К?ркем ?дебиет Балаба?шамен ?оштасу
Тақырыбы: "Қош бол, балабақшам!"
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білім біліктерінің, ой-өрістерінің
жемісін, ортаға сала ортырып, балаларды үлкен өмірге қадам
басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа,
Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, шарлар, гүлдермен безендірілген.
Қатысушылар: Ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, балалар.
Жұмыс барысы:
1. Музыка әуенінің үнімен балалар кіреді.
1. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің мерекеміз ерекше, себебі бүгін бірнеше жыл мәпелеп өсірген, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,даярлыққа шығарып салғалы отырмыз.Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!
Бүгінгі балабақшамызбен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.Келесі сөз кезегі мектебіміздің директоры Бекишов Ардақ Болатұлына беріледі
Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды Бізден ұшып , қанат қағып есейдіңдер Өздеріңмен қоштасатын күн туды. Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар Жүректерден арман отын жағыңдар –дей отырып «Қош бол,балабақша» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім , Ақ шуақты күндерім Ерекше қызық тілдерің Естен кетпес үндерің демекші балалардың өлеңдерін тыңдаңыздар
1.Алан:Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,
Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар,
Бақшаменен қоштасу тойымызға.
2.Ислам:Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
3.Жаннұр:Қош, балалар бақшасы,
Естен кетпес есімің.
Қош, балалар бақшасы,
Алғаш ашқан есігім.
4.Гүлім:Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
5.Бекзат:Біздер бес жастамыз,
Сәбиліктен асқаңбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол,әсем бақшамыз.
6.Жанерке:Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Тәрбиеші: Көңілді өскен баламыз,Шырқап әнге саламыз.Тойымызға сән беріп,Ән де айта аламыз!
Ән: "Қошақаным"
Тәрбиеші:
Балабақша көркі болсын әрқашан,
Кейінгі бүлдіршін балалар.
Тілек, тақпақтар.
Аян:Алуға терең білімді,
Мектепке енді кеттіңдер.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз.
Сезім: Ақ жол болсың.
Тәрбиеші:
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Көңілді биді көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер.
Жаннұр мен Гүлназдың биін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші: Балалар сендер мектепке не үшін барасыңдар? Дрыс,біз білім алу үшін барамыз.Ендеше білімімізді шындай түсу үшін мен сендерге бірнеше тапсырмалар берем. Осы тапсырмалардан сүрінбей жақсы жауап берсеңдер, мектепте жақсы оқушы болатындарыңа мен кәміл сенемін.
1-тапсырма тіл дамытудан:1.Бұл қай құс?(Қарға) 2.Суретте нені көріп тұрсың? Түсі қандай?(Шар,қызыл).
2-тапсырма қоршаған ортамен танысудан: 1.Мынау адамның қай мүшесі?(Көз)
2.Мынау не? (ұя).
3-тапсырма математикадан: 1.Мына суретте неше алмұрт тұр? Сана. 2.Мынау қандай фигура? (төртбұрыш).
4-тапсырма көркем әдебиеттен: 1.Мына суреттегі қай ертегі?(шалқан).2.Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
5-тапсырма топтастырып айту және логикалық тапсырма:1.Мынау нелер? (ыдыстар,жемістер).2.Қайсысы алма? Суреттен көрсету.
Сергіту сәті.
Жақсы,жаман ойыны.Сурет бойынша әңгімелеу.
Математикалық жұмбақтар
1.Үш баланың неше қолы бар?
2.Көгалда 5 қоян отыр.Аңшы атқанда олар қашып кетті.Көгалда неше қоян қалды?
3.2 аюдың неше аяғы бар?
4.1 қоянның құлағы нешеу?
1. Жүргізуші: Үйренгенбіз өнер біз, Шетімізден шеберміз Керемет қой әніміз Мың бұралған биіміз
Көбелек биі.
Ата-аналармен ойын.Ойынның шарты: 2 ата-ана шығып берілген тапсырманы орындау керек. Тапсырма: Үй және дала жануарларын қимылмен көрсету.Оны балалар қай жануар екенін табу керек.
Сұрақ-жауап
1.1-ден 10-ға дейін сана.
2.1-ден 5-ке дейін кері сана.
3.Қандай геометриалық пішіндерді білесіңдер?
4.Ертегілер қалай басталады?
5.Балабақшаларынның аты қалай аталады?
6.Сендер қандай топсыңдар?
Жүргізуші:Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болып қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар,ақ жол тілейік!-деп мына шағын сыйлықты өздеріне тарту етемін.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!
Құттықтау сөзі ата-аналарға беріледі.
Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме , б
алалар! Мерекелерің құтты болсын! Білім еліне қош келдіңіздер! Бүгін сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Жақсы оқып алтын ұя мектепте Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар Бәріңді де сәбиім деп сүйетін Өздеріңді сағынып біз жүрейік Құтты болып қадамдарың аттаған Біз сендерге сәтті сапар , ақ жол тілейік!
Мен сендердің балабақшамен қоштасу мерекелеріңе, бірнеше тапсырмалар дайындап ала келдім. Осы тапсырмалардан сүрінбей жақсы жауап берсеңдер, мектепте жақсы оқушы болатындарыңа мен кәміл сенемін.
1- тапсырма: Сұрақ - жауап
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Апта күндері атап беріңдерші.
2 - тапсырма:
Ойын: 1-ден , 10-ға дейін тура және кері санайық.
Ойын: Қандай геометриялық фигуралады білесіңдер?
(Олар неге ұқсайды , түстері қандай?)
3 - тапсырма: Ойын: Табиғат неше топқа бөлінеді? (тірі және өлі табиғат болады) 4 - тапсырма: "Санамақ" білесіңдер ме?
Әмір: Бір дегенім - білім , Екі дегенім - елім Үш дегенім - үміт Төрт дегенім - түлік Бес дегенім - бесік Алты дегенім - асық Жеті дегенім - желім Сегіз дегенім - сенім Тоғыз дегенім - төзім Он дегенім - өзім
5 - тапсырма: Мақал - мәтелдер
Бекхан: Кітап білім бұлағы ,
Білім өмір шырағы
Рустам: Жердің сәні егін ,
Ердің сәні білім
Даниял: Білекті бірді жығар ,
Білімді мыңды жығар.
Білім ханшайымы: Көп рахмет балалар , менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Жақсы оқып сабақты , үлгілі оқушы болыңдар.
Өтті міне көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл - ойларың
Құтты болсын тойларың!
Ән: "Мектебімде үйретеді"
1. Жүргізуші: Айналайын гүлдерім , Ақ шуақты күндерім Ерекше қызық тілдерің Естен кетпес үндерің , дей отыра ортаға балалардың өлеңдерін тыңдаңыздар
3.Әділет: Оқимыз білім аламыз Болашақ жолын саламыз Бақшаменен қоштасып Біріншіге барамыз 4. Аделя: Мәпелеген анамыз Бақша болды панамыз Мектепке енді барамыз Оқып білім аламыз
2. Жүргізуші: Күллі әлемді шарлаңдар Ғарышқада самғаңдар О , жарандар , жарандар , Қане , мында қараңдар - дей отыра ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырамыз .
Би:"Өзбек биі"
1. Жүргізуші: Сүйкімді балғын бала шақ , Сендердікі болашақ. Озат болып оқыңдар , Ойға білім тоқыңдар - ортаға Абылайхан мен Исламды шақырамыз
5. Абылайхан:Мектепке енді барамыз , Оқып білім аламыз Оқимыз сауық құрамыз. Бақшаға келіп тұрамыз.
6. Аяулым: Бақшамызды бәріміз Есімізге сақтаймыз Тәрбиеші еңбегін Есімізде сақтаймыз 7. Ислам: Қуанамыз сыйлаймыз , Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызбен қимай біз , Қоштасатын күн бүгін.
2. Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді жалғастырайық , ортаға бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалайық.
Ән: "Мен өнерлі баламын"
Осы кезде "Буратино" кіреді.
Буратино: - Сәлеметсіздер ме? балалар , мен сендердің достарыңмын, менің атым "Буратино". Мен сендердің достарың боламын. Сендердің мектепке дайын екендіктеріңді естіп келдім. Сендердің ата-аналарыңа бір ойын ала келдім.
Ойын: "Сийқырлы кілт" (ата - аналар өз өнерлерін көрсетеді)
Ал , балалар енді бәрің менімен бірге бір көңілді бір
"Би" билеңдер.
1. Жүргізуші: Ойыншықты жинаймыз ,
Бөбектерге сыйлаймыз - кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің өлең шумақтарын сыйға сыйлағалы келіпті.
8. Дильяра: Балабақша , балабақша , Шаңырағы шаттықтың. Балабақша қорғанышы , Балғын сәби жастықтықтың.
9. Дамирали: Балабақша есігін , Үшке тола ашқанбыз. Едік аппақ нәресте , Көп-көп бөбек көргенде , Жұбанғаным есімде.
10. Жансерік: Бұл қуаныш себебін , Бізге қарап ұғарсың. Ер жетті деп бөбегің , Туған Отан қуансын.
11. Томирис: Мектепке енді барыңдар Үлгілі бала болыңдар. Жақсы оқып сабақты Кілең "бестік" алыңдар
12. Еркежан: Өсті міне бойларың , Өсті ақыл ойларың. Қуанышқа ортақпыз , Құтты болсын тойларың.
2. Жүргізуші: Балабақшам бесігім , Қайсысын айтып бітейін. Қабыл алшы гүлімді , Сіздерге сыйлап кетейін - демекші кезекті бүлдіршіндерімізге береміз.
13. Фариза: Ұстаздардың ұстазы , Тәрбиенің ұстазы. Меңгеруші басшыға , Ырза әке , шеше де , Бізде мұнда әрдайым Бәрі - бәрі дап-дайын , Қамымызды ойлаған Бабаназар Ғазиз ұлына балалардан мың алғыс!
14. Рустам: Талай-талай баспалдақты аттармыз , Ата - ананың үмітінде ақтармыз. Сізден алған ақылды , Есімізде өмір-бақи сақтармыз. Лидия Григорьевнаға балалардан мың алғыс!
15. Бекхан: Біздің апай Рымкүл, Маманы оның әдіскер. Бұл апайға қарасақ , Ақылына көркі сай. Мақтан етем әрдайым , Аман болшы апатай Рымкүл Нүриден қызына балалардан мың алғыс!
16. Аружан: Екі тілді меңгерген , Бойындағы білімін . Бізге аямай үйреткен, Ғалия , Айгүл апайларға балалардан мың алғыс!
17. Жансая: Еңбек еткен еңселі Сырты менен ішіне Иығына көтерген Дәмді , тәтті тағамды Жеткізген бізге дүкеннен Ася апайға мың алғыс!
18. Асанали: Денсаулыққа болаттай , Ауруларды жолатпай. Күнде болған әбігер, Қамқоршымыз дәрігер Дәрігер Сапия апайға мың рахмет!
19. Рауан: Әр күніміз той - думан , Рахатқа батып ек. Ән мен күйін тербетіп , Көңілімізді көтерген Айнагүл апаймен Жания Бексұлтан қызына балалардан көп рахмет!
20. Аружан: Есеп - қисап жүргізген, Бақшаға кіріс кіргізген. Томпитып дәмді бауырсақ, Бізге арнап пісірген. Есепші Қымбат апай , аспазшылар Қарлығаш, Наташа, Светлана апайларға көп рахмет!
21. Әли: Бізді қарап баптаған , Күлімдеген жақсы адам. Ақ төсекке жатқызған, Басымыздан сипаған. Елена , Айгүл апайларға көп рахмет!
22. Даниял: Санамақты жаттатып , Санауды бізге үйреткен. Жақсы болсақ қуанған, Қате болсақ кешірген. Самал Бағдат қызымен Рая Темен қызы тәрбиеші апайларымызға Балалардан мың алғыс!
1. Жүргізуші: Үйренгенбіз өнер біз , Шетімізден шеберміз Керемет қой әніміз Мың бұралған биіміз
Би: "Қоштасу вальсі"
2. Жүргізуш: Құлақтан кіріп бойды алар , Әсем әнмен тәтті күй
Ән: "Қоштасу әні"
1. Жүргізуші: Қош балалар , сәт сапар Бақытты бәрің болыңдар Жақсы оқып сабақты Кілең "бестік" алыңдар Ақ жол тілейміз!
Ата - аналардың лебіздері
Жолдыбай негізгі мектебі
«Еркетай»шағын орталығы
Ертеңгілік
Өткізген: Қыдырбекова Н.Қ.
Тексерген: Біркенова О.Е.
30.05.2016жыл