Санды? есептер шешу. «Реакция?а ?атысушы немесе реакция н?тижесінде т?зілген ?німні? белгілі массасы, зат м?лшері немесе к?лемі бойынша затты? массасын, зат м?лшерін, к?лемін (газды?) есептеу. »


Пәні
химия Сыныбы 8 Күні: Мұғалімнің аты - жөні:
Жарылгасова Г. «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі: Жаңабаева З.
Сабақтың тақырыбы: Сандық есептер шешу.
«Реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген өнімнің белгілі массасы, зат мөлшері немесе көлемі бойынша заттың массасын, зат мөлшерін, көлемін (газдың) есептеу. »
Сабақтың мақсаты: Сандық есептер шығаруға дағдыландыру.
Сілтемелер: 1. Әдістемелік нұсқау (К.Жексембина, Н.Нұрахметов, К.Сарманова)
2. Ә.Темірболатова «есептер мен жаттығулар жинағы»
3. Жұмыс дәптері Н.Нұрахметов, Н.Заграничная, К.Сарманова
4. Химия журналы («химик анықтамалығы», «Х. мектенте») 5. Оқулық (Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина ), 8 сынып
Сабақтың типі: Жаңа сабақОқыту әдістері: Түсіндірмелі-иллюстративті, практикалық әдіс.
Оқыту нәтижелері: Өз бетімен жұмыс жасауға және есеп шығаруға дағдыланды. Зат мөлшері, моль ұғымы туралы білді.
Тапсырма көздері: Тапсырмалар үлестіруРесурстар: Оқулық, электронды оқулық, жұмыс дәптерлері, есептерді шығару алгоритмі бар үлгі (интерактивті тақта), стикерлер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. 3мин.
Психологиялық ахуал. 1. Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау, сыныпты түгендеу. 2. Сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Тақтада стикерлер ілініп тұрады. Ол стикерлердің артында топтың нөмірлері жазылған. Оқушылар келіп таңдайды, сол бойынша топқа бөлінеді.
Топ басшысы сайланады.
Топтын ережелерін қайталайды.
3. Оқушылар «Айна» ойының ойнайды. Бірге отырған екі оқушы жасайды. Қарсы қарап тұрады. Бірі айна, екіншісі адам. Адам қимылын айна қайталап тұрады. Бұл балалардың жақсы көңіл-күйде болып, сабақты жақсы меңгеруіне әсер етеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың іс-әрекеті:
Үй жұмысын тексеру.
§ 66; 67
5 жат. 177 бет.; 1, 2 жат. 179 бет.
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын хабарлау. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. 1мин
«Еркін әңгіме» әдісін қолдану. Дәптерлеріне бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алады.
Оқушылар назар аударып тыңдайды.
Оқулықпен жұмысОқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалып тастыру кезеңі.
Сергіту сәтін ұйымдастыру. 2мин Слайд көреді.
Жаңа сабақты бекіту. Өздік жұмыс.
Жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмаларды орындау.
Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Жинақтау, талқылау Өздік жұмыс орындайды.
1. Мына қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтаңдар: IF7; CaBr2; NO2; AlCl3; SF6; Cl2O7; N2
2. Тотығу дәрежесін анықтаңдар және тотығу процесін аяқтаңдар:
C0 – 4e →
S0 + 2e →
S+4 – 2e →
S0 – 4e →
3. Берілген реакция теңдеулерін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысында теңестіріңдер:
WO3 + H2 → W + H2O
CuS + O2 → CuO + SO2
4. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз: 
1. H2 → СН4 → Н2 → CaH2
2Н2 + С = СН4 (метан).
СН4 + H2О = СО + ЗН2
Н2 + Ca = CaH2.
2. NН3

H2 → СН4

LiH
5. Есеп №1
Көлемі 124 л сутек газы жанғанда (қ.ж.) қанша литр оттек жұмсалатынын есептеу.
124л Хл Хл
2H2 + О2 = 2H2О (су буы)
2моль 1моль 2моль
ν(H2) = V(H2) : Vm = 124 л : 22,4 л/моль = 5,53 моль
ν (H2) : ν (О2) = 2 : 1
ν (О2) = ½ ∙ ν (H2) = ½ ∙ 5,53 моль = 2,76 моль
V(О2) = Vm ∙ ν (О2) = 22,4 л/моль ∙ 2,76 моль =61,8л
Есеп 1-165 (е.ж.)
Ас үйде тамақ пісіргенде газ баллонынан 440 г пропан (C3H8) жағылды: C3H8 + 5O2 = 3CO2 + 4H2О
Бұл химиялық реакция нәтижесінде көмірқышқыл газының (CO2) қандай массасы түзілгенін есептеңдер.
Есеп№3
Массасы 5 г кальций оксиді қанша көлем алады?
Бағалау. Рефлексия 2 мин Формативті бағалау.
Оқушылар көңіл күйлерін айтып өтеді.
Үйге тапсырма: §66, 67 Есепті аяқтау
Үй тапсырмасын оқушылар күнделіктеріне жазып алады.