Сурет саба?ына арнал?ан саба? жоспары.
Сыныбы:МАД
Тақырыбы:Біздің әсем шыршамыз
Оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.Жаңа жылдық шырша суретіне көз жүгірте отырып қала көрінісін қағаз бетіне түсіру, балаларды негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру,шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: Қыс,шыршасуреті акварель бояу, қылқалам, қағаз,су, қолорамал.
балалар үшін :жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, су, Қолорамал
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Қыс мезгілі ,Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеу,шырша суретін салып,безендіріп,әдемілеп бояйды.
2.Түстерді қалай шығаруға болатынын әңгімелеу.
Балаларға қызғылт, сия көк, ашық күлгін, қошқыл қызыл сияқты түстер түс реңдері деп аталатынын айту. Кейбір түстерді алу үшін негізгі түстерді араластыру арқылы шығарып алуға болатындығы тұсіндіріледі. Мысалы, негізгі түсті ақ тұспен араластырса, ашық түсті рең шығады, ал егер қара түспен араластырса, коңырт түске айналады.
3.«Түстер еліне саяхат» ойынын ойнату.
Мақсаты: жылы және суық түстерді естеріне тұсіру; өздеріне ұнайтын түсті таңдауға ерік беру.
Балаларды жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретімен, суретті салу, қажетті түсті шығарып алу тәсілімен таныстыру.
Түс реңін шығарып алу үшін қажетті түстерді палитрада араластыру.
4."Жаңа жыл " тақырыбында сурет салу
1.Шыршаны үш бұрыштыетіп бейнелеу.
2.Енді оны әдемілеп ойыншықтармен безендірейік.
3.Шырша жанына түрлі аңдардың суретін салу.
Тәрбиеші балалардың жұмысын қадағалап бақылайды. Көмек керек балаларға кеңес беріп, көмектеседі.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Жұмыс соңында балалардың суретінен шағын көрме ұйымдастырып, балалардан кімнің суреті әдемі, таза салынғаны жайында сұрау