Баяндама Сынып жетекшісіні? т?рбие ж?мысын ?йымдастыруда?ы ролі


Сыныпта тәрбие жұмысын құрудағы сынып жетекшінің ролі
Тәрбие —  халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлттық сана-сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің ролі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім — тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыға әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз. Сондай-ақ оқушының қоршаған ортасы, дос- жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті, елжанды болуы керек. Әрбір баланың бойында еліктеушілік басым келеді, сондықтан әрдайым баланың жанында жүрген жеткіншектерге назар аударуымыз керек. Жалпы мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, экологиялық, саяси бағыттарды ұстанамыз.Оқушының бойында осындай қасиеттерді қалыптастыруда сынып жетекшісінің ролі зор. Бүгінгі күні сынып жетекшісі оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, түрлі іс- шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым- қатынасты қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, оқушының күнделікті өміріне кеңес берер көмекші, сыныпта қолайлы ахуал тудырушы, үйлестіруші.Қазіргі кезде сынып жетекшісі болу ауыртпашылығы бар, жауапкершілігі мол, қиын да қызықты жұмыс.Оқушылар ұжымын қалыптастыру, оқушының психикалық ахуалын, әлеуметтік тұрмысын жете білу, балаға сенім білдіру және оның көзқарасымен санасу, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз — тәрбиеші бола білу сынып жетекшісінің міндеті. Оқушы тәрбиесінде әрбір сынып жетекшісі сыныпта психологиялық- педагогикалық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуі қажет. Ол психологтың көмегімен мониторинг, сауалнама, диагностика, тест түрінде оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық құзырлылығын, белсенділік деңгейін анықтайды.
Сынып жетекшісі ата — анамен тығыз байланыста болуы керек. Оларды мектепте, сыныпта өткізілетін түрлі іс- шараларға шақырып, жан- жақты әсер етуіміз керек. Жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар арқылы бала мен ата-ана арасындағы шынай қасиетті қалыптастыруға болады.
Оқушы — қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін қалыптастыру арқылы біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің асқақтауына отбасы және мектептегі тәрбиенің маңызы ерекше.
Осы қасиеттерді негізге ала отырып ата- аналар, мектеп, ұстаз бірігіп жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін, қоғамдық саяси ой- өрісін байытып, тұлға бойында мәдени құндылықтарды дамытуға тиіспіз. Тәрбие кезеңдеріндегі өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының кепілі болмақ.
Қазіргі таңда әрбір баланы ең алдымен, өз ұлтына, мемлекетіне, тіліне деген құрметінің өзі де тәрбиеден басталады. Тәрбие болмаса адам өз келешегіне балта шапқандай. Себебі, сол тәрбие арқылы үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсете білу, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата аламыз. Тәрбие бірінші отбасынан басталады.
Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер – деп бекер айтылмаса керек.
Осы әке мен шешенің және ұстаздың берген тәрбиесін ой-санасына бағындырған, сол сөздерден нәтиже шығарған бала ерекше болып саналады.Біз отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң тәртіп болуын тілейміз екі жақтан жақсы тәрбие алса тәртіп болады деп ойлаймын.
Сыныпта оқушының тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде 3 міндет жүктелді.
1.Өз сыныбының жұмысын үйлестіріп отыру.
2.Оқушылар мен тәрбие жұмысын ұйымдастырып,оған бағыт беріп отыру.
3. Мектеп пен отбасының байланысын жасайды.
Сынып жетекшісі оқушының қалыптасуына көмектеседі. Қабілет,қызығушылық,бейімділік күштерін арттыруға жағдай жасайды. Сынып жетекшісінің жұмысы өте қиын, күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап,барлық күш жігерін салып талапқа сай орындау керек. Сынып жетекшісін сабақ беретін мұғалімдердің ішінен оқушыларды білетін,сыныпты ұйымдастыра алатын , мұғалімді тағайындайды. Кейде жас мұғалімнің сынып жетекшісі болып тағайындалуы мүмкін.Оған ең негізгі:Балаларды жан-жақты мұқият зерттеу. Сынып жетекшісі үшін сынып журналы,оқушының жеке бас құжаты мағлұмат көзі болады.Сынып жетекшісі басқа да сабақтарға қатысып,сынып жиналысында, сыныптан тыс жиналыстарда балаларға зер салып ,бақылау арқылы олардың ата-аналарымен сөйлесіп,оқушылар туралы үлкен мағлұмат жинайды.Кейбір обьективті көрсеткіштерді назардан тыс қалдыруға болмайды..Бір арнаулы балаға ынта ықыласының барлығын анықтайды. Дене дамуы туралы жалпы сипаттама , сыртқы тұрпаты, қимыл –қозғалысы инициативасы ,сенімділігі,адамдармен қарым қатынасы.Сынып жетекшіснің күнделігі болады.Онда ескертулер ,бақылаулар жазылып отырады.Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады.Тәрбие жоспарын жасауда қызығушылығы, тәрбиелік дәрежесі өзінің қабілетін ескеру.Сынып жетекшісінің міндеттері:
-Күнде сабаққа келмеген және кешіккен оқушылардың есебін анықтап, олармен жұмыс жүргізеді.
-Сырқаттанған,көп сабақты босатқан оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырады.
-Бекітілген сынып бөлмесінің тазалығына, көрнекіліктердің сақталуына, оқушылардың сыртқы түрін қадағалап,оқулықтар мен дәптерлерін тексеру.
-Апта сайын күнделіктерін тексереді,тексеру барысында пән қойылуы мен толтырудың ұқыптылығы мен дұрыстығына көңіл аударады.
Адам баласының өмірдегі бар қымбаты оның ұрпағы. Баланың білім алуына, азамат болып қалыптасуына мектеп те, ата-ана да жауапты. Бірақ өкінішке орай,бүгінде көптеген ата-ана жұмысбастылықты сылтау етіп, жауапкершілік міндеттерін төмендетіп жіберген. Мектепке бердім,тәрбиесімен ұстаз айналыссын деген немқұрайлы пікірмен баласын мектепке беріп, тәрбиесіне мән бермей , ақша табу күн көріс жолына түсіп,баланың материалдық жағдайын ойлайтын ,соны ғана қанағаттандыратын ата-аналар көбейді. «Балаңыз нашар оқиды» - деп ата-ананы мектепке шақырсаң неге оқымайды деп дүрсе қоя береді.Мектепте ұстаздар қауымы білім нәрімен сусындатып тәрбие береді,бірақ үйдегі ата-ана әр қадамын бақылап,баланың қабілетіне мән бермесе, білім қайдан дариды. «Тәрбие басы –тал бесік» -деген аталы сөз бар. Мұғалім баланың бойындағы барлық әлеуметін арттырып, болашаққа жол ашса да, ата-ана қадағалауын жіберілген кемшіліктер келеңсіздікке ұрындыруы мүмкін. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап,оны сол бағытта жетелеу ұстаз парызы болғандықтан баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –бүгінгі күннің басты талабы.