Ашы? саба?. Та?ырыбы: ?амырдан жасал?ан ?німдер.


Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәнінің мұғалімі Сертаева Зейнептің күнделікті сабақ жоспары 2015-2016 оқу жылы.
Сынып/мерзімі 8- сынып. 14.2015ж.
Сабақтың тақырыбы Қамырдан жасалған өнімдер.
Сабақтың мақсаты Ұн өнімінен жасалатын тағамдарға шолу жасап, қамыр түрлерін анықтап, ашытқылы қамыр жасауды меңгерту
Күтілетін нәтиже Қамырдан жасалған тағамдарға қойылатын тазалық талаптарын меңгеріп,қамыр түрлерімен танысып, ашытқылы қамыр жасауды үйренеді.
Сабақтың әдісі Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, жаңа әдіс-тәсілдер.
Тапсырмалар Оқулықпен жұмыс, топтық жұмыс, сарамандық жұмыс, кері байланыс жасау.
Құрал-жабдықтар Қажетті азық-түліктер, асханалық ыдыстар мен құралдар, нұсқау карта.
Сабақтың барысы: І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ІІІ Қорытынды
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар:
Қамырдың түрлерін ажырата алады, ұн өнімдерін топқа бөліп қарастырады. Көпшілік оқушылар:
Ұннан жасалатын тағамдар (тұшпара, нан кеспесі, вареникрерге) қамыр дайындай алу. Жекелеген оқушылар:
Ашытқылы қамыр дайындау технологиясын меңгеру.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі
Сергіту сәті
Өткен сабақты «Ыстық орындық» әдісі арқылы пысықтау.
Ұжымдық жұмыс «Ыстық орындыққа отырған оқушыға кезек- кезек сұрақ қояды.
Қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді. 5мин
Негізгі бөлім Жаңа сабақ
«Ой қозғау»
Ұннан қандай тағамдар дайындалады?
Қамыр дегеніміз не?
Қамырдың қандай түрлері бар?
«Мағынаны ажырату»
Оқулықпен жұмыс жасау, қамырдың түрлерімен танысып, ашытқылы қамырдың жасалу жолдарын оқу.
Сарамандық жұмыс
Кіріспе нұсқау
Жұмыстың орындалу реті
- ашытқылы қамыр дайындау технологиясын жазып алу;
- майқоспа тәтті қамырды дайындау технологиясын зерттеу;
- қамырдан жасалатын өнімдердің рецептерін іздестіру.
Қорытынды
«Ой толғаныс»
Қамырдан жасалатын өнімдер туралы білімдерін толықтыру. Өз ойларын топта талқылап, асоссация жасайды.
Оқулықпен жұмыс жасайды.

Дәптермен жұмыс жүргізеді.
Жасаған, зерттеген рецептімен бөліседі.
15мин
10мин
5мин
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма Сабақты қорытындылау
Қалыптастырушы бағалау
Жиынтық бағалау.
Қамырдан жасалған өнімдер бойынша іздену жұмысы Сұрақ жауап арқылы қорытындылау
Бағаларын күнделікке қойдырады.
Түртіп алу. 3мин
2мин
2мин
Рефлексия Кері байланыс жасау Бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстары 3мин
«Тексерілді» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: