«Т?уелсіз ?аза?стан» ?орша?ан орта о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы. Орта??ы топ


Білім беру саласы: «Таным» Оқу қызметі: Қоршаған орта. Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік, Қазақстанда мекендейтін ұлттар туралы және бас қаламыз Астана жайлы, оның әсем де көрікті жерлері жайында мағлұмат бере отырып, тақпақтар, мақал- мәтелдер айтқызу арқылы сөздік қорларын байыту. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік ықыластарын арттыру арқылы қонақжайлылыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, сөздік, ойын, әңгімелеу.
Билингвалды компонент: родная земля, независимость
Сөздік жұмыс: Отан, көпұлттылық.
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-
Қозғаушылық.
Балаларды шеңберге тұрғызып, көздерін жұмып, іштерінен жақсы тілек ойлауға ұсыныс жасайды. Ең алдымен, тәрбиеші өзі бастайды да балаларға түсіндіріп өтеді.
Енді көздеріңді ашып, мына әдемі өлең шумақтарын бірге айтайық.
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз,
Бір қалада тұрамыз,
Бір бақшаға барамыз
Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз, татумыз.
Биіктерге өрлейміз!
Тәрбиеші осы өлең шумақтарының мән- мағынасын ашып, балаларға түсіндіріп береді.
Балалар шеңберге тұрып, іштерінен
тілек ойлайды.
Бірге айтады.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік Балаларды орындарына отырғызады. Балалар жан-жақтарыңа мұқият қараңдаршы.Мына әдемі күннің шуақтарын кім әкелді екен? Бұл шуақтар сиқырлы болса керек. Әр шуақта сұрақтар жасырылған екен. Олай болса, «Күншуақ» ойынын ойнайық.
Шарты: Әр сұраққа дұрыс жауап берілген шуақтарды тақтадағы күнге орналастыру керек.
1. Қандай мемлекетте тұрамыз?
2. Қазақстанда қандай ұлттар мекен етеді?
3. Бас қаламыз қай қала?
4. Астананың қандай әсем жерлеріне барып демалдыңдар?
5. Отан туралы тақпақ білесің бе?
6. Рәміздерді атаңдар.
7. Туған жер, отан туралы мақал- мәтел білесің бе?
Балалар, сендер берілген сұраққа дұрыс жауап бердіңдер.
Тосын сый.
Бәйтерек келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен бәйтерекпін, сендердің арман тілектеріңді орындаймын. Мен сендерге өте қызықты ойын әкелдім. Менімен ойнайсыңдар ма?
Қимылды ойын: «Тілектер»
Шарты: балалар тілек ойлап, суреттегі бәйтерекке өз суреттерін орналастыру керек.
-Жарайсыңдар, балалар! Мен енді кетейін, басқа балалардың да арман- тілектерін орындауым керек. Сау болыңдар.
-Балалар бәйтерекпен қоштасады
Слайд көрсету.
Бүгінгі оқу қызметін балаларға слайд көрсету арқылы бекітеді. Слайдта Астананың көрікті, әсем жерлері, демалыс орындары көрсетіледі. Рәміздердің суреттері көрсетіледі, балалар атайды. Рәміздер туралы тақпақтар айтады.
Балалар орындарына отырып, жан- жақтарына мұқият қарайды.
Ойынға қызығушылық-
пен қатысады.
Қазақстанда
Көп ұлттар
(атап шығады)
Астана
Думан, Ханшатыр, Керуен,Мега.
атайды.
Мақалды, тақпақты айтады.
Амандасады.
Иә
Ойынға белсене қатысады.
Слайд арқылы балалар бүгінгі оқу қызметінде не түсінгендерін айтады.
Слайдты тамашалап, Астананың көрікті жерлерін бірге атап отырады, рәміздер туралы тақпақтар айтады.
Рефлексифті-
түзетушілік. - Бізге қонаққа кім келді?
- Қандай тапсырмалар қызықты болды? Несімен қызықты болды?
- Суретпен жұмыс жасап, талдау.
- Қай ойын ұнады?
Тәрбиеші оқу қызметіне жақсы қатысып отырған балаларды мадақтайды.
-Оқу қызметі соңында балаларға сыйлық таратып береді.
Сұрақтардың барлығына толық жауап берді.
Суретпен жұмыс жасалады.
Балалар сыйлықты көріп, қуанды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қазақстанда көп ұлттар мекен ететіндерін, Отан деген ұғымды;
Игеру керек: Қызықты ойындар, сұрақтар арқылы оқу қызметінің мазмұнын;
Болу керек: Оқу қызметіне деген ынталары, сүйіспеншіліктері;