Тоты?у-тоты?сыздану рекциялары Ортаны? тоты?у-тоты?сыздану рекцияларына ?сері.


Талдықорған қаласы М.В.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі
Химия пәні мұғалімі :Карымбаева Айгүл Мырзағалиқызы
Сабақтың тақырыбы:Тотығу-тотықсыздану рекциялары
Ортаның тотығу-тотықсыздану рекцияларына әсері.
Сабақтың мақсаты:Әр түрлі ортада жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазу біліктерін және электронды баланс әдісімен коэффициенттерді қою дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.
Сабақтың тегі:Білімді бекіту
Қолданылатын технологиялар:Интерактивті оқыту технологиясы(кластер пайдалану, «миға шабуыл» әдістері); салауаттылық технологиясы (шынықтыру мезгілі,релаксация) ;коммуникативті-информациялық технология (интерактивті тақта,флипчарттар); проблемалық технология;топтағы ізденіс жұмыстары;ынтымақтастық технологиясы.
Сабақтың барысы:
Интерактивті оқыту әдістерін қолданып,оқушылардың сабаққа: « Қандай көңіл күйде келгенін?»сұраймыз.Оқушылар мимика түрлерін кластерлармен көрсетеді.
Сұрақ: «Тотығу-тотықсыздану рекцияларын оқығанда қандай ұғымдарды пайдаланамыз?»,оқушылар кластермен тұймедақ гүлін құрастырады және оларды тақырыпты қарастырғанда пайдаланады(парталарда жапырақ түрінде сөздер: тотығу, тотықсыздану, валенттілік,тотығу дәрежесі, электрондық баланс, электрон және т.б.)
«Миға шабуыл»
(білімдерін қайталау)
1)Тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш дегеніміз не?
2)Тотығу дәрежесі дегеніміз не?
3)Қандай үрдісті тотығу, қандайын тотықсыздану дейміз?
4)Қандай реакциялар тотығу-тотықсыздану реакцияларына жатады?
5)Тотығу-тотықсыздану реакцияларында коэффициенттерді қоюдың қандай әдістерін білесіңдер?
«Тотығу-тотықсыздану реакциялары.Электрон баланс әдісі» мультимедиялық сабақтың үзіндісінен демонстрация.
Электронды баланс әдісімен коэффициенттерді қою дағдыларын қайталау үшін реакция теңдеуін ұсынамыз
HNO3+Cu → Cu(NO3 ) 2 +NO2+H2O
Жаттықтыру минуты
Көз үшін жаттығу:тақтада үлкен әріппен ТТР жазылған,мұғалім сілтеу таяқшасымен әріптерді айналдыра көрсетеді,ал оқушылар көзбен әріптерді қарап, жаттықтырыды,
қөзді жұмып , демалдырып қайтадан қайталайды.
Проблемалық сұрақ
«Мына рекциялар тотығу-тотықсыздану рекцияларына жата ма ?»
Оқушылар зертханалық жұмыс орындайды «Хроматтардың дихроматтарға айналуы
және кері реакцияны»; реакция теңдеуін жазып бұл реакция тотығу-тотықсыздану реакцияларына жатпайтының анықтайды, себебі элементтердің тотығу дәрежелері өзгермейді.
Топтық зертханалық жұмыс
«Ортаның тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсері»
Жұмыс барысында , жартылай реакция алгоритмін қолданып,оқушылар өздігінен коэффициентерді қойып үйренеді,мұғалім бағыт бағдар береді,ескертулер жасайды
және қателерін түзетеді.
Тәжірибе №1.Натрий сульфитінің ерітіндісіне калий перманганатын және аз мөлшерде күкірт қышқылын қосыңдар.Не байқадыңдар?
Тәжірибе №2. Натрий сульфитінің ерітіндісіне калий перманганатын және аз мөлшерде су қосыңдар.Не байқадыңдар?
Тәжірибе №3. Натрий сульфитінің ерітіндісіне калий перманганатынын және аз мөлшерде сілті ерітіндісін қосыңдар.Не байқадыңдар?
Релаксация
Музыка қосылады,оқушылар көздерін жұмып,босаңсып ,2-3 минут демалады.
Білімді бекіту
Интерактивті тақтаны пайдаланып,флипчартты ,табиғаттағы тотығу-тотықсыздану реакцияларының бірнеше реакция теңдеулерін жазады.
Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасы ретінде теңдеулердің оң жағы жоқ реакциялар жазылады,жартылай реакция теңдеулерін пайдаланып аяқтаулары тиіс:
СuCI + K2Cr2O7 + HCІ = ...
H2SO3 + CI2 + H2O = ...
Сабақ соңында мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Қандай көңіл күймен
сабақтан қайтасыңдар?».Оқушылар кластермен өздерінің көңіл күйін көрсетеді