8-сыныптар?а арнал?ан тест тапсырмасы


2-нұсқа
1. Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
А) Еңбек еткен ер атанар. В) Ертең құрылыс жұмысы басталады. С) Біз бірлікті ойлаймыз.
Д) Үй іші жым-жырт болды. Е) Қазақ халқы егемендік алды.
2. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.
А) Қызық. В) Сатып. С) Досым. Д) Алды. Е) Кітап.
3. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
А) Баяндауыш В) Пысықтауыш С) Анықтауыш Д) Толықтауыш Е) Бастауыш
4. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз.
А) Күрделі В) Жақсыз С) Атаулы Д) Жалаң Е) Жайылма
5.Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз
А) Пысықтауыш. В) Толықтауыш. С) Баяндауыш. Д) Анықтауыш. Е) Бастауыш.
6. Пысықтауыштың сұрағың табыңыз.
А) Не істеді? В) Қай? С) Қандай? Д) Кімдер? Е) Қайда?
7. Анықтауышы жоқ сөйлемді табыңыз.
А) Ұлы адамдардың еңбегін бағалай білу керек. В) Германия суды Швециядан сатып алады.
С) Жер шарының көп бөлігін ащы су алып жатыр. Д) Үлкен қалаларда адамдар жиі ауырады.
8. Жай сөйлемнің түрін ажыратыңыз. Қыс келді.
А) Атаулы. В) Жалаң. С) Жақсыз. Д) Жайылма. Е) Толымды.
9. Жалаң сөйлемді табыңыз.
А) Таң атты. В) Мен мектепке жиналдым. С) Оқу басталатын уақыт та тез жетті.
Д) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді. Е) Бүгінгі мереке маған ұнады.
10. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бақылау жұмысы болды. В) Мен келдім кеше. С) Өлең білемін туралы Астана.
Д) Әжеме барамыз кешке. Е) Теңге жасалған ерекше.
11. Атау мен ілік септіктен басқа септік сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
А) Баяндауыш В) Пысықтауыш С) Толықтауыш Д) Анықтауыш Е) Бастауыш
12. Анықтауышты табыңыз.
Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.
А) Таза В) Жер бетінде С) Су Д) Ресурстары Е) Көп емес
13. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.
А) Толықтауыш, бастауыш. В) Анықтауыш, толықтауыш. С) Баяндауыш, анықтауыш.
Д) Бастауыш, баяндауыш. Е) Пысықтауыш, баяндауыш.
14. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.
А) Барыс септік. В) Шығыс септік. С) Ілік септік. Д) Табыс септік. Е) Көмектес септік.
15. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Жыламашы, күнім. В) Жұмаш, бері келші, қалқам. С) Меніңше, бұл-өте мықты адам.
Д) Шырағым, сен абыржыма. Е) Балалар, аманбысың, шырақтарым.
16. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз.
А) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады. В)Тек бас әріппен жазылады. С)Сөйлем мүшесі бола алады. Д) Сөйлем мүшесі бола алмайды. Е) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.
17. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Автобусқа бір бала кірді. В) Айнаның үйі ауылда. С) Мен бүгін сағат жетіде тұрдым.
Д) Құдияр үйге кірді. Е) Алма, сен бізге келесің бе?
18. Қаратпа сөздің тыныс белгісін табыңыз.
А) Нүкте. В) Қос нүкте. С) Сұрақ белгісі. Д) Үтір. Е) Сызықша.
19. Таң қалу, қуану сияқты сезімдерді көрсететін сөйлем түрін табыңыз.
А) Жақсыз. В) Лепті сөйлем. С) Толымды. Д) Жақты. Е) Атаулы.
20. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Жалаң. В) Хабарлы. С) Атаулы. Д) Жақты. Е) Толымды.
21.Жайылма сөйлемнің құрамын анықтаңыз.
А) Тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер. В) Толықтауыш, пысықтауыш. С) Бастауыш, анықтауыш. Д) Анықтауыш, баяндауыш. Е) Тұрлаулы мүшелер.
22.Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А) Тәйт. В) Құрау-құрау. С) Айт. Д) Шай-шай. Е) Алақай.
23. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Қап, автобус кетіп қалды-ау. В) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын! С) Аспанды бұлт басқан. Д) Далада жаңбыр жауып тұр. Е) Гүрс-гүрс еткен мылтықтың дауысы естілді.
24. Таңдану одағайын көрсетіңіз.
А) Апырай. В) Әттеген-ай. С) Уһ. Д) Қап. Е) Кәні.
25. Берілген сөйлемге тиісті одағайды көрсетіңіз.
... ! Достар түгел жиналыпты.
А) Қап. В) Бәрекелді. С) Жә. Д) Әттеген-ай. Е) Әй.