?аза?стан жері туралы орта ?асырда?ы географиялы? деректер. XVІ-ХІХ ?асырларда ?аза?стан аума?ыны? физикалы?-географиялы? т?р?ыдан зерттелуі.
Тақырыбы: Қазақстан жері туралы орта ғасырдағы географиялық деректер. XVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі.
Мақсаттары:
Білімділік: Қазақстан жерінің орта ғасырда зерттелуінің сипаты, ерекшеліктері, мақсаты, зерттеуші ғалымдар, зерттелмеген географиялық нысандар туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Орта ғасырдағы және қазіргі географиялық карталарды салыстыру, қорытынды жасау.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әртүрлі дәуірдегі карталары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдасты-ру кезеңі Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 1) Ерте кезде Қазақстанның жерін қандай ғалымдар зерттеген?
2) Олар қай жерлерді сипаттаған?
3) Ұлы Жібек жолының неше бағыты бар?
4)Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтары арқылы өтеді? Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.
4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. 1) Орта ғасырлардағы зерттеулердің жүргізілу себептеріне және оған үлес қосқан зерттеушілерт туралы шолу
2) Әбу Наср әл-Фараби зерттеулері мен еңбектері
3) Махмуд Қашқаридің зерттеулері мен еңбектері
4) Қытай саяхатшыларының зерттеу жұмыстары
5) ХІІІ ғасырдағы еуропалық саяхатшылар мен елшілердің зерттеулеріне тоқталу. Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі Орта ғасырдағы зерттеушілердің жүрген жолдарын кескін картаға түсіру. Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі 1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан?
2) Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері
3) Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері
4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар?
5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар? Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Бағалау кезеңі Оқушылар сабақтағы белсенділігіне және картамен жұмыс істей білуіне қарай бағаланады. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды
8. Үйге тапсырма беру кезеңі 6 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне орта ғасырлардағы географиялық деректерді енгізу Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.