?згеріс енгізу Аль-Фараби ОМ
Мектептегі көшбасшылықты қалыптастырудағы Кембридж бағдарламасын меңгерген модератор мұғалімнің рөлі.
Әлемдегі әр салада болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне де өзгеріс қажет екендігін білдірді. Осы орайда С.Бичтің «Өзгерістің болмағаны өсудің тоқтағаны» деп айтқан қанатты сөздері тілге тиек бола алады. Ендеше мектепке өзгеріс қажет? Мектептің өркендеп өсуі үшін, өзгеру үшін мен қалай ықпал етуге болады? Сұрағы туындады. Синектің конустық метафорасындағы Неге? Қалай? Не? деген сұрақтардың қойылу реттілігі осы жерде еріксіз ойландырды. «Өзгерісті неге енгіземін? Оны қалай енгіземін? Өзгеріс енгізу үшін мен не істеймін?»-деген сұрақтардың жауабына мектептің бастапқы жағдайын анықтаудан бастау керек.
Мектеп басшыларымен кездесіп өтетін тәжірибелік кезеңнің жоспарымен таныстыру,сұхбаттасу арқылы мектеп әкімшілігінен өткен оқу жылындағы кемшіліктер, мектептің биылғы оқу жылындағы басымдықтары туралы және мектеп құндылықтары мен жетістікке жету жолдарына нұсқау алуға болады. Сонымен қатар, мектептің қазіргі жағдайын анықтау үшін аудит жүргізуге бағыт-бағдар алуға болады. Аудит дұрыс, шынайы болу үшін шағын шығармашылық топ құру керек. Топтың құрамына мектеп әкімшілігі, психолог, кітапханашы, сынып жетекші, оқушылардың өзін-өзі басқару тобының балабасы, үшінші деңгейден өтіп келген мұғалімдер, ата-ана комитетінің төрайымы, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді кіргізуге болады. Мектептің қай салаларын зерделеймін? Зерделеу үшін қандай тәсіл қолданамын?-деген сауалдар туындайды. Зерделеу үшін құжаттарды тексеру, сұхбат, сауалнама, эссе, ашық және жабық сұрақтар қолданған тиімді. Алатын сауалнаманың құрылымы, мазмұны қандай болмақ екендігін ұжымдасып шешу керек және жабық сұрақтар қолданған жөн. Оның себебі шынайы жауап алуға болады. Анықтайтын саламыз мектептің күре тамыры болу керек. Ол оқу үдерісін, басқару мен жоспарлау, ұжымның психологиялық ахуалы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі оның ішінде (сабақ жоспарлары, өз ара сабаққа қатысу дәптерлері,т.б), Кім қай сала бойынша аудит жүргізетінін және құжаттарды тексеру үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданатынын анықтап алу. Шығармашылық топтың әр мүшесі атқаратын жұмыстарын өз мүмкіндіктеріне қарай бөліп алу керек. Осы жерде мектеп көшбасшылығының қызмет түрлері арқылы мұғалімдерге шешім қабылдауға қатысып, мектептің дамуына мүмкіндік береді.
Шығармашылық топпен отырыс өткізіп, мектептің бастапқы жағдайын анықтағандағы басым жақтары мен әлсіз жақтарын ескере отырып, мектептің даму жоспарын құрастыруға мүмкіндік алуға болады. Бар мүмкіндіктер мен туындауы мүмкін қауіп-қатерді саралау нәтижесінде жететін жетістіктеріне ой жүгірту арқылы әрбір қатысушының жауапкершіліктерін арттыруға болады.
Сонымен қатар, мектепке қатысы бар барлық тұлғалардан мектепте нақты нені өзгерту керектігін білу мақсатында олармен бейресми сұхбат, әңгіме жүргізуге болады. Олардың пікірлерін есепке алу керек. Ұстаздар қауымынан мектептің қай бағытта даму керектігін байқау мақсатында «Қазіргі заман талабы -шығармашыл, озық ойлы, жаңашыл ұстаз» атты құрылымдалған әңгіме өткізіп, онда өздерін ойландырып жүрген сұрақтары мен пікірлерін тыңдау ой бөлісу нәтижесінде педагогикалық үрдіске қатысушылардың кәсіби және шығармашылық белсенділігін арттыру, тұлғаға бағытталған білімді күшейтуде жаңа технологияларды қолдануды жетілдіруге әкеледі. Бұл ұжымның қай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтап береді.
Әріптестердің күнделікті оқу үрдісінде қолданылатын дәстүрлі сабақтарына қатысып, видео жазбадан өз кемшілігін табуға бағыттау, жүргізген әрбір жұмыстарына рефлексивті есеп жаздыру да көшбасшы ретінде қалыптасуына әсері мол.
Тәлімгерлік циклін жүзеге асыру мақсатындағы үрдістерді жолға қою үшін бастапқы қадамды жасау, өзіңіз сабақтар топтамасын көрсету. Ең алдымен әрбір мұғалім, мейлі ол қандай мұғалім болмасын тізбектелген сабақтар топтамасын және өзі өткізетін күнделікті қысқа мерзімді сабақ жоспарларын дұрыс құрылымдауды үйрету. Сабақ мақсатының қолжетімділігі мен нақтылығы дұрыс жолға қойылғанда ғана сабақ өз дәрежесінде өтері анық. Сол себепті сабақ жоспарын құрылымдауда мұғалімде нақты түсінік болуы үшін алдымен әдістемелік көмек көрсете келіп, мұғалімдердің өз сабақтарын қалай құрылымдау жөнінде бағыт беріп отыру. Алдыға жетелейтін анық мақсат пен айқын жол болса алынбайтын қамал болмайды.
Аль-Фараби атындағы ОМ
Жоғары санатты биология пәні мұғалімі Ахметова Қарлығаш Елубайқызы.