Мазм?ндама ?исы? б?та? (7 класс)


Мазмұндама № 1
Сыныбы: 7 Уақыты:-------
Сабақтың тақырыбы: Қисық бұтақ
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік . Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқау, тыңдау дағдыларын жетілдіру, өз ойын көркем сөзбен жеткізе алу машықтарын жетілдіру
2. дамытушылық Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып біліктіліктерін арттыру
3. Оқушыларды қамқорлыққа , табиғатты аялауға үйрету
Сабақтың түрі: мазмұндама
Сабақтың әдіс –тәсілдері:оқу, тыңдау,жазу
Пәнаралық байланыс: табиғат тану, биология
Мазмұндама
«Қисық бұтақ»
Қыс бойы жер бауырлап бүрісіп тұрған қисық бұтақты көктем лебі баяу шайқап, тербетіп оятты. Маужыраған бұтақ керіліп – созылып, денесінің құрысын жазды. Күннің шуақты жылуынан қуат алып, құлпыра түсті.
Күн өткен сайын жайқалып, жапырақ жайды. Бойын ерекше қуат кернеді. Самал желге желпілдеп, бүрлерін қағып-қағып қойды да, дүр-дүр сілкінді. Шауып кеткісі де келді. Бірақ сыпырғандай жұмыр діңі тас қып ұстап тұр.
Жіберші жабыспай, - деді діңіне қисық бұтақ бұлқынып.
Қайда барасың?
Желмен жарысып ойнаймын.
Әй, ақымағым-ай, - деп күлді ағаш діңі.
Ол – қиын іс. Біздің қолымыздан келмейді. Одан да бері биікке қарай бой түзеп өс. Басыңды көтер. Сонда даланы төбесінен көріп тұратын боласың. Жерге жабыспай, жоғарыға, өрге өрмеле.
Жерде жорғалап өсемін, - деп жұлқынып қалды қисық бұтақ.
Діңі теңселіп кетті. Бір жері ауырғандай қиналып қалды. Өн бойы қалтырап, ыңырана күбірледі.
Қойшы енді қабырғамды қайыстырдың ғой.
Ендеше босат мені, - деп қиқарланды қисық бұтақ.
Бұл да қолымнан келмейді.
Сонда не келеді қолыңнан? Маған жармасқанды ғана білесің бе? – деп қисық бұтақ ызалана түсті.
Бақты аралап келе жатқан бағбан мынау бір сүріктей ағаштың сынын бұзып, қиқайып тұрған қисық бұтақты көріп қалған еді.
Ә, кесірлі екенсің ғой, кербақбай, - деді де сырт еткізіп қисық бұтақты кесті де тастады. Сонан соң түп-түзу әсем діңді сипап-сипап қойды. Ағаштың діңі бір дерттен құтылғандай бойын түзеп, сілкініп-сілкініп қалды.
Сөздік: денесінің құрысын жазу, сүйріктей, кербақбай
Жоспар:
1.Көктем лебі
2.Қисық бұтақ
3. Діңнің ақылы
4. Бағбан
5. Дерттен құтылу