Орта білім мазм?нын жа?арту аясында ?аза? тілі мен ?дебиеті п?нін о?ытуды жа?аша ?йымдастыру жолдары


Андакулова Марал Балтабаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№ 7 орта мектеп
Қызылорда қаласы
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жаңаша ұйымдастыру жолдары
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі осы бір қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісінің нәтижесінде келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие.Қазіргі таңда Қазақстанның Ұлттық білім беру саласының барлық бөлімдерінің сапасын жақсарту үшін көп жұмыстар атқарылуда.2020 жылға қарай,Қазақстанның 3-6 жастағы барлық балалары мектепке дейінгі білімді алады деп отырмыз.Сондықтан,сол балаларды заманауи білім беру әдістемелерімен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етудің маңызы зор.Негізгі мектеп үшін,барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту керек.Жоғарғы мектеп түлектері Қазақ,Орыс,Ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс.Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау,өздігімен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеру болуы тиіс.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту болып табылады. Оқушылар кез-келген ауызша немесе жазбаша мəтіндерді сенімділікпен жəне сын тұрғысынан пайдаланып, басқалармен əртүрлі тақырып төңірегінде саналы əрі айқын əңгіме жүргізіп, əртүрлі мақсатқа арналған мəтін құра білулері керек.Бұл оқушыларды тарихи мəселелермен қатар, заманауи тақырыптар мен мəселелерді талқылауға дайындап, олардың осы пікірталасқа араласуына түрткі болады. Оқу бағдарламасы біліммен қатар,дағдыларды да қолдануды назарға алады.Қазақ тілін оқи отырып, оқушылар негізгі төрт тілдік дағды, атап айтар болсақ, айтылым,тыңдалым, оқылым жəне жазылым бойынша түсініктері мен қабілеттерін кеңейтеді. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасы оқушыларға көптеген мүмкіндік береді.Ол мүмкіндіктер төменде сипатталған:
Тыңдалым жəне айтылым бойынша:
• берілген ақпаратты түсіну;
• негізгі идеяны жəне түрлі жағдайлар тұрғысынан мəтіндегі көптеген көзқарастарды
анықтау;
• тыңдалған материалға жауап беру;
• жасырын мəнді анықтау;
• қоғамдық жəне іскерлік жағдайлардағы тіл мəдениетін түсіну жəне іске асыру;
• тыңдаушылардың назарын аудару үшін əдеби тəсілдерді пайдалану;
• тыңдалған материалды бағамдау;
• мультимедиалық ресурстарды пайдалана отырып, сөйлеу жəне тыңдау.
Оқылым бойынша:
• жазбаша ақпаратты түсіну;
• мəтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;
• мəтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;
• сұрақтарды тұжырымдау жəне бағамдау;
• мəтіннің түрлері мен стилін анықтау;
• əртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;
• түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;
• мəтіннің салыстырмалы талдауын жасау.
Жазылым бойынша:
• өз көзқарасын білдіре отырып мəтін жазу;
• тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мəтін жазу;
• жоспар құру;
• өзіндік стильде мəтін құру;
• тыңдалым_______, оқылым жəне аудиобейне материалдар мазмұнының үдесінен шығу үшін
шығармашылық қабілеттерін қолдана отырып жазу;
• түрлі жанрда мəтін құру;
• мəтіндерді салыстыру;
• мəтіндерді түзету жəне түрлендіру;
• оқырманның қызығушылығын оятып, оны сендіру үшін жазу;
• эссе жазу;
• грамматикалық жəне тыныс белгі нормаларын сақтау.
Бағдарламамен танысқаннан кейін,мен жас ұрпақтың бойына осындай құндылықтарды дамыту мақсатында жасаған бір сабақ жоспарымның үлгісін ұсынғым келеді:
Сабақ:
Тақырыбы:
Мектеп:№7 орта мектеп
Бай баласы мен жарлы баласы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Андакулова М.Б.
Сынып:5 Қатысқаны: 25
Келмегендер:1
Қол жеткізілуі тиіс мақсаттар Т/А1,Ж10
Сабақтың мақсаттары 1.Берілген мәліметтерді түсінеді. 2.Сөйлеуші ретінде тыңдаған мәтіннің мазмұнын қарапайым тілмен жеткізеді.
3.Мәтіндегі негізгі ойдың шынайы өмірге қатыстылығын бағалайды.
Тілдік мақсат Жұртта- көште қалу
Сүрлеу- жол
Тұзақ – құрал, қақпан түрі
Табыс критерийі Мәтін мазмұнындағы негізгі мәселені ашу;
топ бойынша жұмысты тыңдалымға қатысты жүргізу ;
өз ойын түсінікті тілде жүргізуге жұмыс жасау.
Жоспарланатын уақыт Жоспарланатын жұмыс Ресурстар
Алдынғы оқу:
(3мин). «20 сұрақ-иә не жоқ деген жауап»әдісі бойынша топтар Ы.Алтынсарин өміріне байланысты сұрақтар қояды Басы
(1мин)
(3мин).
Ұйымдастыру «Үш алып» (топқа бөлінеді)
Топпен жұмыс «...қатысты 10 cөзді атаңыз»әдісі.
Мыс.(еңбекқор, табанды, бейім, мейірбан т.б Ортасы
(3мин)
(5мин)
(5мин)
(8мин)
Ы.Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»
Оқушылар « Оқиға картасын» құрады
Топпен жұмыс:
1топ Асан мен Үсен бейнесінен көрініс қояды
2топ. Шығармадағы адамгершілік құндылықтарды бейнелейтін үзінділерді табады.
3топ.Асан мен Үсенге мінездеме береді.
«Қос құты»әдісі.
1топ.Ақылдың пайдасы.
2топ.Еңбек-бәрін жеңбек
3топ. Адал дос адастырмайды(эссе жазу) Аудиотаспа
Соңы
(5мин)
«Өз миыңды сал»әдісі.Оқушы мидың суретін дәптерге салады.Сабақ кезінде меңгерген білімдерін суреттің ішіне сөзбен толтырады.
Үйге тапсырма
(3мин)
1топ.Достық-жолдастық туралы
2 топ. Адамгершілік,имандылық туралы
3топ.Еңбек туралы мақал-мәтел жазу
математикалық фигуралар
Қосымша ақпарат
(6мин)
1. Саяхатқа шықсаң өзіңмен қандай заттар алар едің? Адассаң ол заттардың көмегі бола ма? Жолдасың шарасыздық танытса, оған қалай көмектесесің? т.б
2. Тыңдау барысында оқушыларға қажетті жерлерін жазып алуды тапсырамын.Себебі,оларды тапсырма орындауды қолданатынын ескертемін.
Бағалау
1. Тақырыптан ауытқымау
2.Тапсырма барысында сендгвич, математикалық фигуралар, екі жұлдыз, бір тілек арқылы
Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, математика, бейнелеу, халықтық педагогика т.б..
Кері байланыс (3мин)
«Даналық ағашы» суреттер
Рефлексия Сабақ мақсатына жетті.
Оқушылар әңгіменің негізгі бөліктерін түсінді,өз пікірін қосып айта алды.
Оқушылар адами құндылықтарды жан-жақты игерді.
Оқушылар арасындағы оқу деңгейі бақыланып, тапсырмалар беріліп отырды.
Жоспарлауда ауытқулар болған жоқ.
Уақыт графигін дұрыс ұстандым.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әдебиеттер
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004
3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007
5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
6. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы: Мұғалімге арналған нұсқаулық.1-ші басылым.ДББҰ,2015.
Андакулова Марал Балтабаевна 30.01.1972 жыл