Сайыс саба? жоспары Атамекен
Тақырыбы: «Атамекен ыстық екен!» Мақсаты : Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту ,ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, логикалық және шығармашылық ойлауын, тілге деген қызығушылығын арттыру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,
мемлекеттік тілді құрметтеуге үйрету. Көрнекіліктер: слайд, парақшаларСабақ түрі: Сайыс сабақ. Барысы: I.Ұйымдастыру: - Армысыздар ма,құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Атамекен ыстық екен!» атты сайыс сағатымызға қош келдіңіздер!
Тіл- әрбір ұлттың заңы сезімінің, ойдың жанды бейнесі.Қазақ халқы сөзге шешен,ойы ұшқыр,мақалдап сөйлейтін халық.Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама ғасыр бойы келе жатқан қазақ тіліміз. Ендеше қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ мына біздің қолымызда екендігін әсте естен шығармайық.Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтпек.
Шын жүйрік шабысынан танылады Қатты білім,терең ой саналады Баға берер әділ қазы ортамызда Сіздерге қошеметпен қол соғады. Әділдікті қақ жарар әділ қазылар алқасымен таныс болайық( әділқазылар алқасын айту)
1.Бүгінгі сайысымыз «Сәлем-сөздің атасы» демекші, екі топтың таныстыруынан басталмақ. Ортаға 2 топты шақырайық.
2.Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жана ма? Біліммен өнер жұптаспай, Тәлім, тәрбие алар ма? Бұл бәйге- ойдың бәйгесі. Кім жүйрік болса сол алда .Ендеше сайысымыздың екінші кезеңі «ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде топ мүшелерінің сөздік қорын тексермекпіз.Сендерге сөз беріледі, 2 минутта сол сөзден көптеген сөз құрап шығуларың керек.(қазақстандықтар)
3. Әрбір тілде сөйле әлемді таңдандырып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық? Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Ал ендігі кезекті «Жүйрік болсаң, шауып көр» демекші , топ басшыларының қазақ тілінен алған білімдерін сынамақпыз. Сендер қазір 10 сұраққа не «иә», немесе «жоқ» деп жауап берулерің керек.
1.Қазақ тілінде 5 жалғау бар. жоқ
2.А дауысты, жуан дыбыс. Иә
3.Аз-көп антонимдер. Иә
4. Менің сөмкесі .жоқ
5. Зат есім не істеді деген сұраққа жауап береді. Жоқ
6.Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. иә
7. күштірек-салыстырмалы шырай. Иә
8.Ү-дауыссыз, қатаң дыбыс. жоқ
9.мен, бен, пен көмектес септігінің сұрағы. иә
10.Мен Отанымды сүйемін. Иә
1.Қазақ тілінде 4 жалғау бар.
2.Қазақ тілінде 6 септік бар. жоқ
3.сұлу, әдемі антонимдер жоқ
4.Сын есім не деген сұраққа жауап береді. жоқ
5.Біздің отаны. жоқ
6.Үлкен-жай шырай. иә
7.қ-дауыссыз қатаң дыбыс .иә
8.Етістік қайда деген сұраққа жауап береді. Жоқ
9.- лар,- лер -көптік жалғау. иә
10.Мен туған жерімді сүйемін. иә
4. Келесі кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Топ мүшелерінің танымдық деңгейін байқамақпыз.Яғни қазақ халқының тұрмысы, салты сияқты тыныс тіршілігінен не білетінін тексереміз. Қазір сендер берілген сандардың ішінен екі санды таңдайсыңдар. Сол сандағы жасырынған сұраққа 1 минут ойланып жауап берулерің керек.(Оқушылар тақтадағы ұяшықтардан екі санды таңдап, ұяшық астындағы сұрақтарға жауап беруі керек. Жасырын сұрақтар: Қазақстан қалалары, Қазақстан рәміздері, салт-дәстүрлер және ұлттық ойындар)
5.Келесі кезең оқушыларымыздың шығармашылық ой өрісінің қаншалықты екенін көрсетеді. «Ойнайық та, ойлайық» кезеңі. Қазір сендер мультфильмді көресіңдер, сосын тоқтатқан соң оны өздерің жалғастырасыңдар.Тақтаға назар салыңыздар. (Тақтада «Алдар көсе» мультфильмі көрсетіліп, ортасынан тоқтатылады, балалар оны өздері аяқтау керек)
6.Келесі кезең «Мақал -сөздің мәйегі» Қазақ халқы мақалды аса бағалап, түйінді ой жасай білген. Сондықтан халқын сүйген әр адам тілін де сүймек. Тақтадаға мақалдарды жасырынған сөздердің аудармасын тауып оқуларың керек .
Сүйемін туған тілді – ана тілім Бесікте жатқанымда – ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутынан Құлағыма сіңген таныс үнім. -дей сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.(ән айту)
Қазылар алқасы шешім шығарғанша сіздермен көңілді сұрақ жауап ойының ойнайық. 1. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда үш досы алдынан шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? ( 1) 2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? ( 4) 3. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр.Үйде неше мысық отыр? (4) 4. Тауық бір аяқпен тұрғанда бес кг,ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?(5) (қосымша слайдтан жұмбақ-суреттермен ойын)Назар аударып тыңдағандарыңызға рақмет!