М?гедек бала денсаулы?ын са?тауда?ы отбасыны? ролі


Мүгедек бала денсаулығын сақтаудағы отбасының ролі
1.Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады.
2.Бала денсаулығына көңіл бөлу.
3.Салауатты өмір салтын ұстанасызба?
1. Отбасы –шағын мемлекет.Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар бар отбасында көбінесе отанасы айналысады. Отағасы жұмыс бабында жүргендіктен балаға көңіл бөлмей жатады.Ал мүгедек балаға екі жақты тәрбиенің қажеті керек-ақ.Жанұяда ұл бала болса тіптен қажет.Күн бойы үй шаруасымен және мүгедек баламен айналысқан ана, кешкі мезгілді бір сәл уақыт бала тәрбиесін отағасына тапсырса жанұялық тәрбиеннің қөзі болар еді. Тәрбие дегенде біз балаға педагогикалық тәрбие бер деп отырғанымыз жок. Баласына ертегі айтып,сурет қарап,сұрақ-жауап әңгіменің өзі тәрбиенің қөрінісі емеспе. Баласымен бірге мултьфильм көру,қызықтау бала көңілін бір марқайтып тастамайма. Күнделікті әдетке, күн кестесіне айналдырып алса тіптен-ақ.Демалыс күндері өз алдына бір тәрбие.Ұл демекші әке тәрбиесі ұл балаға керек-ақ. Бір сәт баламен сюжеттік ролдік ойын (мысалы текшелерден үй тұрғызу, көлік ойындары,т.б) ойнаса бала дамуының қалыптасуына көп көмегі тиер еді. Көпке топырақ шашудан аулақпын бала тәрбиесімен айналысатын отағасылар баршылық. Дегенмен мүгедек балалары бар отбасындағы жан-жақты тәрбие , баланың осы өмірде өз орнын табуына жолдама болар ма еді.Сондықтан өз балаңыздың тағдыры ойландырса жанұяңызда жан-жақты тәрбиені қолға алыңыз.
2. Мүгедек бала бар отбасында бала денсаулығын ойлағанда үнемі қорқыныш сезім тұратыны белгілі. Салқын тигізіп алу,тұмаурату сияқты жұқпалы аурулардан сақ болған жөн. Қыстың алдында алдын ала екпелер салып алынса көп көмек болады.Бала бөлмесін таза ұстап,желдетіп отыру керек.Әрбір ата-ана балаға күн кестесін (күн тәртібі) жасап, сол бойынша күнделікті баланы күн режіміне қалыптастырар еді. Күн кестесінің бала денсаулығына тигізер пайдасы зор. Уақытында ұйықтау,тамақтану,таза ауаға серуен т.б.мүгедек бала үшін таптырмайтын денсаулық кепілі.
3.«Жаны саудың-дені сау» демекші, Жанның саулығын ойласаңыз, деннің саулығын ойлағаныңыз.Таңертең ертерек тұрып 5-10 минут уақытыңызды жаттығуға қиыңыз. Таза ауада балаңызбен біраз уақыт серуендеп қайтыңыз. Жаттығулар, серуен денеңізді шынықтырып қана қоймай, жаныңызға күш қуат береді. Жан дүниеңізге әсемдік аласыз. Жазғыуақыттарда күннен,судан,құмнан емдік жаттығулар алсаңыз нұр үстіне нұр болады. Емдік жаттығулар ережесін, кестесін өзіңізге қарасты балалар дәрігерінен, не болмаса емдік түзету мамандарынан кеңес арқылы алуыңызға болады. Балаңыздың дені сау, жан дүниесі әсем болып өс