Е?бекпен тап?ан тиын ?дебиеттік о?у
Пәннің аты: Әдебиеттік оқу Уақыты: 13.03.2017 Кабинет: Мұғалім: Сабақтың атауы Еңбекпен тапқан тиын (Грузин ертегiсi)
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын идеясын ашу. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Тәрбиелілігі: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру сабағыКөрнекілігі: слайд, суреттер
Оқушылар топпен бірлесе жұмыс жасайды. Еңбекке деген көзқарастары артады.
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.
Топқа бөлу
1- топ: 10 теңге
2-топ: 20 теңге
3- топ: 50 теңге
Әр топ лото жинау арқылы жеңіске жетеді. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Оқушылар тиындар арқылы топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау «Қаламсап» әдісі арқылы сұрау.1. Құрылыста. Сабақ 2 - 3 оқушыдан сұралады.2. Жүк машинасының мақтануы. Жолдастық мақтаншақтық туралы мақал - мәтел айтылады.3. Көтергіш кран.4. Күн лайсаң.5. Достық көмек.
«Ой қозғау» әдісі арқылы «қадам жаса» ойынымен жаңа тақырыпты ашу.
Қазақ ертектері туралы интерактивті тақтаға схема сызып қою.ЕРТЕГІ↓ҚИЯЛ ҒАЖАЙЫПХАЙУАНАТШЫНШЫЛ- Соның ішінде Еңбекпен тапқан тиын деген ертегі. Біздің туысқан халық ертегісі грузин. Теледидардан түрлі ертегілерді көреміз. Ерден атай ертегісін қазақ радиосынан да айтылады. Ертегі – бұл қиялымызды арттырады. Ертегі арқылы біз ғажайып дүниеге енеміз. Ертегі бала біткеннің сүйікті туындысы. Ертегі еңбек тақырыбында жазылған. Идеясы Еңбекті сүю, жалқаулықтан жирену, жақсылыққа бейімделу. Бұл ертегіде жалқаулықтың адамға кері ықпалы, ұятқа қалатыны туралы айтылады. Жалқаулықпен өскен бала анасының ақылымен еңбектенеді. Еңбектің нәтижесінде жалқаулықтың, оның адамның бойындағы жақсы қасиетті жоғалтатынын айқын сезінеміз. Грузия елі туралы ақпарат беру.
Оқулықпен жұмыс:І топ: Оқушыларға тізбектей оқыту.
ІІ топ: Оқушыларға тізбектей оқыту.
ІІІ топ: Сахналау
Сөздік жұмыс:
Кәрілік – қартайған адам.
Тірнектеп – еңбектеніп
Ымырт жабылған - қараңғы түскен мезгіл
Бұлжытпай - екі етпей, айтқанын тыңдау
«Кір жаятын жіп» ойыны
(әр топтан 1-1 оқушыдан шығып, мақалдың жалғасын тауып, мағыгасын ашады.)І топ: Еріншектің ертеңі .... (бітпейді) (Жұмысты атқармады, еңбектенбейді, ертеңге қалдыра береді, сол істелмей қалады)
ІІ топ: Еңбегін қатты болса, жегенің ... болады (тәтті) (Жұмысты көп атқарып, еңбектеңсен, жемісін көресін)
ІІІ топ: Еңбек етсең ерінбей, .... .... ... (тояды қарнын тіленбей) (Жаз бойы ерінбей еңбектенсең, дастарханын мол болады)
Бейнероликке билеу
«Ыстық орындық» әдісі
Ертегідегі кейіпкерлерді ата?
Балаға мінездеме бер.
Әкесі не істеді?
Қарт әйеліне не деді?
Анасы баласына қандай кеңес берді?
Әкесіне мінездеме бер.
Шығармашылық жұмыс:
І топ: Бір айналым сөйлесу
ІІ топ: Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазу
Еңбек ерлікке жеткізер, ...( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, ... ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай - құрмет, ... ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның ... ( екінші анасы )
Еңбек – ата, ... ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан )
ІІІ топ: Мен болашақта кім болам? эссе жазу«Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
Сабақ басында еңбек туралы бірнеше мақал - мәтел айттық. Сол мақалдардың қайсысы бүгінгі ертегінің мазмұнына сәйкес келеді?
Еңбекті сүй, құрметте,
Керек болар еңбек те,
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке.
( Әр топтың лотосын санап, жеңіске жеткен топты анықтау)
Мағынаны тану Сергіту сәті
Ой толғаныс Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағдаршамдарды көрсетеді.