қоректенетін жетілдірілген киіз үй түрінде ұсынылған. Қазақстандық павильон ЭКСПО символы ретінде ұсынылып отыр. Көрмеден кейінгі пайдалану: Ғылым және технологиялар паркі, бизнес. 14. Суретте Manfredi Nicoletti жобасы Атауында «Жел» жәнен «Гүл» қазақ сөздері біріктірілген «Желгүл» мұнарасы, ЭКСПО 2017 жаңа қаласының туғанын білдіреді. Мұнараның орталық корпусы жақыннан функционалды аймақтардың мөлдір шынысына өтетін ақ шынымен қапталған. Тік осінің ауданы желдің әсерін төмендетеін тесіктерге ие болады. Аталған тесіктерде «Желгүл» мұнарасын Астананың жел күшімен, шамамен 1500 МВ электрэнергиясын өндіре алатын, алып жел фермасына (зауытына) айналдыратын жел кернейлері орналасқан. Бұдан басқа, мұнара сынақ алаңы болып қызмет ететін функционалдық маңызға да ие. 16. Суретте «Казгор» жобалық академиясы» ЖШС жобасы. Аймақтың қала салу жүйесі өзіндік радиалды-элипстік қалыпқа ие. Сәулет – көркем бейнесі- заманауи, ұстамды. Құрылыстың ортасында орналасқан жүз метрлік диаметрдегі шар ЭКСПО-ның нышаны ретінде ұсынылып отыр. Көрмеден кейінгі пайдалану: Ғылым және технологиялар паркі. 17. Суретте Isozaki, Aoki & Associates.Жоба қалалық үнемі қала салу торын сақтайды, оған қоса түрлі бөлінген кластерлермен ерекшеленеді. Назарбаев Университеті мен жасыл осьтері арасындағы байланыс сақталған. Жоба қоршаған контекстке байланысты 3 блокқа бөлінген: Бизнес және Академия, Тұрғын, Ойын – сауық және Мәдениет. Сәулет-көркем бейнесі- заманауи, ықшамдалған, ұстамды. Ерекшелендіретін белгісі өзіне көптеген түрлі айдындарды: қаналушы жабын, фото-электрлік панельдер, күн коллекторы, жасыл жабын және т.б. енгізетін жабық шағын қала жабыны болып табылады.