Баяндама Бірлестік ж?мысын тиімді ?йымдастыру


Пән бірлестігінің жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары Пән бірлестігінің жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолы ол: нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыс.Сондықтанпедагог мамандрдың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелікбілігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстыңнегізгі міндеті болып табылады.Атақты педагог –ғалым В.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп мұғалімдік өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»-деп бекер айтқан жоқ. Демек, мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы болып саналады. Өйткені қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің кәсіптік мәдениеті басты алғы шарты екені аян. Мұғалімнің кәсіптік мәдениетін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының жетекші саласын құрайды. Ал әдістемелік жұмыс дегеніміз – ол педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығын көтеруге бағытталған жүйелі және ұжымдық жұмыс.
Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады.
Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талап – әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылыми негізі оқытудың сапасын, оқушылар білімініңдеңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады. Жыл ішінде әдістемелік бірлестіктіктің отырысын жоспарлауға болады. Жоспар бойынша әр отырыста: мысалы, бірінші отырыста өткен оқу жылының қорытындысы, әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту,шығармашылық жұмыстарды бекіту, тәлімгерлермен жұмыс жоспарлары қаралса, келесі отырыстарда жазба жұмыстарының қорытындысы, мектепішілік олимпиада қорытындысмы, факультатив, үйірме жұмыстарының өтілу барысы, пән сабақтарының берілу жайы қаралып, талқыланып отырады.
Бірлестік жетекшісінің міндеті:
- Өз қызметі бойынша есептер, кәсіптік жаңашылдық қызмет атқару
- Педагогикалық және психологиялықдеңгейін көтеру
- Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс жасауға ынталандыру, бірлестік мүшелерін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету
- Авторлықбағдарламалар, курстар, құралдаржасауғаынталандаружәнеондаймұғалімгежан-жақтықолдаукөрсету
- Оқушылартабыстарынмониторингілеужәне оны диагностикалау
- Оқыту мен тәрбиелеуеңсоңғыпедтехнологияларынзерттепмеңгеружәнеөзкәсібінеқолданабілу .Мұндайміндеттерәрине, барлықұстаздаралдынақойылады. Дегенмен, табыстыңкілті –әдістемебірлестікжетекшісітарапынанжұмыстардыжүйеліұйымдастыру мен мұғалімнің оны өзініңкәсіптіктұрақтықажеттілігінеайналдырып,белсенділікпенжұмысатқарыпотыруынақатаңбақылаужасапотырудепойлаймын. Демек, бірлестікжетекшісіненжасандықабілеттілікемес, нақтыеңбектіңміндетіатқарулыталапетіледі. Педагогикалықтехналогияныңбастысипатты да, міне осы. Әрұстазжауапкершілігінарттырып, кәсіптікмәдениетінкөтеруде тек өзпәнініңаясындағанақалыпқоймай, қандай да бірдәрежедешығармашылықпенеңбекетуге, баулуғабірлестікжетекшісініңатқараржұмысы аз болмайды. Мұныәрбірбірлестікжетекшісісаналытүрдесезінуітиіс.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы мектептен басталады»-деген сөзінен бүгінгі білім ордаларына қойылатын үлкен міндетті аңғарамыз. Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды. Ұлы ғұлама А.Байтұрсынов ХХ ғасырдың соңында «Ел әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», -деген екен. Мен сөз еткелі отырған бірлестік жетекшісі, әрине алдымен-ұстаз.Қ.Р-ның білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепте білім беріп ұстаздардың кәсібін дамыту мен білім сапасына қатысты нақты міндеттер көрсетілген. Бұл тұжырымдамада : «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке үйрену ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады»,-делінген.
Қоғам дамуындағы ең басты бағыт – оқушыға жүйелі, жан-жақты білім беру мен тұлғаны қалыптастыру мектеп қабырғасында білім берумен қатар жас ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі кезде оқушыларымыз білімді, талантты, талапты болуы керек. Әрине, осыны жүзеге асыру мектептің, мұғалімнің жұмысына тікелей байланысты.Ал осы ұстазды әр пәнге байланысты топтастырып, белгілі бір іске ұршықша иіре алатын адам-бірлестік жетекшісі. Бірлестік жетекшісінің атқарар міндеті өте жоғары.
Осыған лайық бірлестік жетекшісінің ұжымда, әдістемелік бірлестігінде өзіндік мәртебесі пайда болады. Солмәртебегеие болу үшінбірлестікжетекшісітөмендегіқасиетиесі болу керекдепойлаймынБіріншіден,бірлестікмүшелеріменқарым-қатынасжасаудапсихологиалықшеберліккерек.
Екіншіден, этика-эстетикалықталғамыжоғарыболуыкерек.
Үшіншіден, үлкенгеізет, кішігеілтипаткөрсетебілетін, тілтабысабілуіжоғарыпарасатиесі.
Төртіншіден, айналасынаүлгіболарлықтайигіістерменкөзгетүсуікерек.
Бірлестікжетекшісіжәне оның мүшелері де әрқашанізденістеболуықажет, сондағанаоныңжұмыснәтижелі, ұжымбелгілібірмәртебегеқолжеткізетіні сөзсіз.
Білім жүйесін дамытуға байланысты семинарлар, конференциялар, шығармашылық есептер мен пән олимпиадалары, апталықтар, ашық сабақтар, күнтізбелік жоспар, мұғалімдердің білімін жетілдіру, аттестация, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің берілген біліктілік санатына лайықтылығын анықтау, санатқа көтеру, әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарына таалдау, жас мамандармен жұмыс, жаңа келген маманның кәсіби құзырлылық және әдістемелік даярлық деңгейін анықтау туралы мәселелер болады.Әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жұмысты былай құрылымдауға болады:
- Әдістемелік отырысын өткізу.
- Нормативтікқұжаттар, бірлестікшешімдері мен нұсқауларынорындау
- Пәндікапталықтардыдайындаужәнеөткізу
- Пәндіксеминарлар,дөңгелекүстел, конференция дайындау, өткізу
- Оқушылардыпәндік олимпиада, интеллектуалдық марафон, байқау, жарысқадайындау
- Пәндербойыншасыныптантысшараларөткізу.
- Сабақтарға, факультатив сабақтарға, үйірмежұмыстарынақатысу.
- Мұғалімдердің, оқушылардыңжұмыстарынталдау, марапаттау
Қорыта келе, әдістемелік бірлестік жұмысы мектептің жалпы әдістемелік жұмысының мазмұны анықталынған бағыттармен, нақты белгіленген мақсаттар мен міндеттермен анықталады. Ол ең алдымен заңды және нормативті құжаттармен танысудан; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды, оқытудың және сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбиелік жұмыстың қазіргі технологиялары мен әдістерін оқып үйренуден; жаңашыл және озық тәжірибемен, ондағы озық ойларды шығармашылықпен қолдана білумен, менеджменттің міндеттері және ойларымен, инновациямен танысудан тұрады. Сонымен қатар білім-әр адамның ақыл-ойы мен өмір танымын қалыптастырушы тірек. Сондықтан қазіргі мектептегі бірлестік жетекшісінің белгілі бір нәтижеге жету үшін қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеудің, бірлестік мүшелерін ұйымдастырып, топтастыру.Ол мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізері сөзсіз.