?аза? ?дебиеті п?нінен саба? жоспары Абайды? ?ара с?здері


Пәні: Әдебиет            10-сыныпСабақтың тақырыбы:            Абайдың қара сөздеріСабақтың мақсаты: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, жиырма тоғызыншы қара сөзінің мазмұнын меңгерту,оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру, оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.Сабақтың типі:                Жаңа білімді игерту сабағыСабақтың түрі:                Дәстүрлі сабақСабақтың әдіс-тәсілдері:        Сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі•    Оқушылармен сәлемдесу•    Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру. 
ІІ.Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгінгі сабағымызды:Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,Толғайды Абай мұңым менен зарымды.Абай сынды дана туған халықтың,Ұл-қызы да болу керек дарынды.
    Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, соған мыны суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік.-    Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?( «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т.б.-    Абайдың  қандай күйлерін білесіңдер?( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)-    Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»Әлихан Бөкейханов – қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан кісі. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған. 
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз. -    Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.   Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді. \оқулықпен жұмыс\Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады. Абайдың кейбір қара сөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндерінің астарлы сырын сынға алады.
Бүгінгі сабақта «Жиырма тоғызыншы» қара сөзімен танысатын боламыз. Барлығымыз назарымызды салып, тыңдайық
Электронды оқулықтан «Жиырма тоғызыншы» сөзді тыңдатамын.    
ІV. Абай қаара сөзі бояу тілімен \ бейнелеу өнері туындылары\
V. Жаңа сабақты бекіту«Пікірі жоқ адамнан қорық» дейді шығыс даналығы.       (Ауызша тіл, ой дамыту)Әрбір адамның өзіндік мені, өз пікірі болуы керек. Сендер қазір өзінтану сабағынан да үйреніп жүрсіңдер. 
    Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті. Эссе жазу Ақындық әлеміне саяхат.
VI .Қорытынды:Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. 
ҮІI. Бағалау
ҮІІI. Үйге тапсырма:                Абайдың «Жиырма тоғызыншы» қара сөзін оқу, ұғыну.