О?ушыларды? жоба зерттеу ?ызметін дамыту-негізгі базалы? ж?не п?ндік ??зыреттілігін ?алыптастыруды? ма?ызды дидактикалы? ?а?идасы
СҚО, Ғабит Мүсірепов ауданы, КММ Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл ОМ-нің 1-ші санатты химия пәні мұғалімі Разахова Салтанат Ерсайновна Шеберлік сыныбыТақырыбы: Оқушылардың жоба зерттеу қызметін дамыту-негізгі базалық және пәндік құзыреттілігін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасы /Развитие проектно-исследовательской деятельности учащихся как важнейший дидактический принцип формирования базовых ключевых и предметных компетентностей обучаемых/ Шеберлік сыныбының мақсаты: Қатысушыларды оқушылардың пәндік құзыреттілігін қалыптастырудың негізі-жоба зерттеу қызметін химия сабақтарында ұйымдастырудың жолдарымен таныстыру Міндеттері: -шеберлік сыныпқа қатысушыларды оқушылардың зерттеу қызметінің негізгі теориялық мазмұнымен таныстыру;-оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау;-сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру; -шебер мен қатысушылар арасында тығыз байланыс орнату;-шығармашыл педагогикалық қызметінің жеке стилін қалыптастыру.«Бүкіл азаматтың келешегі-жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты» Ғ. Мүсірепов «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауы– еліміздің дамыған отыз елдің қатарына кіру жолындағы міндеттер мен тапсырмаларды айқындап берді. Елбасы: XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екендігін атай отырып, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыстардың күтіп тұрғандығын айтқан болатын Заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңызы зор екендігін, сонымен қатар Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеяларының бірі: иновациялар мен ғылым деген. Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі бол-ған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолы-на ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы өз Жолда-уында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақ-саттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқы-ту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту К.Д.Ушинский білім беру мазмұнын таңдау барысында материалдық және формальдық әдістерді бірлікте қарастыру идеясын ұсынған. Жеке тұлғадамуы тәрбиемен оқытуға тығыз байланысты, алдымен білім беру мазмұнын анықтап алу қажет.Білім беру мазмұны дегеніміз- жеке тұлға қалыптастыру барысындағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік пен дағдысын, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру және ақыл-ойы мен сезімін дамыту. Гуманды қарым-қатынас орнатудың маңызы ерекше. Оқушының жеке басы деген ықыластан, оқушыға жаны ашудан оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму ерекшелігін, жағдайларын сыйлаудан, оқушының білімді меңгеруі іс -әрекетіне деген жоғары талаптан, оның жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады. Оқушылар алдымен мұғалімнің қасиеттерін көріпоған еріксіз еліктей бастайды, бірте-бірте өз бойларынан да осы қасиеттерді тәрбиелей бастайды негізгі құзыреттіліктер-күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданатын өмірдегі әралуан проблемеларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы; құзыреттілік тәсіл-стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен ұйымдастыру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау. Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады: 1) тұлғалық нәтижелер; 2) жүйелік-әрекеттік нәтижелер; 3) пәндік нәтижелер.Тұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелілігі, әлеуметтенуі, рухани-адамгершілік, шығармашылық және дене дамуы деңгейінің психологиялық-педагогикалық мониторингісі түрінде бағаланып, оның портфолиосына жинақталады. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер: 1) адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімін меңгеруінен; 2) ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; 3) таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруінен; 4) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен; 5) жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен көрініс табады. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, шығармашылық оқу жобалары, сондай-ақ зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері бойынша қол жеткізген жетістіктерімен анықталады, оның портфолиосына жинақталады. Пәндік нәтижелер білім алушылардың білімнің базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығынан көрінеді делінген. Қазіргі таңда оқушыдан өздігінен мәселерді шешіп қана қоймай,жаңа білімдерін стандартты емес жағдайларда қолдану, ақпарат кеңістігінде тиімді жұмыс істеу, қарым-қатынас орнату, өз жетістігін нақты бағалау, зерттеу қызметінің технологиясына сүйеніп құзыреттілігін қалыптастыру талап етілуде. Практикада мәселелік оқыту, іздену, зерттеу, эвристикалық оқыту әдістері тиімді болуда. Оқушылардың зерттеу біліктілігі мен дағдысын дамыту нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі. Оқушының бұл қызметке дайындық сатысында оның қызығушылығын ескерген жөн. Мұғалімнің міндеті- сабақта ғылымды танудың барлық тәсілдерін: салыстыру мен сәйкестендіру, талдау мен синтез, қорытындылау мен нақтылау, оқушыларды жаңашылдыққа сүйсіндіру, зерттеуді дамыту мен шығармашылығын қалыптастыруда аз уақыт бірлігінде оқу міндеттерін жүйелі түрде күрделендіру болып табылады. Танымдық дамуы- оқушыда ғылыми әлем кеңістігінің қалыптасуы. Ол әлемде өзін тануы жатады. Оқушылардың ғылыми қызметі- танымдық белсенді ой қызметінің дамыту нәтижесінде жаңа білім алуы. Оқушылардың ғылыми зерттеу қызметін сабақтарда, сабақтан тыс ұйымдастыруға болады. Ғылыми-зерттеу жұмысының құраушылары мен оған сәйкес оқу-зерттеу білігі ( Е.В.Батаев бойынша)
Жұмыс құраушысы Мақсаты, міндеті мен жұмыс нәтижесі Сәйкес білігі ақпараттық Бар ақпараттарды жинау, қорытындылау. Зерттеу тақырыбына сай қысқаша мазмұнына қарай шолу Оқу әдебиеттері, анықтамалар, кестелермен жұмыс Талдау-сынамалы Бар білімді талдау және сыны бағалау, зерттеу тақырыбының жартылай немесе толық зерттелмеген жағын анықтау негізінде мәселесінің өзектілігін қою. Тақырып бойынша аналитикалық шолуды құру, зерттеу мәселелерімен нақты міндеттерді қағидалау Талдау, салыстыру, қорытындылау, ақпарат дайындау Өзіндік-зерттеу Теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізу. Қойылған мәселелерді шешу және жаңа білімдер алу Тәжірибе жоспарын құру, нәтижелерін болжау, себеп-салдар байланысын анықтау, тәжірибе жүргізу, бақылау біліктілігі, нәтижелерін қорыту Көркем-рәсімдеу Жасалған жқмыс және алынған нәтижелеріне мәлімдеме құру ( ғылыми мәтін) Қорытындылау, мәлімдеме дайындай бәлуі, график құру, жаға мәтінді түсіндіруде алған білімдерін қолдану Зерттеу білігін дамытуға - оның шығармашылық жұмысы, кроссвордтар мен әртүрлі есептер құруы, әртүрлі графиктер салу, докладтар мен рефераттар жазу, зерттеу жұмыстарын жүргізу жатады.Қорыта айтқанда, оқушылардың зерттеу қызметі оқу-таным-дық құзыреттілігін қалыптастырады. Құраушылары Төменгі Орташа Жоғары 1. Өздігінен мақсат қоя білуі Мақсатты басшылық негізінде қоюы Ұсынған үлгілерден мақсатты таңдай алуы Өздігінен мақсат қояды 1.Мақсатқа жету үшін міндеттерді анықтай алуы Міндеттерді басшылық негізінде анықтайды Ұсынған үлгілерден міндеттерді таңдай алуы Өздігінен міндеттер қояды 1.Өздігінен жұмыс жоспарын құру Жетекшімен пікірлескеннен кейін жұмыс жоспарын құру Ұсынған алгоритм бойынша жоспар құру Жұмыс жоспарын құрады 1.Себеп-салдар байланысын орнату Басшылық негізінде себеп-салдар байланысын орнату Ұсынған мәселелік жағдаятты шешу негізінде себеп-салдар байланысын орнату Себеп-салдар байланысын орнатады 1.Нәтижелерін қорытындылау Басшылық негізінде нәтижелерін қорытындылайды Ұсынған мәселелік жағдаятты шешуде қорытын-дылайды Өздігінен нәтижелерін қорытындылайды 1-ші қадам. Оқушыны субьект негізінде тиімді оқытуСыныптың сапалық құрамын білу.Педагогикалық жұмыстың негізгі міндеттері:-өздігінен ізденіс, таңдау, ақпараттарды талдау мен қолдануды үйрету;-өздігінен бақылау біліктілігін қалыптастыру;-оқушыны сыни көзқарасын, рефлексивті қабілеттерін қалыптастыруға бағыттау;-топта жұмыс жүргізуін қалыптастыру 2-ші қадам. Шебердің жұмыс жүйесіОқушылардың жоба зерттеу қызметін сабақтарда және сабақтан тыс уақытта дамытуда негізгі құраушылар ретінде танымдық қызметінің болуына жағдайлар тудыру енгізіледі:-Сыныпта достық пен жақсы оң қарым-қатынас орнатылады;- әр оқушыға сәттілік жағдайын тудыру;-оқушы белсенді және ұжымдық қызметке енгізу;- оқу материалын оқытуда қызықты, стандартты емес жағдайларды, мәселелік жағдаяттарды қолдану;-оқу материалының практикалық-бағыттылығыСабақтың белгілі кезеңінде тиімді әдістерді қолдану шеберлігін машықтандару. Оқыту әдістері: қажетті ақпарат алуда өздігінен іздену;-жобалау әдісі;-тестілеу;-әртүрлі материалдарды әртүрлі оқушының білуі;-оқыту үрдісі кезінде шығармашылық қызметі: пікірталас, еңбек өнімін өздігінен жасау, оқу –зерттеу жобаларынымен жұмыс және т.б- эвристикалық қызметі: миға шабуыл және т.б.Инверсия әдісі:мшығармашылық есептерді талдау,синтез, нақтылық пен абстрактылық негізінде шешу;-эмпатия әдісі;мәселелік оқытуСТО стратегияларын қолдануБлумм таксономиясын қолдану Оқушы қызметін ұйымдастыру формалары:ұжымдықжекетоптықСабақтың формалары мен әдістері:Пресс-конференция;-семинар және диспут;Ойын;Оқушылардың баяндама, рефераттар дайындауда өздігінен зерттеу жұмыстары;саяхат;практикалық жұмыс;өздік жұмыс; Ғылыми жобаның тақырыбын таңдау оңайға соқпайтыны бәрімізге белгілі.Тақырып ата-ана немесе мұғалімнің жетекшілігімен таңдалады. Көбінесе реферативті тақырыптар таңдалынады. Оқушыларға мақсат пен міндеттерді қоюда, зерттеу пәні мен обьектісін анықтауда, зерттеу әдістерін таңдауда, тәжірибе жүргізуде, материалды сұрыптап құруда, табылған материалдың таұырып пен зерттеу мақсатына сәйкестігін ашуда қиыншылықтар туындайды. Оқушыға ғылыми тану жолын көрсету және оның қадамдарын меңгерту.Тақырып, мақсат, міндеттерді айқындауда, жұмыстың жүргізілуіне талдау кезінде ғылыми жобаның барлық кезеңдерінде педагогикалық басшылық қажеті белгілі. Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдеріТақырып-мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жқмыс жасауға және зерттеудің барсында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.Зерттеу жұмысын жүргізу кезеңдері: зерттеу күнделігін жүргізу Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілуі керек. Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:Ғылыми зерттеу күнделігіЗерттеу тақырыбы:____________________Оқушының тегі-аты:_________________Мектеп, сынып:___________________Ғылыми жетекшінің аты-тег, әкесінің аты___________Бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделікті негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:№Жұмыс мазмұныЗерттеу әдістеріЕскерту Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек. Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеуҒылыми жобаны рәсімдеуОл бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:Ғылыми жобада:–бет парақ;-мазмұны;-кіріспе;-теориялық бөлімі;-зерттеу бөлімі;-қорытынды;-пайдаланған әдебиеттер тізмі;-қосымша ( егер қажет болса) болу керек.Оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:–аннотация-қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;-Жетекші:(аты-жөні толығымен,пәні, мектебі, қаласы); Кеңесші: (аты-жөні толығымен, дәрежесі, оқу орын, қаласы)