Математика саба?ында о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетін дамыту
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі,
ал мұны –логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс»
К.Д.Ушинский
Идрисова Салтанат Насиевна
Алматы облыстық әдістемелік кабинет әдіскері
Математиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі адамның ойлау, ой тұжырымдау, абстрактілі нысандармен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту болып табылады. Қазіргі талапкерлердің тест жинақтарына логикалық есептер енгізілді. Осы орайда логикалық есептерді ҰБТ кезінде тез шығару өте қиын. Сондықтан оқушылардың логикалық есептерді шығарудағы дағдысын алдын-ала қалыптастыру қажет.
Әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін төмендегі мақсаттарды жүзеге асыру тиіс:
1. Математикалық іс-әрекет сипатына сай логикалық ойлауды қалыптастыру;
Математикалық білімді игеру мақсатында тәжірибеде қолдану;
Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұнда ойлап, сөйлей алуы қажет;
Қойылған сұраққа немесе есептің жауабына дәл (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу;
Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету – математика сабағының басты міндеті. Оқу материалын оқушылардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оқушының ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін үрдіс болса, ал ой қорытындыларының обьективті пікірлерге негізделетін үрдісі логикалық ойлау деп аталады. Сондықтан да ұстаз оқушыны үнемі ойлау дағдысын дамыта отырып оқуға бағыттауы тиіс.
Логикалық есептер пәндік олимпиада немесе түрлі жарыстар тапсырмаларын орындауда жиі қолданылады. Логикалық ойлау арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, тіптен есептеу қабілеті дамып және өздігінен есептер құрастыруға дағдылана бастайды.
Сондықтан да бүгінгі математика пәні мұғаліміне қойылып отырған талап - оқушыларға пәндік бағдарламадан тыс логикалық тапсырмаларды үнемі орындату.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:
Есеп-жаттығуларды мазмұнды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
Сызба, графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсініп қабылдау;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Оқу үрдісінде осындай іс-әрекеттер жүзеге асып, нәтижесінде қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де, ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын жеке тұлға қалыптасады.