?дебиеттік о?у п?нінен Е?бекпен тап?ан тиын та?ырыбына саба? жоспары
«Прииртышский жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
95068648714АШЫҚ САБАҚ
00АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын
Жаксыбаева А. Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын» (грузин ертегісі)
Сабақтың мақсаты: «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегідегі негізгі ойды ұғындыру. Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, үлкенді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, ертегіні қорытындылауға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сюжетті суреттер, мақал – мәтелдер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа назар аудару.
Балалар, қонақтар келіпті. Өзімізді әдепті, ақылды бала екенімізді көрсете білейік.
Енді, орнымыздан тұрып, қонақтарға құрмет көрсетейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.
Балалар, мына менің қолымдағы кез келген сөздерді таңдап алыңдар.
Енді, балалар, қолдарыңдағы сөздер бойынша 3 топқа бөлінеміз.
І топ: «Көктем» (қар ериді, құстар келеді, бәйшешек шығады, бүршік атады, наурыз)
ІІ топ: «Қыс» (қар, аяз, боран, күн суытады, жаңа жыл, желтоқсан)
ІІІ топ: «Жаз» (жасыл, жаңбыр, күн ыстық, тамыз, шілде)
ІІ. Негізгі бөлім
а) Үй тапсырмасын сұрау:
Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»
Мәтінді оқыту
Әңгіменің мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу
Құрылыста
Мақтаншақ машина
Батпаққа батқан көлікКөмекӘ) Жаңа сабақ
«Ой ашар»
Мақал-мәтелмен жұмыс
І топ: Еріншектің ертеңі .... (бітпейді) (Жұмысты атқармады, еңбектенбейді, ертеңге қалдыра береді, сол істелмей қалады)
ІІ топ: Еңбегін қатты болса, жегенің ... болады (тәтті) (Жұмысты көп атқарып, еңбектеңсен, жемісін көресін)
ІІІ топ: Еңбек етсең ерінбей, .... .... ... (тояды қарнын тіленбей) (Жаз бойы ерінбей еңбектенсең, дастарханын мол болады)
- Балалар, «Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындырымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.
- Міне, балалар, және өздерің тапқандай бүгінгі тақырыбымызда еңбекке байланысты.
- Еңбек туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? (Оқушы жауаптары)
- Олай болса осы тақырыпты әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін еңбек туралы ертегімен танысамыз.
- Ертегі деген не, балалар?
- Ауызша жеткен халық шығармаларының түрі.
- Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
Ертегі туралы мағлұмат беру
↓Қиял - ғажайып ертегілері
Жан – жануарлар туралы ертегілер
Шыншыл ертегілер
- Балалар, ендеше бүгін біз «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен таныс боламыз.
Кіріспе әңгіме
Грузин ұлты.
Грузия мемлекетінің халқы.
Олар грузин тілінде сөйлейді.
Грузия мемлекетінің астанасы - Тбилиси. Бұл ел мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым - қатынас орнады.
(Грузиндердің ұлттық киімімен түскен суретін көрсету)
Мұғалімнің ертегінің мазмұнын әңгімелеуі.
(ертегі желісі бойынша суреттер пайдалану)
Сөздік жұмыс:
Кәрілік - қартайып, қарт
Тірнектеп – еңбектеніп
Ымырт жабылған - қараңғы түскен мезгіл
Бұлжытпай - екі етпей, айтқанын тыңдау
Сергіту сәті
Видео-ролик көрсету
Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға тізбектей оқыту
Мәтінмен жұмыс
Оқылған мәтін бойынша сұрақтар беру
«Әрқашан күн сөнбесін!» ойыны
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. Әр бұлтта тапсырмалар берілген. Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады.
- Ертегі кім туралы?
- Қарт әйеліне не деді?
- Жаны ашыған анасы қандай әрекет жасады?
- Бұл істің арты немен аяқталды?
- Анасы баласына қандай кеңес берді?
- Ал, баласы анасының тілін алды ма?
- Әкесі баласына не деді?
- «Еңбекпен тапқан тиін» дегенді қалай түсінесің?
- Мәтіннің негізгі ойы неде?
Шығармашылық жұмыс (5 мин)
І топ: Ертегі кейіпкерлерін ата. Кейіпкерлерге мінездеме беру (Әке, ана, бала)
ІІ топ: Еңбек туралы шағын эссе жазу
ІІІ топ: Еңбек туралы өлең шығару
ІІІ. Қортынды бөлім
Өткен сабақта оқытылған мәтін мен ертегіні салыстыру
Ер еңбекте Еңбекпен
сыналадыҰқсастығытапқан тиын
3446059107182Жалқаулық
00Жалқаулық
-34119107182Мақтаншақтық
00Мақтаншақтық
2216150188595Еңбек туралы
00Еңбек туралы
Ой толғаныс.
«Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
Шыншыл ертегі. Себебі бұл ертегіде баланың ақшаны өз еңбегімен тапқаны жөнінде айтылады.
Сабақ басында еңбек туралы бірнеше мақал - мәтел айттық. Сол мақалдардың қайсысы бүгінгі ертегінің мазмұнына сәйкес келеді?
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Нені үйрендің?
Не білдік?
Нені білгіміз келеді?
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Ертегіні түсініп оқу. Еңбек туралы ертегі құрастыру