Балаба?шамен ?оштасу т?рбие са?аты
Қош бол, балабақша!Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Сол ұшып отырған балапандарымызды қол соғып қошеметпен ортаға шақырайық.Балалар музыка әуенімен залға кіреді.Жүргізуші:Өтті қызық көп күндер Бес жасқа да жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл ойларың Өсті міне бойларын Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларынБалалардың орындауында «Қошақаным» әнің қабыл алыңыздар.Балалар:ән орындайды..Жүргізуші:Ақ тілекті ағытып тастайықҚоштасатын кешімізді бастайықЖүздерінен көрем шаттық арайынБолсын солай әр бір күнің, әр айың.
Балалар тақпақтарын айтадыГүлім: Қуанамыз,сыйлаймыз,Қуаныштың мың гүлін.Бақшамызбен қимай біз,Қоштасатын күн бүгін.Азиза: Ботақандай бөбек деп,Еркелеткен ұл, қызын.Анамызды ерекшеҚуантамыз біз бүгін.Айза:Қолыма гүл аламынДайын дәптер қаламым.Таңқалдырып достарымдыМен мектепке барамын.Жанель:Бұл қуаныш себебінБізге қарап ұғыңдар.Ержетті деп бөбегімТуған отан қуансын..
Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдаршы бұл не ? Әуен ба? Гүлдер әуені ғой! Залға Гүлдер ханшайымы кіреді.
Гүлдер ханшайымы:Салеметсіндер ме, балалар! Мен балалр даусын естіп келдім. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген бөлме? Мен қай жерге келдім?
Жүргізуші: Бұл «Балапан» балабақшасы. Біздің бүлдіршіндер балабақшамен қоштасқалы жатыр, ал сіз кімсіз, қайдан келдіңіз?
Гүлдер ханшайымы: Мен гүлдер патшалығынан келген Гүлдер ханшайымымын. Балалар, біздің патшалығымызда гүлдер әлі оянған жоқ. Балалар, айтыңдаршы қазір қай мезгіл? /Балалар жауаптарын қайтарады/ . Онда бізгдің гүлдерімізге көмек керек, оларды тезірек ояту керек, сендер көмектесесіндер ме?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар көмектеседі! Қыздардың биші аяғыТой дегенде тұра алмасТойларың да билеп берсеҚандай қонақ қуанбас.Деп біздің биші қыздарымыздың орындауында биін тамашалайық.
Гүлдер хан-мы: Әй , балалар , жарайсіңдер! Көп рахмет мен бір әуен естіп тұрмын, мен қайтайын гүлдерім оянған секілді , қош сау болыңдар балабақшамен қоштасып жақсы оқыңдар, алға басқан қадамдарың құтты болсын!/Гүл ханшайымы қайтады/. Асып - сасып залға музыка әуенімен Дымбілмес кіреді, қолында автомат, аузында ысқырғыш, бір балағы түрулі, кепкасы қисайған.Дымбілмес:Сендер де мұнда не болып жатыр?Жүргізуші:Бізде балабақша мен қоштасу кеші өтіп жатыр.Біздің балалар мектепке алды даярлық тобына барады.Дымбілмес: Апай, апай мен де мектепке барамын, балалар мені де өздеріңмен ала кетіңдерші мектепке.Жүргізуші: Амансың ба Дымбілмес! Кішкене сабыр ет! Ештеңеден қалған жоқсың. Әуелі мына жұртпен амандас.Дымбілмес: Сәлеметсіздер ме!Жүргізуші: Дымбілмес, сен білесің ба мектепке қандай құрал - жабдықтар керек?Дымбілмес: Білмеймін.
Жүргізуші:Балалар,ал сендер білесіңдер ме?Балалар: Ия,.білеміз.
Ойын өткізіледі: балалардың алдына ойыншық , оқу құралдар т.б. заттар қояды, сол заттардың арасынан тек оқу құралдарын табады.Жүргізуші : Кәне,айтыңдаршы. Қандай құрал–жабдықтар?Балалар атайды дәптер, қалам, қарындаш, бояу, ермексаз, сызғыш, кітап, өшіргіш, күнделік т.б.Дымбілмес: Дұрыс балалар тағыда басқа көп құрал - жабдықтар керек ия?Жүргізуші:Көрдің бе Дымбілмес мектепке баратын бала көп нәрсе білуі керек. Алдымен жақсы әдептерді білуі керек. Сонан соң денесін шынықтырып, сурет салып, ән жаттап, ертегі әңгімелер, өлең- тақпақтар айта білу керек. Есепті білу керек,өнерлі болу керек.
Жүргізуші: Ал, енді Дымбілмес балалардың орындауында ертегіні көр, өнерлерін тамашала. /Бауырсақ ертегінің көрінісі/Дымбілмес: Ой, апай сол да сөз болып па? Менде өнер деген жетеді. Міне мен былай ысқыра білемін. Сосын мына автоматпен көздеп тұрып торғайларды жалп еткізіп атып түсіремін. Керек болса тақпақты да айтып беремін.Мен айтамын тақпақтыӨзімді,өзім мақтапКеше киген шалбарымБүгін,міне сатпақТал теректі кесемінБалшық,суды кешемінКеше әперген красовканыБірақ күнде тесемін.Жүргізуші:(басыншайқайды)балалар сол дұрыс па? Дымбілмес: Сосын..... сосын мен 20 - ға дейін санай аламын 1, 2, 3..... 20......Жүргізуші: Жарайды Дымбілмес, сенің сырын белгілі болды. Сенің мына түріңмен мектепке қабылдамайды. Сондықтан сен біздің балалардан үйрен, көріп ал қандай дайындықты балалар балабақшада алғанын.Айналайын,балаларАлда мектеп ана барӨздеріңнен өседіӨнерпаздар, даналар.Балалар тақпақтары найтады.
Үміт:Балабақша есігін,Сәби болып ашқанбыз.Балапандай мәпелеп,Өсіреді бақшамыз.Әмина:Балабақша қош енді, Әркез аман бол деймін Әкем менен анам ды Енді ертіп келмеймін
Мөлдір; Ойыншықтарды жинаймыз Бөбектерге сыйлаймыз, Өнер, білім үйреткен Өзіңізді қимаймыз.
Альмира:Мектепке ертең барамыз Оқимыз, сауық құраймыз. Қашық емес арамыз, бақшаға келіп тұрамыз.
Інжу: Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз. Қоштасып балабақшамен Біз мектепке барамыз.
Нұржан:Қошболойыншықтарым,Жасырыпкейдетыққаным.Кеткендейкешеқоштасып,Келгендеалданшыққаным.Балалар тақпақтарын айтып орындарына отырады.
Жүргізуші. Құрметті балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті, олар құттықтап қуанышымызға ортақ болып отыр. Қазір сендерді біздің оқу- іс меңгерушісі құттықтайды.Жүргізуші: Ата –аналарға сөз беріледі. Балалар «Жас дәуірдің түлегі» өлеңін орындайды.Жүргізуші: Көріп тұрмын мектепке дайын екенсіңдер. Ал әзірше бала бақшамен қоштасыңдар, балабақшаның қызметкерлері сендер аман - сау, мықты, ақылды, білімді болуларына талай еңбек сіңірді. Міне балалар, сендердің көптен күткен қимастығы мол, қуанышы бірдей мерекелерін аяқталды. Біздің сенімімізді ақтайды, мектепте үлгілі де тәртіпті бала болатындарына сенеміз. Сендерге ақ жол, сәт сапар тілейміз.