«Игровые моменты на уроках английского языка»
Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстарыСабақтың мақсаты:білімділік: темірдің периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы, қасиеттері,қолданылуы, сонымен қатар ғылым мен техниканың қазіргі дамуындағы маңызы жайлы толық мағлұматтар беру.дамытушылық: демонстрациялық тәжірибелер арқылы есте сақтау,танымдық қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту, химияға қызығушылығын арттыру
тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, ой – өрісін ғылыми түрде жеткізуге,өздігінен ізденіп еңбек етуге, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: темір(ұнтағы, түйіршігі, қаңылтыры) тұз қышқылы, мыс сульфаты, спиртшам, сіріңке, периодтық кесте
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (Амандасу, түгеңдеу, сабаққа назарын аударту)
2. Үй тапсымасын сұрау
Сәйкестікті тап Тест тапсырмасы:1.Алюминий қосылыстарда неше валентті?а) 2; ә) 3; б) 4; в) 52.Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:а) HNO3, NаСl, KOHә) H2О, СuСl2¸NаOH б) HСl, SO2¸KOH3. Қазақстанда алюминий зауыты қай жылдан бастап жұмыс жасайды?А) 2000; ә) 1998; б) 2007; в) 19924. Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:а) бокситтерден электрохимиялық әдіспенә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптауб) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыру5. Алюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы:а) Nа¸Mn¸Alә) Ni¸Cr¸Znб) Cu¸Nа¸Сr
Тест жауабы:
Жаңа сабақ 4 фаза өтіледі:
1 ФАЗА. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау стратегиясы.
Қара металлургияның жанымын
Машина трактордың қанымын.
VІІІ В топшада болсам да,
Металл атаулының ең көп қолданатын санымын. (темір)
2 ФАЗА. Мағынаны тану.
Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.
Темір – VІІІ топ элементі.
Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2р6 3s2 3р6 3d6 4s2
Ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді: +2, +3;
Табиғатта таралуы.
Темір табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Метеориттердің құрамында темір бар.
Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері:қызыл теміртас (Ғе2О3), магниттік теміртас (Ғе3О4) , пирит (ҒеS2). Темір минералды сулардың құрамында сульфат (FeSO4) және гидрокарбонат Fe(НСО3)2 түрінде кіреді.
Өнеркәсіпте алынуы
Темірді оның оксидтерін сутекпен, алюминиймен немесе көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандырып алады :
Fе3O4 + 4CO - 3Fе +4CO2
ҒеО + Н2 - Ғе + Н2О
Ғе2О3 + 2АІ - 2Ғе + АІ2О3
Физикалық қасиеттері
Темір – жылтыр, күмістей ақ түсті металл, оның тығыздығы – 7,87г/см3. Оның балқу температурасы +15390С – тан жоғары. Қаттылығы – 4,6. Темір иілгіштік, оның оңай магниттенетін және оны жоғалтатын қасиеттері бар, техникада кеңінен қолданылады.
Химиялық қасиеттері:
Темір орташа белсенді металл. Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады :
2Fe + 3CІ - 2FeCІ
Fe + S - FeS.
Қыздырылған темірдің жұқа жоңқалары оттекте темір қағын түзіп жанады :
3Fe + 2O2 - Fe3O4 (FeO Fe2O3)
Қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:
Fe + H2O - FeO + H2
Ылғал ауада темір тотығу өнімінің қоспасы тотпен қапталады :
4Fe + 6H2O +3O2 - 4Fe(OH)3
Қышқылдармен әрекеттесіп, сутекті тотықсыздандырады:
Fe +2HCІ - FeCІ2 + H2
Темір белсендінгі төмен металдарды тұздарынан тотықсыздандырады:
Fe +CuCІ2 - FeCІ2 + Cu
Темірдің маңызды қосылыстары.
Темірге тотығу дәрежесі +2 және +3 қосылыстардың екі қатары тән:
Fe О Ғе2О3
Темір (ІІ) оксиді Темір (ІІІ) оксиді
Fe (OH)2 Ғе (ОН)3
Темір (ІІ) гидроксиді Темір(ІІІ)гидроксиді
Ғе+2 тұздары Ғе+3 тұздары
Темір қосылыстарын анықтау
Ғе+3 темір ионын анықтау үшін калий тиоцианатын реактив ретінде қолданады.
ҒеСІ3 + 3КSСN Ғе(SСN)3 + 3КСІ
Ғе+2 темір ионын анықтау үшін калий гексацианоферрат (ІІІ) реактив ретінде қолданады .
ІІІ – фаза. Жаңа сабақты бекіту.
тарихөнеркәсіпХимия30латын тіліәдебиетбиология40астрономиягеографиямедицина50физика
30 өнеркәсіп. Темірдің негізгі құймалары (болат және шойын)
30 латын. Темір латын сөзінен аударғанда қандай мағына береді. ( «ферро» - қылыш)
30 тарих. Темірдің ашылу дәуірі (біздің заманымызға дейін)
40 биология. Темірдің өсімдік және адам ағзасына тигізетін пайдасы (гемоглобин және хлорофилл)
40 астрономия. Неге темір «аспан тасы» деп аталады? (метеориттің құрамында болғандықтан)
40 әдебиет. «От көмір жейді - ...................!» (тат темір жейді)
50. медицина. Адам ағзасында темірдің мөлшері көбейіп кетсе қандай ауруға шалдығады? (атеросклероз )
50 физика. Меккедегі темірдің қалқып тұру себебі (магниттік қасиетіне негізделген)
50 география. Қазақстанның қандай қалаларында темір өндіріледі. (Теміртау, Рудный, Орталық Қазақстан)
Джиксо стратегиясы.
Жеке және топпен жұмыс.
1. 150г темір (ІІ) хлоридінің балқымасын электролиздегенде катодта бөлінетін
металдың массын есепте.
2. 10г темір мен мыстың құймасын тұз қышқылымен өңдегенде 11,2л газ бөлінді.
Құймадағы темірдің массалық үлесін есепте.
3. Айналымды іске асыратын реакция теңдеулерін жаз.
Ғе - ҒеСІ2 - Ғе(ОН)2 - ҒеО - Ғе - Ғе(ОН)3 - Ғе2О3
4 ФАЗА. Үйге тапсырма: §37-§38 оқу. 4-6 тапсырманы орындау. Жұмыс дәптерінен қосымша жаттығулар.