Математика п?нін о?ытуда бастауыш ж?не негізгі орта білім де?гейлері арасында?ы саба?тасты?
Қостанай облысы
Амангелді ауданы
Ә.Боранбаев жалпы білім беретін
орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Татен Мадина Серикболсинқызы
Тақырыбы: Математика пәнін оқытуда бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері арасындағы сабақтастық
Мақсатым: Бастауыш және негізгі орта білім беру сатылары арасында оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру.
Міндеттерім:
Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастықты қалыптастыру
Екі буын арасындағы сабақтастықтың салдарынан туындаған қиыншылықтарды жою жолдарын іздестіру
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Оқушылардың білім сапасын көтеру
Болжамым: Егер екі буын арасындағы сабақтастық жұмыстары дұрыс жүргізілетін болса онда болашақта математиканы жетік меңгерген білімді ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз.
Сабақтастық дегеніміз - біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі.
Осы уақытқа дейін жалпы орта мектепте математиканы оқытудың мазмұнындағы сабақтастық, оқытудың әдістері мен тәсілдері арасындағы сабақтастық едәуір зерттелгенімен, бастауыш сынып пен негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері орын алып отырғандықтан, математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға кездеседі.
Мектепте математика пәнін оқыту, қандай да бір құрылыс ғимаратының іргетасын қалағанмен тең. Іргетас мықты болса оқушыға берілетін білім де сапалы болады. Бастауыш сынып оқушысының ортаңғы буынға өту кезеңі қиындық тудыруы мүмкін. Оқушыға ғана емес, олардың ата-анасы, бастауыш сынып мұғалімдерінің де көңілінде алаңдаушылық туғызады. Осындай алаңдаушылықтан арылу мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет.
Бастауыш сыныптағы мұғалім мен ортаңғы буындағы математика пәнінің мұғалімі арасында пікірталас туындайды. Оған себеп сынып оқушысы есеп шығарғанда теорияны практика жүзінде қолдана алмауы; арифметикалық компоненттерді дұрыс қолдана алмағандықтан сөз есептерді шығара алмауы.
Ортаңғы буындағы математика пәні мұғалімі бастауыш сыныптағы оқу бағдарламасын, оқулығын меңгерту әдіс-тәсілін біле бермейді. Сондықтан оқушының жас ерекшелігін есепке алмай, қатаң талап қояды, бастауыш сыныптағыдай тәсілмен түсіндіре алмайды. Сол себепті, 5 сыныпқа келгеннен бастап оқушының математика пәніне деген қызығушылығы жоғалтады. Бұл мәселе – сабақтастықтың болмауы себебінен туындайды. Осындай келеңсіздікті болдырмау үшін бастауыш сынып пен ортаңғы буын мұғалімдерінің арасында өзара сабақтастық болуы керек.
Қазіргі заман – ғылым мен техниканың өркендеген, математика ғылымының өте жан – жақты тараған кезеңі. Қазіргі таңда Ұлттық Бірыңғай тестілеуде математиканың негізгі пән болуы да заман талабы. Сондықтан, математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік дайындықтары жоғары деңгейде болуы қажет. Сыныптағы оқушылардың да ойлау қабілеті бірдей болмайды. Барлық бала бірдей математикалық қабілетке ие бола алмайды. Математика мұғалімі жұмысындағы қиындықтар, негізінен, пәнді оқуға қызығушылықтың болмауынан. Оқушының пәнге қызығушылығының жоғалу себебі-ол пәнді түсінбеуінен. Ал түсінбейтін себебі ол білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары арасындағы сабақтастықтың толық орындалмауынан. Білім берудің әр сатысында берілетін математикалықбілім бір-бірімен сабақтас болған жағдайда ғана түсінікті болмақ.
Ал, жақсы нәтиже көрсету үшін, оның сапасын бастауыш сыныптан қолға алуымыз қажет. Тест жазу барысында оларға калькулятор, ұялы телефон ұстамауларын талап етеміз. Осы талапты біздер, «бірінші сыныптан» бастап қолға алуымыз керек. «Білім негізі – бастауышта» қаланатынын әр уақытта жадымызда ұстап, негізгі бақылауды бастауыштан бастау керек. Математикалық білім берудің сапасын арттырудың бір жолы бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту. Сабақтастықты нығайтудың тиімді жолдарының бірі – теория мен тәжірибені ұштастыру; іс – тәжірибе алмасу. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Бастауыш сыныпты бітірген оқушылардың орта мектептегі оқу – тәрбие процесіне бейімделіп кетуін қамтамасыз ету сабақтастықты нығайтудың негізгі міндеті болып табылады. Білім негізі бастауышта дейміз. Бастауыш сынып мұғалімдері «үшінші, төртінші сынып» оқушыларына өз бетімен жұмыс жасауға, өздігінен шешім қабылдауға үйретуі тиіс. Өйткені, бастауыш сыныпта мұғалімнің айтуымен ғана тапсырмаларды орындап үйренген оқушыға «бесінші сыныпта» қиындау соғады. Қарапайым алгоритм бойынша есеп шығара білуі қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта берілетін негізгі сабақтас оқылатын тақырыптың бірін айтып кетсем, ол– геометрия элементтерімен таныстыру. Бұл тақырып 1-ші сыныптан бастап- ақ кең көлемде қарастырыла басталған. 1-ші сыныпта ең алғаш «Қарапайым түсініктер» тақырыбымен танысу барысында: Сызықтар (түзу сызықтар, қисық сызықтар). Нүкте. Сәуле. Бұрыштармен суретін көрсету арқылы таныстырылған. Бұрыш анықтамасы берілмейді. Онан соң, кесінді және оны сызу. Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Сантиметр. «10» санымен танысқан кезде Дециметр ұғымдарымен таныстырылған. «3» санымен таныстырлған кезде Үшбұрыштың қабырғалары – кесінділер. Бұрыштың қабырғалары – сәулелер болатыны айтылып кеткен және олардың суреттері берілген. 2- сыныпта кесінділердің ұзындықтарын өлше. Осы екі кесіндінің ұзындықтарының қосындысын тап және оны дәптерге жаз деген тапсырмалар берілсе, 3-сыныпта кесінді бірнеше бөлікке бөлініп, бөліктерінің ұзындықтарын табуға тапсырмалар берілген. Енді біз 7-ші сыныптың геометрия оқулығын қарасақ ,онда осы кесіндіні өлшеп салу қайталанып берілген. Сонымен қатар 7- сынып геометриясындағы «Бұрыш. Бұрышты өлшеп салу» тақырыбы да қайталанып берілген.
Туындайтын кедергілер (пробелмалар):
Кедергілер Шешу жолдары
1 Ауызша есептей білетін оқушылардың аздығы Көбейту кестесі мен қосу және ауызша есептеулерді жүйелі түрде қайталап отыру
2 Көп таңбалы сандарды бөлудегі кететін қателіктер Бөлу амалының шығару алгоритмін жүйелі түрде қайталап отыру, ауызша бөлу есептерін көбірек қолдану
М: 2202:2=111 қате, жауабы 1101
282107: 7=430 қате, жауабы 4030
3 Көп таңбалы сандарды көбейтудегі кететін қателіктер Көбейту амалының шығару алгоритмін жүйелі түрде қайталап отыру, ауызша бөлу есептерін көбірек қолдану
М: 324*3=9612 қате, жауабы 972
4 Амалдарды орындаудың ретін дұрыс білмейтіндігі Амалдарды орындау алгоритмін түсіндіру және оны жиі қайталап отыру
М: 322:23*70-161*9:69
5 Мәтінді есептерді шығару жолдарын жетік меңгермеуі Есепті шығармас бұрын көз алдына елестете білу (не жайында) суретін немесе схемасын салдыру, осыған мүмкіндігінше кері есептерді құрастыру
М: Сурет галереясына арнап дайындалған шамдардан 4 залға әрқайсысына 104 шамнан пайдаланылады. Сонда фойе мен дәлізге ілінетін 304 шам қалды. Сурет галериясы үшін барлығы неше шам әзіленді?
Барл.=х
Зал=4
Әрқ.=104
Қалды=304
Теңдеуі:
Х-104*4=304 Кері есеп
Барл.=720
Зал=х
Әрқ.=104
Қалды=304
Теңдеуі:
720-104*х=304
Кері есеп
Барл.=720
Зал=4
Әрқ.=х
Қалды=304
Теңдеуі:
720-4*х=304 Кері есеп
Барл.=720
Зал=4
Әрқ.=104
Қалды=х
Теңдеуі:
Х+104*4=720
6 Графикалық білімдерінің төмендігі Тор көзді дәптерге жұмыстарын қалай сала білуді үйретіп, дәл солай ақ параққа салуды үйрету, салу жұмыстарын топпен жарыстыру
М: Осы сызбаны аяқта
7 Теңдеуді шешу жолдарын дұрыс меңгермеуі, түбір туралы түсініктің жоқтығы, тексеру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі. Ең бірінші айнымалы туралы түсінікті дұрыс беру.
М: 1) Дүкенге барып 12 тг тұратын карындаштың 8 шт сатып алды. 12∙8
2) Дүкенге барып 12тг тұратын қаламнан нешеу аласың? 12∙х
3) Егер қолыңда 100тг болса. 5 қарындаш,
10 қарындаш алуға бола ма? 12∙5 ‹ 100 болады
12∙10 ›100 болмайды
12∙8 немесе 12∙х
Осыдан санды өрнек пен айнымалысы бар өрнекті өмірлік ситуациядан алынған тәжірібелер арқылы түсіндіру
Ары қарай күрделендіріп теңдеу, теңсіздік құрылады 12∙5+10∙х ‹ 100
8 Оқушылардың математикалық тілде дұрыс сөйлеу білмеуі Есептің берілгенін математикалық тілде ауызша көбірек оқыту
М: (256 -117) + (758 - 596)
Жалпы егер математикадан оқушыларға қиын ұғымдарды енгізбестен, анықтамасын берместен бұрын бастауыш сыныпта ойын, есеп, өмірден алынған тәжірибемен байланыстырып дайындасақ, онда орта буынға келгенде оларға түсіндіру қиынға соқпас еді. Бұл жолды ғылыми тілмен айтқанда пропедевтика жүргізу дейді.
Осылайша сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің, шеберлігінің, дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап, оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі. Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны, қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.
Қорытынды: Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта және тізбектелген оқытудың даму зонасы ретінде қарастыра отырып, бастауыш мектепте оқытудың жетекші компоненттері-мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері, формасы, құралы арасындағы тығыз байланысты орнатсақ және мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты дұрыс орнатсақ, онда бастауыш мектепте және орта мектептерде математиканы оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерінің кеңейіп, тереңдеуіне,олардың білім, біліктілік, икемділігінің біртұтас жүйесін қалыптасатынына көз жеткіземіз.
Сабақтастық жоспарына сай мұғалімдерге тапсырылатын жұмыс түрлері
Бастауыш саты мұғалімдерінеӨз оқушыларының жеке портфолиосын жинақтау;
Қабілеті төмен және қабілетті оқушылармен жұмысты жүйелі өткізу;
Оқушылармен “Ұжымдағы сенің орның...” атты шара өткізу;
Болашақ 5-сыныптың жетекшісімен бірлескен ата-аналар жиналысын өткізу; (сәуір айында)
5-сыныптың сабақтарына қатысып, қандай пәндік ерекшеліктер барын байқау;
Білім кемесіндегі Сіз бен Біз!” тақырыбында 5 сынып мұғалімдерімен бірлескен шара өткізу;
Жылдық қорытынды бойынша оқушылардың білім мониторингісін жасау;
5-сыныпқа кеткен оқушыларының білім, білік, дағдыларын және жалпы қалыптасу бағытын қадағалау; (қыркүйек, қазан айларында)
Болашақ 5-сынып жетекшілерінеҚабылдайтын 4-сынып оқушыларына зерттеу жүргізу; (тәртібі, әлеуметтік жанұялық жағдайы т.б.)
4-сынып жетекшісімен байланыс; (сауалнама, сұрақ-жауап т.б.)
Сәуір айынан бастап, қабылдайтын оқушыларымен жете танысу шараларын өткізу;
Бірлескен ата-аналар жиналысын өткізу;
Оқушыларға сауалнама жүргізу;
Оқушылардың қызығушылықтарын байқау “Сен ұнататын пән?”, ”Сен қызықпайтын сабақ?” “Сен жақтырмайтын пән?”, ”Сен қиналатын пән?”
Әр оқушының бос уақытына зерттеу жүргізу;
Оқушыларды құжаттарымен, портфолиосын түгендеп, қабылдап алу;
5-сыныпқа келгенде барлық жағынан қолдау көрсету, жетелеу, бағыттап-тәрбиелеу;
5-сынып пән мұғалімдеріне:
Болашақ оқушыларының сапалық деңгейі туралы мәлімет алу;
Міндетті білім, білік, дағдыларының қалыптасуын байқау, зерттеу;
Дәптер арнап ашып таблица жасау, оқушы ынтасы, қабілеті,білімі,т.б.
Өз пәні бойынша тәуелсіз бақылау, тест, диктант жұмыстарын өткізу;
Нәтижесін салыстыру;
Өз пәні бойынша қорытындысын кеңесте баяндау;
Проблемаларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу;
НӘТИЖЕ
Сатылар арасында сабақтастық проблемасын шеше алатын, бірлесіп жұмыстанатын, сапалы білім мен саналы тәрбие беретін білікті , шығармашыл, жан-жақты ұжым.
Сатылар арасындағы сабақтастықты жетілдіріп, жан-жақты жұмыстану баршамыздың міндетіміз.
«Білмейтін бала болмайды, білдіре алмайтын мұғалім болады» демекші , әркез еске ұстап, әр сабағымызда межелі мақсатымызға жету бағытында жүйелі бірлесіп жұмыстанайық.