Бастауыш сыныптарда а?паратты?-коммуникативтік технологияны пайдалану жолдары.


Бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникативтік
технологияны пайдалану жолдары.Бермаганбетова Нуртас Маликовна
БҚО Теректі ауданы Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі
Түйін
Ақпараттық–коммуникативтік технологияның білім беру жағдайында мұғалімнің өз өмірлік және педпгогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, оқушыларды бірлескен әрекетке тартудың алуан түрлі әдістерін, өз бойындағы бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ұйымдастыру мүмкін болады дей аламыз. Өйткені, ұстаздар ізденіс үстінде
«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»
Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.
  Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
  Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
   Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
  «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
  Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз– білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:
  Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. 
 Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды   сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
    «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.      Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың маңызы зор.Инновациялықбілім беру құралдарына:аудио-видеоқұралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедaялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.Бұны бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.     Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. 
         Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.        Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдатыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.     Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс — тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Ұлы педагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр.«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
     Қазіргі заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек.  Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.Әрбір мұғалім компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-алуан байланыстарды, бәлкім, «сәтсіздіктің» және т.б.себептерін ашуға ұмтылады.
   Ана тілі,қазақ тілі, дүниетану пәндері үшін тест жұмыстарын  орындау барысында  оқушылар уақытын үнемдеуге өте тиімді.
   АКТ бастауыш сыныптарда қайталау сабағында, өзін-өзі тексеру барысында, тест жұмыстарын жүргізуде үйден оқулықта берілген тапсырмаларды өздері жазып-сызып дайындап, ақ қағаз бетіне шығарып келеді де, тек жауаптарына ойлануына мүмкіндік туғызады.
  Мысалы, сурет, еңбек сабағында геометриялық фигуралардан үй,құстың ұясы т.б.тапсырмаларды орындау керек болса, бала оны сызып жатпай, дайын түрде фигураларды ақ қағаз бетіне түсіріп алуына мүмкіндік туғызады.Компьютер арқылы ақ қағазға дайындап шығарып келеді де, бояу,қию жұмыстарын аяқтап тиісті бағасын алады.АКТ бастауыш сыныптарда үнемі пайдалана бермейді, бала үшін зиянды жақтарында мұғалімнің ескергені жөн. Заман талабына сай ашық сабақтар беру барысында  көрнекіліктерді интерактивті тақтамен көрсетуге тиімді.Мұғаліммен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп, баланың ойлануына, көзбен көріп,қолмен ұстап нәтижеге жетеді.Баланың сауатты жазуына көмегін береді. Жіберген қатесін көзбен көріп,қолмен жазып түзете білуге үйретеді.Мен өз сыныбымда АКТ тиімді пайдалана отырып, көптеген нәтижеге, жетістіктерге қол жеткіздім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл.
Қазақстан мектебі. №2, 2002 жыл.
Әлмұханова Г. «Шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау», 2003 жыл.
Бастауыш мектеп, №1, №21, 2004 жыл.
Қошанова М. «Оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту», Бастауыш мектеп, №1, 2004 жыл.
ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2010 жыл.
Қазақстан мектебі. №5, 6, 2002 жыл.
Өтініш
Аты-жөні Бермаганбетова Нуртас Маликовна
Жұмыс орны Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі
Қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы Бастауыш сынып мұғалімі
Мақаланың тақырыбы Бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану жолдары.
Секция атауы Ауыл мектебі жағдайында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану.
Байланыс телефоны 87114391537, 87753007358