Математика п?нін о?ытуда бастауыш ж?не негізгі орта білім де?гейлері арасында?ы саба?тасты? та?ырыбында?ы презентация
Математика пәнін оқытуда бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері арасындағы сабақтастық
Мақсатым: Бастауыш және негізгі орта білім беру сатылары арасында оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру.
Міндеттерім: Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастықты қалыптастыру;Екі буын арасындағы сабақтастықтың салдарынан туындаған қиыншылықтарды жою жолдарын іздестіру;Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;Оқушылардың білім сапасын көтеру.
Болжамым: Егер екі буын арасындағы сабақтастық жұмыстары дұрыс жүргізілетін болса онда болашақта математиканы жетік меңгерген білімді ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз.
Сабақтастық дегеніміз - біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі.
Сабақтастықтың түпкілікті мақсаты – баланы жүйелі, сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуін ұйымдастыру.
Сабақтастық екі бөліктен тұрады:а) оқу-танымдық сабақтастық (ішкі), оның құрылымы:себептік- мақсатты, мазмұндық-қызметтік, оқу-операциялық, бағалау-рефлексивтік және ұйымдастырушы-жоспарлаушылық;ә) процессуалдылық-оқыту сабақтастығы (сыртқы), оның құрылымы: нормативтік, ұйымдастыру-әдістемелік, реттеуші-ынталандырушы және тексеруші-бағалаушы.
Сабақтастық педагогика категорияларының оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жалпы дидактикалық функциясын орындайды. Сабақтастықтың орындалу көрсеткіші – ол үздіксіз білім беруде адамның келесі білім баспалдығына дайындығының сандық сипаттамасы. Ол арнайы әдіс арқылы оқушының жауабы көрсеткіші және бақылау жұмысының диагностикасы арқылы есептеледі.
Білім сапасын арттыру үшін Бастауыш және негізгі мектептегі математика оқулығының мазмұны яғни теориялық жағынан оқытудағы сабақтастықты сақтау және математиканы дамыта оқыта отырып сабақтастыра оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдары ұсынылып қарастырылды.
Оқу қызметінің құрылымы туралы педагогтар арасында бірыңғай пікір жоқ. Әр кітаптың авторы әр түрлі пікір ұсынады. Бірақ, баланың оқуға деген дайындығын қалыптастыратын барлық жағдай осы оқу үшін еңбек ету барысында қалыптасады. Біздің, яғни мұғалімнің мақсаты сол еңбекке қолайлы жағдай туғызу.
Себебі тек еңбек еткенде ғана баланың қабілеттері анықталады және жүзеге асырылады. Еңбектену барысында олар қалыптасады, еңбектену барысында олар дамиды. Тек өздігінен жұмыс істегенде ғана оқушы өз мүмкіндіктерін біліп, жарқын да жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне алады. Еңбектену барысында оның рухани өмірінің байлығы: ой-өрісі мен сезімдерінің тереңдігі, қиял-еркінің күші ашалап, мінезінің негізгі қырлары қалыптасады.Сонымен мектепте оқытудың тиімділігі оқушылардың оқу сипатына бірден бір байланысты. Тек білім, қабілет пен дағды ғана емес, сондай-ақ пәнге деген қызығушылық, онымен әуестенушілік, оқуға деген ынта да оқушы қызметінің барысында қалыптасады.
Мектеп табалдырығынан күнделікті білімді өз бетімен меңгеру, жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы үшін білім қажеттіліктері:1) білімнің маңызын және оның ролін терең түсінуінде, яғни жүйелі меңгерілген білімді ғылымның әр саласында техника, мәдениет, өнер т.б. салаларда терең білімнің қажеттілігін мектеп табалдырығынан түсіну қажеттілігі2) үздіксіз білім алу қоғам қажеттілігін түсіну3) оқушының білімге құштарлығын арттыру4) мектепте алған сапалы, терең білім негізінде шығармашылыққа ұмтылу5) жоғары мәдениетті адам қалыптастыру, яғни икемді, дағдысы қалыптасқан, шебер, т.с. өз бетімен іс-әрекетін ұйымдастыра білетін (талдау, салыстыра білетін, жалпылау, жүйелеу, қорытындылай білетін) жоспар құра білу, кітапханада өз бетімен жұмыс істей білу, анықтамалар , сөздіктерді пайдалана білу, уақытты үнемдей білу т.с.с.
Бастауыш және негізгі саты арасындағы сабақтастық.Бастауыштан келген оқушының білім сапасы 5 - сыныпқа келгенде түсіп кетеді? Неге? Неліктен?1) Ең бірінші ғимараттың алшақтығы2) Пәндердің сабақтастығы сақталмаған3) Әр түрлі стильдегі пән мұғалімдеріне тап болады
5 - сыныптың ІІ оқу тоқсанындағы білім сапасы мен 4-сынып аяғындағы білім сапасының көрсеткішіндегі айырмашылықтары
4- сыныптың аяғындағы білім сапасы{93296810-A885-4BE3-A3E7-6D5BEEA58F35}Пән атыОқушы саныІ тоқсан бағаларыБілім сапасыҮлгірім сапасы«5»«4»«3»«2»Матем16385-69%100%ІІ оқу тоқсаны бойынша 5-сыныптың білім сапасы{F5AB1C69-6EDB-4FF4-983F-18BD219EF322}Пән атыОқушы саныІІ тоқсан бағаларБілім сапасыҮлгірім сапасы«5»«4»«3»«2»Матем16457-56%100
5-сынып оқушыларыАйтжанова ДианаАтығаева ДианаСатенова ҚарақатСабитбекова РайгүлКенжебеков ЕрасыланБарлыбаева ЖұлдызСоқабаева НұрбибіТәуіпкелова ДианаӨмірзақова СабинаӨміртаев МедетЕсімов АйбекМирамхан ЕрнұрКариев ЕрсінАшықбай БексұлтанАтығаева АқботаТөлебаев Батыржан
Туындайтын кедергілер (пробелмалар):
Қорытынды: Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта және тізбектелген оқытудың даму зонасы ретінде қарастыра отырып, бастауыш мектепте оқытудың жетекші компоненттері-мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері, формасы, құралы арасындағы тығыз байланысты орнатсақ және мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты дұрыс орнатсақ, онда бастауыш мектепте және орта мектептерде математиканы оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерінің кеңейіп, тереңдеуіне,олардың білім, біліктілік, икемділігінің біртұтас жүйесін қалыптасатынына көз жеткіземіз.
Бастауыш саты мұғалімдеріне:Өз оқушыларының жеке портфолиосын жинақтау;Қабілеті төмен және қабілетті оқушылармен жұмысты жүйелі өткізу;Оқушылармен “Ұжымдағы сенің орның...” атты шара өткізу;Болашақ 5-сыныптың жетекшісімен бірлескен ата-аналар жиналысын өткізу; (сәуір айында)5-сыныптың сабақтарына қатысып, қандай пәндік ерекшеліктер барын байқау;Білім кемесіндегі Сіз бен Біз!” тақырыбында 5 сынып мұғалімдерімен бірлескен шара өткізу;Жылдық қорытынды бойынша оқушылардың білім мониторингісін жасау;5-сыныпқа кеткен оқушыларының білім, білік, дағдыларын және жалпы қалыптасу бағытын қадағалау; (қыркүйек, қазан айларында)
Болашақ 5-сынып жетекшілеріне:Қабылдайтын 4-сынып оқушыларына зерттеу жүргізу; (тәртібі, әлеуметтік жанұялық жағдайы т.б.)4-сынып жетекшісімен байланыс; (сауалнама, сұрақ-жауап т.б.)Сәуір айынан бастап, қабылдайтын оқушыларымен жете танысу шараларын өткізу;Бірлескен ата-аналар жиналысын өткізу;Оқушыларға сауалнама жүргізу;Оқушылардың қызығушылықтарын байқау “Сен ұнататын пән?”, ”Сен қызықпайтын сабақ?” “Сен жақтырмайтын пән?”, ”Сен қиналатын пән?”Әр оқушының бос уақытына зерттеу жүргізу;Оқушыларды құжаттарымен, портфолиосын түгендеп, қабылдап алу;5-сыныпқа келгенде барлық жағынан қолдау көрсету, жетелеу, бағыттап-тәрбиелеу;
5-сынып пән мұғалімдеріне:Болашақ оқушыларының сапалық деңгейі туралы мәлімет алу;Міндетті білім, білік, дағдыларының қалыптасуын байқау, зерттеу;Дәптер арнап ашып таблица жасау, оқушы ынтасы, қабілеті,білімі,т.б.Өз пәні бойынша тәуелсіз бақылау, тест, диктант жұмыстарын өткізу;Нәтижесін салыстыру;Өз пәні бойынша қорытындысын кеңесте баяндау;Проблемаларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу;
НӘТИЖЕСатылар арасында сабақтастық проблемасын шеше алатын, бірлесіп жұмыстанатын, сапалы білім мен саналы тәрбие беретін білікті , шығармашыл, жан-жақты ұжым.Сатылар арасындағы сабақтастықты жетілдіріп, жан-жақты жұмыстану баршамыздың міндетіміз.«Білмейтін бала болмайды, білдіре алмайтын мұғалім болады» демекші, әркез еске ұстап, әр сабағымызда межелі мақсатымызға жету бағытында жүйелі бірлесіп жұмыстанайық.